Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет24/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

монологтар
арқылы суреттеледі.
Бедеу аттың бестісі-ай,
Адамның азбас естісі-ай,
Қайда кетіп барасың,
Қарағымның аманат қойған ешкісі-ай!
Шөрей, жаным, шөрей!
Бұл үзіндіде жалғыз ұлы жау еліне барып, хабарсыз кеткен, дұшпаны 
жаулап алып, өз малына өзін малшы қылып қойған сексендегі қарияның 
ауыр халін сеземіз. Адам психологиясындағы өзгеріс, құбылыстарды 
суреттеуде қазақ әдебиетінің классигі Абайдың да сүйіп қолданғаны осы 
тікелей суреттеу әдісі болды.
Қызарып, сұрланып,
Лүпілдеп жүрегі, 
Өзгеден ұрланып,
Өзді-өзі керегі.
Аяңдап ақырын,
Жүрекпен алысып,
Сыбдырын, тықырын
Көңілмен танысып... 
Дем алыс ысынып, 
Саусағы суынып,
Белгісіз қысылып. 
Пішіні құбылып. 
Иығы тиісіп,
Тұмандап көздері, 
Үндеспей сүйісіп, 
Мас болып өздері 
Екі ғашық құмарлы
Бір жолдан қайта алмай,
Жолықса ол зарлы,
Сөз жөндеп айта алмай.
Жанында жапырақ,
Үстінде жұлдыз да 
Елжіреп, қалтырап,
Жігіт пен ол қыз да
Өзге ойдан тыйылып,
Бірімен-бірі әуре
Жүрекке құйылып,
Жан рахат бір сәуле
Жүрегі елжіреп,
Буындар босанып,
Рахатпен әлсіреп,
Көзіне жас алып... 
Абайдың бұл өлеңінде аңсап қосылған шын ғашық екі жастың жан 
құмарлықтарын, жан рахат тәтті сүйістерін, бір қызарып, бір бозарған 
бет, лүпілдеп соққан жүрек, ысынған дем, суынған саусақ, қысылған 
пішін, тұманданған көз, елжіреген жүрек, босаған буын, әлсіреген бой, 


47
көзге іріккен жас, қысқасы адамның сыртқы құбылыстарын суреттеу 
арқылы іштегі әртүрлі сезіну түйсіктерін дәл береді. Міне, осыны 
күйініш-сүйінішті тікелей суреттеу дейді.
Осы үзіндідегі Абайдың әр сөзін алып, ойланып көрсек, терең сезіну, 
үлкен толқудан туғандығын көреміз. Сөйлемдер арасына дәнекер 
болып, Абайдың басындағы күйініш-сүйініштерді дұрыс түсінуге сілтеу 
берерлік автордың баяндауларын есепке алмағанда, кейіпкердің ішкі 
монологының өзінен-ақ оның жан дүниесіндегі толқуын анық сезінуге 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет