Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет31/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Баяндау
Жазушы, ақындар оқиғаны бірөңкей суреттей бермейді. 
Портрет те, мінездеу де, күйініш-сүніш те, пейзаж да, сайып келгенде, 
суреттеуге жатады. Сондықтан жазушылар кейде қатысушылардың 
монолог, диалогтарын араластырады. Бұлардың бәрі де керекті, бірақ 
көркем шығармаларды оқығанда көп орын алатын баяндау екендігін яғни 
оқиғаны автордың өз сөзімен айтып берушілік екендігін көреміз. Мұнда 
суреттеп жатпайды, оқиға қалай болды, қатысушылар не жасады, тек соны 
ғана өз атынан баяндайды. Кейде ол қатысушылардың тартыстарының 
нақтылы себебін ашуы, кейде екі суреттеудің арасына дәнекер болуы, 
қиюластыруы, кейде көрсетейін деген өмір құбылысына бағыт сілтеуі 
тағы басқа да оның сан алуан себептері болуы мүмкін. Қайткен күнде де, 
баяндау көркем шығармалардан кең орын алады.
Көркем шығарманың құрылысын талдағанда мақсат тек байланысын, 
дәлелдеуін, шарықтау шегі, шешуін немесе образдың жасалу жолдарын, 
пейзаж, баяндауларын танып, білу ғана емес, әрине, олар да керек. Бірақ 
негізгі мәселе солардың өзара қалай қиюласып, бір бүтін нәрсе болып, 
жігін байқатпауларының заңдылығын, жазушының шеберлігін ашу және 
бәрі жиналып шығарманың идеялық мазмұнын оқушыларға жеткізу үшін 
қолданатындығын түсіну болу керек. 
Көркем шығармадағы сюжет, портрет, қатысушы адамның сөздері, 
пейзаж, затты суреттеу, т.б. бәрі бір-бірімен байланысты. Осылардың 
барлығы келіп бір бүтін нәрсе туғызады. Бұлардың барлығы да, автордың 
өмірді қалай түсініп, қалай тануына қарай, оның бір құбылысын суреттеу 
үшін пайдаланады. Автор көркем шығарманың барлық бөлімдерін 


54
алғанда, оларды қиюластырғанда, өзінің көздеген бағытына қарай 
бағыт сілтеп, оқушыға әсер ететін бір-бірімен байланысты, мақсатты 
сурет жасауға тырысады. Сол мақсатпен шығарманың түрлі бөлімдерін 
таңдап алып, оларды қиюластыруын, байланыстыруын шығарманың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет