Ү ТАРАУ
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ ТІЛІ
Тілдің қоғамдық мәні.
Тіл – адам баласының бір-бірімен қарым-
қатынас құралы. Қоғамның жеке мүшелері тіл арқылы бір-бірімен
байланысады. Қоғамдық ой-сананың дамуы, ілгерілеуі үшін де тілдің
атқаратын қызметі зор.
Қоғамдық идеологияның басқа түрлерімен салыстырғанда, тіл өте
жай, шабан өзгереді. Бұдан талай ғасыр бұрынғы мұралардың тілін
зерттесек, қазіргі тілімізден көп айырмашылық барлығын байқаумен
қатар, оларды түсіне аламыз. Әйтсе де за ман ағымы, қоғамдағы өзгерістер
тілде де өзінің ізін қалдыратындығы сөзсіз.
XVIII–XIX ғасырда өмір сүрген қазақ ақындарының өлеңдерін алып,
қазіргі ақындардың шығармаларымен тілі жағынан салыстырсақ, бірқатар
сөздері бізге түсініксіз. Мысалы, Махамбеттің «
қу толағай бастанбай
»
деген жолындағы «
толағай
», «
адырнасын ала өгіздей мөңіретк
ен»
дегендегі «
адырна
»; Шәңгерейде кездесетін «
аламан
», «
арқар ұранды
»
деген сөздерді қазір көп адам түсіне бермейді («толағай» – бас, «аламан»
– көпшілік, «адырна» – садақтың жайын тіреп ататын сіңір тарамысы).
Дүниежүзінде сан алуан ұлт тілдері бар. Олардың өз тілдеріне
тән, басқалардың тіліне ұқсамайтын фонетикасы, грамматикасы,
синтаксистері болады. Әр ұлттың өз тілдерінде газет, журналдар
шығады, көркем әдебиеттер жасалады. Мемлекет мекемелерінің барлық
істері де сол өздерінің ұлт тілдерінде жүреді. Осылардың даму, ілгерілеу
нәтижесінде әр ұлттың әдебиет тілі туады.
Бұл айтылғандарды жинақтай келгенде: тілдің қоғам өмірінде мәні
зор, ол қоғамның дамуымен байланысты дамып, өзгеріп отырады, сол
даму, өзгеру, өсу негізінде ұлттық әдеби тіл жаса лады, әрбір ұлт тілінің өз
ішінде де белгілі ерекшеліктер болуы мүмкін, қысқасы, әр тілдің жасалу,
даму жолдары жалаң, оп-оңай нәрсе емес, өте қиыннан қиысатын және
белгілі бір заңдылыққа бағынатын құбылыс деген қорытынды шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |