53
Пейзаж кейде жаратылыстың көрінісін суреттейді, кейде геройдың
басында болған күйініш-сүйінішімен байланысып келеді, кейде оқиға
қандай жағдайда болғанын көрсету үшін қолданылады. Кейде оқиғаның
дамуына тікелей қатынаста болады. Пейзажды қолданудың мұнан
басқа да түрлері көп, бірақ бұл айтылғандар мәселенің тек сыртқы
жағы ғана. Шынына келгенде, пейзажды автор бір керегіне жаратады.
Қандай пейзаж болсын, бір нәрсеге негізделіп алынады. Пейзаж
автордың негізгі мақсатына байланысты болады. Кейде пейзаж оқиғаға
қатысушы қаһармандардың басында болған жағдайын көрсету үшін де
қолданылады.
«
Мұнар да, мұнар, мұнар күн, Бұлттан шыққан шұбар күн
» деген
үзіндіде Махамбет күнді жайшылықтағы күндерден басқаша суреттейді.
Ханға, патшаға, би, төре, сұлтандарға қарсы күрескен еңбекші шаруалар
жеңіліп, Исатай өліп, патша мен хан әскері елді аяусыз таптаған ауыр
күндерді көрсету үшін Махамбет табиғаттың өзін де ел басына туған
ауыр халге бейімдей суреттейді.
Пейзаж кейде сюжеттің өсу жолдарына тікелей қатысты болып келеді
және уақиғаның даму жолында белгілі орын алуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: