55
халық поэзиясының тіліне еліктеуі де мүмкін. Оқиғаны баяндағанда
кәдімгі ауызша айтылып жүрген сөздердің түріңдей етіп айтып беруді
әңгіме
деп атайды. Әңгіме көбіне бір әңгімешінің айтуымен беріледі.
Бұл әңгімелердің әртүрлі өзгешеліктермен яғни тарихи өзгешелік,
профессионалдық өзгешелік, т.б. өзгешеліктермен сырлануы мүмкін.
Достоевскийдің «Бишаралары» тәрізді күнделік, хат,
документ
түрлерімен де баяндалуы мүмкін. Автордың баяндап беру үшін
қолданған түрінің қандайын алсақ та, ол түр оқиғаны дамыту
әдісімен, шығарманың бүтін композициясымен байланысты болады.
Көркем шығармаларда суреттеу мен баяндаудан басқа, автордың
өз талқылауы үшін лирикалық шегіністер болуы мүмкін: Бұлардың
қай-қайсысы болсын, шығарманың жалпы замысылымен байланысты
болады. Қорытындымызда шығарманы тақырып жағынан және ком-
позиция жағынан қалай тексерудің үлгісін көрсетіп кетелік.
1. Шығармада қандай құбылыс, қай көлемде алынып суреттелген.
Тереңірек алғанда шығарманың тақырыбы не, оның ішінен автордың
ең бірінші орынға қоятыны не нәрсе?
2. Тақырып қай ретте (юмор, сатира, т. б.) көрсетілген?
3. Образдар қандай топтарға бөлінеді, бұл топқа бөлудің идеялық
мазмұны не?
4. Жеке образдар қалай суреттелген?
5. Ол образды суреттеу үшін қандай әдіс қолданған: портрет пе,
мінездеу ме, күйініш-сүйінішін суреттеу ме, қатысушының сөзі
арқылы ма, т.б. жолдар арқылы ма?
6.
Оқиғаны
баяндаудағы,
бір-бірімен
жалғастырудағы
өзгешеліктер не?
7. Шығармадағы оқиғаны қалай жалғастырады,
оқиғаны бұлай
дамытудың идеялық мазмұны не?
8. Негізгі оқиғаның өсуін толықтыру үшін кіргізілген эпи зод не
эпизодтық қаһармандар бар ма, болса, олардың керектігі қандай?
9. Автор жазып келе жатып, басқа, сол оқиғаға тікелей қатысы
жоқ нәрсені суреттей ме, оның ерекшелігі қандай?
10. Пейзаж, оның оқиғадағы амалдармен, қатысушылармен
байланысы және идеялық мазмұны?
11.
Әңгіме кім арқылы айтылған, оның қандай мәні бар?
12. Оқиғаны айтып берудің түрі және мәні қандай?
Бұл арада шығарманың тақырыбы мен композиция құрылысын
тексерудің негізгі, ең керекті жақтары ғана айтылады, бірақ
шығармадағы әртүрлі пункттердің қиюласу түрі әр басқа, өйткені
шығармада түр мен мазмұнның авторға ең керекті жақтары әртүрлі
болуы мүмкін. Олай болса, сол ең керекті жағы бірінші орын алады.
Ол – табиғи нәрсе.
56
Біз жоғарыда шығарманың әртүрлі жақтары, шығарманың мазмұнына,
автордың алдына қойған мақсатына
бағынып отыратынын бірнеше
мысалдармен көрсетіп өттік.
Көркемдеудің түрі әр басқа бола береді. Жазушы өзінің творчестволық
ойына сәйкес, адамды суреттеуде әртүрлі әдіс, әртүрлі жолдар қолданады.
Бір жазушы немесе бірнеше жазушы өзінің тілектеріне қарай, алдарына
қойған мақсаттарына дәл келетін көп түрлердің ішінен бір түрді ең алдағы
түр етіп, бірінші орынға қояды. Ал, екінші орын алатын түр және әдіс,
онда өзінше бір алуан боп саналады. Онда да бір таптық белгі болады.
Бұл мәселелердің бірқатары стильмен байланысты, енді біз стиль
мәселесіне көшеміз.
Достарыңызбен бөлісу: