Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет33/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Пролог 
(грек сөзі
– 
prologos
 
– алғы сөз).
 
Көркем шығармалардағы 
суреттелетін оқиғалар туралы әңгіме әлі басталмас бұрын жазушы, 
ақындар өлең не қара сөз түрінде сол жазылмақ шығарманың идеясын 
меңзейтін қысқаша таныстыру жазады. Ондағы мақсат – шығарманың 
идеялық бағытын оқушының дұрыс түсінуіне бағыт сілтеу.
Роман, әңгіме, поэмаларда кездесетін осы тәрізді бастама, 
таныстыруларды 
пролог
деп атайды. Мысалы, А.С.Пушкиннің «Мыс 
салт аттысы», «Кавказ тұтқыны», С.Мұқановтың «Сұлушаш», т.б. 
поэмалардың прологтарын атауға болады.
С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасы қазақтың ескі өмірін, ескі 
дәуірдегі әлеуметтік теңсіздікті, сүйгеніне қолы жетпеген жастардың 
бастарында болған қайғылы халдерді суреттеуге арналады.
Теңдікке еркін қолы жетіп, қандай арман-тілектерді аңсаса да, 
орындалуына еш бөгет жоқ жаңа дәуір, жаңа заманның жастарына ақын 
ескі заман, бұрынғы жастардың аянышты өмір, ауыр халдерін бейнелеу 
арқылы көрсетіп, қазіргі адамдардың бақыттылығын сезіндіреді.
Пролог ескі замандардан қалған сахналық шығармаларда жарлау
арнау түрінде яғни пьеса, музыкалық шығармаларға көпшіліктің көңілін 
аудару үшін айтылуға тиісті сөздердің есебінде қолданылған. Кейін 
көрермендердің мәдениеті өсуімен, көпшіліктің сахналық шығармаларға 
ынталарының арта түсуіне байланысты оның керегі аз болған. Қазіргі 
сахналық шығармаларда өте сирек, көбіне роман, әңгіме, поэмаларда 
ғана кездеседі.
Прологтың кейбір жерлері экспозицияға жақындап қалады, бірақ бұл 
екеуінің арасында елеулі айырмашылық бар. Экспо зиция сол әңгіменің 
тууына себеп болған жағдайларды суреттейді. Сондықтан шығармада 
суреттелетін оқиғаның дамуымен ол тікелей байланысты десек, 
прологтың оқиға дамуымен тікелей байланысы жоқ. Прологы бар поэма, 
романдардан прологты алып тастаса, олардың не мазмұнына, не оқиғаның 
дамуына нұқсан келмейді. 
Экспозиция
– шығарма құрылысының табиғи 
бөлшектерінің бірі. Демек, бұл екеуін шатастырмауымыз керек.


57
Пролог, негізінде, қысқа жазылады, бірақ кейде едәуір ұзақ та болуы 
мүмкін. Ол автордың айтайын деген ой-пікірлерімен байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет