Кафедрасы



Pdf көрінісі
бет71/108
Дата15.02.2023
өлшемі1,66 Mb.
#168875
түріБағдарламасы
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   108
Қорықтар
– толық қорғаудың жетілдірілген түрі, себебі, оған табиғи комплекс кіреді 
де, табиғат ресурстарын шаруашылықта пайдалануға рұқсат берілмейді. 
Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше 
объектілерін қорғауға алынған жүйені ұйымдастыру түрі – 
қорғалымдар 
болып табылады.
Қазақстан қорықтары. 
Қазір Қазақстан территориясында төмендегі 10 қорық жұмыс 
істейді. 
1. Ақсу-Жабағылы.
1926 жылы құрылған, ертеден келе жатқан қорық. Талас 
Алатауының солтүстік-батыс бөлігін алып жатыр (оңтүстік Қазақстан облысы). Территория 
құрамында тұрғын жерлер жоқ. Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен Оңтүстік 
Қазақстан облысының Тұрар Рысқұлов ауданы аумағында орналасқан. Қорық Ақсу және 
Жабағылы атты екі өзеннің арасына орналасқан. Мұнда бір мыңнан астам өсімдіктер, 
құстардың – 130-дан астам түрлері, сүтқоректілерден арқарлар, маралдар, суырлар және т.б. 
кіреді. Қазір Ақсу–Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне 
енген. 
2. Барса-келмес. 
Арал теңізінің солтүстік бөлігінде Барса-келмес аралында 
орналасқан. 1939 жылы құрылған ұйымдастырылған мемлекеттік қорық. Жерінің аумағы 
20000 гектар. Аралдың флорасына 130-дан астам өсімдіктердің түрлері кіреді. Жануарлар 
түрлері көп емес. Сүтқоректілердің алты түрі, амфибиялардың екі түрі және құстардың 110 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: алтыншы 
түрі тіршілік етеді. Олардың барлығы 1927 жылы сырттан әкелінген сайғақтар
қарақұйрықтар, құландар, құм сарышұнағынан басқалары аборигенді түрлер болып 
табылады. 
3. Наурызым қорығы
. Қостанай облысы Наурызым және  Әулиекөл  аудандарында 
орналасқан мемлекеттік қорық. 1931 жылы ұйымдастырылған (320 мың га), ал 1966 жылы 
ауданы ықшамдалып (87,7 мың га), қайта құрылды. Қорықта 151 құстардың, 25 
сүтқоректілердің, рептилиялардың 5 түрі, амфибиялардың 8 түрі кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет