136
VIII ТАРАУ
ӘДЕБИЕТТІҢ ТЕКТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ
Көркем әдебиетті
эпос, лирика, драма
деп үш топқа жіктеуге болады.
Бұлай жіктеуді
әдебиетті тегіне қарап бөлу
деп атайды. Ғылыми
зерттеулерде әдебиет тектерін (литературные роды)
жанр
36
деп те атайды.
Эпос
(грекше
–
epos
–
сөз, әңгіме).
Эпос
– көркем әдебиеттің негізгі
жанрының бірі. Әдебиеттің басқа жанрларына (тектеріне) қарағанда
эпос жанрына жататын көркем шығармаларда оқиға, адамдардың
араларындағы қарым-қатынастар біртіндеп дамиды. Қандай өмір
құбылысын суреттесе де, әр жағдайдағы адамдардың арасындағы
тартысты баяндаса да, не олардың мінез-құлық, іс-әрекеттерін сипаттаса
да, жазушы өзінің оларға қалай қарайтынын аңғартпайды. Тек көруші,
бақылаушы, біреулерден естіп, сол естігенін, объективтік қалыпта
суреттеп айтып беруші дәрежесінен аспайды. Міне, осы әдіс негізінде
берік сақталып жазылған көркем шығармалар, мейлі өлеңмен, мейлі қара
сөзбен жазылсын, эпостық жанрға жатады.
Достарыңызбен бөлісу: