138
«Батырлар жырының» бұрынғы ауызбен айтылған түрлері мысал бола
алады. Бұл жырлардың қай-қайсысын алсаңыз да, сол кездегі өз жерін, өз
Отанын бас қа елге бермеу деген мәселені қояды. Соның үшін күрескен
ерлерді дәріптейді. Бұл сықылды батырлық жырлар, ескі уақытта грек
елінде де, фин,
орыс елдері тағы басқа елдерде де болған. Олар ауызша
айтылып жүрген.
«Алпамысты» алсақ, ол Алпамыстың екі түрлі
оқиғадағы ерлігін
жыр еткен екі бөлек жырдан тұрады (Гүлбаршынға үйленуі, Тайшық
ханның еліне баруы). Бұлар әуелгіде екі бөлек айтылып,
кейін екі
оқиға біріктірілген. Осы сияқты әрбір батырлардың әр кездегі ерліктері
жөнінде шығарылған жырлар, бір батырдың не бір оқиғаның маңына
жинастырылып,
біріктіріліп жазылғаннан кейін, эпостық поэ ма
атағын алады. Сөйтіп халықтың ауызша творчествосының негізінде
туған бір тапты не бүтін халықты қызықтырарлық
мәні зор оқиғаны
жыр еткен, өлеңмен жазылған ірі шығармалар
эпостық поэма
деп
аталады. «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер Тарғын» эпостық поэмаға
жатады. Бұл поэмалардың қайсысын алсақ та, сол кездегі көшпелі мал
шаруашылығымен тіршілік еткен елдерге қоныс мәселесінің үлкен мәні
болғандықтан туғаны байқалады.
Айта кететін нәрсе бұл поэмалардан
сол кездегі феодалдық қоғам
құрылысындағы тап қайшылықтарының элементтері де көрініп қалады.
«Ер Сайын» жырының ішіндегі 90 құлдың Бозмұнайды сабауы, Ер
Сайынның оларға қатты шара қолдануы, сол кездегі езуші мен езілушілер
арасында болған көп қайшылықтардың бір көрінісі тәрізді.
Поэманың және бір түрі –
Достарыңызбен бөлісу: