Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет95/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Роман 
(французша
 
conte roman
 – 
романдық әңгіме). 
Роман
– эпостық 
жанрдың ең жоғарғы түрі. Г.Белинский: «Роман – біздің заманның 
эпопеясы»,– дейді. Роман эпостық жанрдың басқамен салыстырғанда 
өмірді, оның әр алуан құбылысын, адамдардың арасындағы қарым-
қатыстарды кең қамтып, терең суреттейді. Ұлы жазушылардың бір халық 
не оның өмірінің бір кезеңін суреттеген романдарын алсақ, сол халықтың 
бүкіл өмірі айнаға түскен сәуледей, түгел көз алдьңда тұрады. Мысалы, 
Бальзак, Л.Толстой, Шолоховтардың романдары, М.Әуезовтің «Абай» 
рома ны бұған толық дәлел.
Шын мәніндегі роман – көркем сөздің биік шыңы. Ол дәрежеге жету 
үшін өмірді кеңінен қамтудың үстіне романда бірнеше сюжеттік линия, 
екінші сөзбен айтқанда, негізгі сюжеттік линияға қосымша сюжеттер, 
негізгі оқиғаға қатысушылардың іс-амалы мен образдарын толықтыра 
түсумен бірге және қатар дами отыруы керек. Мысалы, «Абай» 
романындағы негізгі сюжеттік линия – Абай мен Құнанбай араларындағы 
тартыс – қараңғылық пен жарық, ескілік пен жаңалықтың тартысы. 
Бірақ ескілік, жаңалықтардың айналасында үлкені бар, кішісі бар, 
сандаған сюжеттік линия, адам тартыстары романның негізгі идеясына 
бағыныңқы өзінше өсіп, дамып жатады. Әйтсе де олардың құятын 
арнасы біреу-ақ, ол негізгі тартыс, оқиғаның негізгі желісі Құнанбай мен 


141
Абай араларындағы күреске, солардың образдарын толықтыруға келіп 
тіреледі. Құнанбай өліп, оның жолын қуушылармен Абай жолын іске 
асырушылар арасында да олардың рухтары тірі. Осы тәрізді қиыннан 
қиысқан оқиғалы шығармаларды ғана шын мәнінде 
роман
, оның биік 
сатысы
 эпопея
деп атайды.
Романдар тақырыбына, суреттейін деген өмір құбылыстарына, 
жазушылардың назарын не нәрсе аударуларына қарай бірнеше түрлерге 
бөлінеді (авантюралық, сүйіспендік, тұрмыс-салт, әлеуметтік, мемуарлық, 
психологиялық, тарихи роман, т.б.).
Автор романда не нәрсеге мықтап тоқталмақшы, соған бағынышты 
түрде роман 
авантюралық роман
(мысалы, Дюманың авантюралық кейбір 
тарихи романдары); 
психологиялық роман
(автордың назарын аударатын 
нәрсе – психология мәселесі) және 
әлеуметтік
тұрмыс жөніндегі роман 
(мысалы, Гончаровтың «Обломовы», Толстойдың «Анна Каренинасы») 
болып бірнеше түрлерге бөлінеді.
Романның тарихы әріден келеді, әртүрлі тамашаларға кездесушілікті 
әңгімелейтін, қара сөзбен баяндалған шығармалар Грецияда туып, 
александрлық дәуірде (Грецияны А.Македонский жаулап алғаннан кейін 
және оның империясының кұлаған кезі) кең өріс алған. Александрлық 
дәуірдегі романдарға тән болған нәрсе – сүйіспендік және тамаша 
оқиғаларға кездесушілік. Бұл романдардың сюжеттері бірін-бірі 
сүйген, бірақ сыртқы кейбір жағдайлармен айырылысып кетіп, көп 
қиыншылық, қайғы-қасіреттермен барып қосылатын жұбайлар туралы 
боп келеді. Сюжеттері қиыннан қиысады. Бұл романдарда географиялық 
жағдайдарды суреттеуге көп орын беріледі. Сол кездегі сауда-саттық 
қатынастардың кең түрде етек жаюы, географиялық тақырыпқа көп 
тоқтауды керек еткен.
Орта ғасырдағы романның түрі –
 рыцарлық
(серілік) 
романдар
болды. 
Бұл романдар өздерінің бүгінгі роман аттарына толық ие болады. Романдар 
әдет бойынша, латын тілінде жазылады. Осы кезде роман тілімен жанды 
қара сөз арқылы оқиғаны баяндау түрінде жазылған шығармалар 
роман
деп аталады. Рыцарлық романдардың бүгінгі романдарға ұқсастығы өте 
аз, ертегі, әңгімелерге жақынырақ.
Рыцарлық романдарда рыцарлардың әртүрлі кереметтерге кездесетін 
жортуылдары суреттеледі. Бас кейіпкер тәңірге және патшаға шын 
берілген, асқан батыр, күшті, ер көңілді, қиял мен жасалған рыцарь 
болады. Рыцарлық романдарда асыра дәріптеліп суреттелген феодал 
табының идеялары айқын көрінеді. Мұны испан жазушысы Мигель 
де Сервантес (1547-1616) өзінің «Дон-Кихот» атты әйгілі романында 
мықтап сықақ етті. «Дон-Кихотта» рыцарлық романдардың геройларын 
пародия (сықақтап күлкіге айналдырылған) түрінде суреттейді.
Дон-Кихоттың өз басында тәуір қасиеттері бар адам етіп суретттеді, 


142
бірақ ол рыцарлық романдарды көп оқығандықтан және әртүрлі 
тамашаларға кездесетін жортуыл іздеймін деп, бірінен-бірі өткен 
сорақылықтарға ұшырайды. Бұл кез феодалдық құрылыстың дағдарысқа 
ұшыраған кезі еді. Сервантес романы сол дағдарыстың бір елесі және 
ескі феодалдардың аңсаған идеалдарына сын көзімен қарап, соны сынап, 
міней отырып жазылған шығарма еді. 
XVII ғасырда кең өріс алған сүйіспендік және семья тақырыптарына 
жазылған сентименталдық романдар болды. Бұл романдардың 
қаһармандары қоғамдағы орта топтан алынып, олардың ішкі сезімдері 
толық суреттеледі. Жалпы алғанда 
сентименталдық роман
сезімге 
күшті әсер ететін және көбінесе алдына қоятын мақсаты адамгершілікке 
үндеу болып келеді. Сентименталдық романдар буржуазиялық сананың 
өсе бастауын көрсеткен еді: жазушылардың төтенше назарын аударған 
ақсүйектер емес, «орташа» адам болды. Бұл адамдар мейлінше 
қайырымды және күшті сезімді, мейлінше әсерленгіш етіліп суреттелді. 
Сентименталдық романның көп жайылған жері сол кезде алдағы 
капиталистік ел болған Англия. Сентиментализм дворян жазушыларына 
да ықпалын тигізді, бірақ мұндағы патриархалдық өмірді қайырымды 
және сезімге күшті әсер еткендей етіп суреттеушілік, феодалдық 
қоғамның бұрынғы қалпын қорғау, қаланың «бұзатын» ықпалына қарсы 
күрес құралы ретінде жұмсалады. Дворяндық сентиментализмнің орыс 
әдебиетіндегі көрнекті бір тұлғасы Карамзиннің «Бишара Лиза» деген 
повесі болды.
Совет әдебиетінің романдары тақырыбы жағынан да, идеялық мазмұны 
жағынан адам баласының санасындағы капитализмнің қалдығын жою. 
Сөйтіп тапсыз, бақытты социализм қоғамын құруға атсалысу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет