Кафедрасы


Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы



Pdf көрінісі
бет73/108
Дата15.02.2023
өлшемі1,66 Mb.
#168875
түріБағдарламасы
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   108
9. Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы
. Кенді Алтайдың солтүстік-батыс 
бөлігінде Шығыс Қазақстан облысының Риддер, Зырян, Глубокое  аудандарының 
аумағында Поперечное ауылының оңтүстік-шығысында табиғатты пайдаланудан алынып 
қойылған жерлерде орналасқан. Батыс Алтай қорығының аудандастырылуы Оңтүстік-Cібір 
тау елдерінің Алтай провинциясына жатады. 
10. Үстірт қорығы
. Қазақстанның оңтүстік-батысындағы табиғи кешенді қалпында 
сақтау 
мақсатымен 1984 ж 
құрылған 
мемлекеттік шаруашылық. 
Маңғыстау 
облысыңдағы Ералы ауданы жерінің аумағы 223,3 мың га. Мұнда құстардың 111, 
бауырымен жорғалаушылардың 30, сүтқоректілердің 27 және өсімдіктердің 300 - ден астам 
түрі мекендейді. 
Мемлекеттік табиғат ескерткіштері.
Мемлекеттік табиғат ескерткіштеріне айрықша 
немесе белгілі бір жерге тән, ғылыми, мәдени-танымдық және денсаулық сақтау 
тұрғысынан бағалы табиғат объектілері кіреді. Оларға: ормандар, көлдер, жазықтар мен 
жағалаулардың бөліктері, тау, сарқырамалар, сирек геологиялық жыныстар, үңгірлер, әсем 
жартастар және т.б. жатады. Табиғат ескерткіштеріне, сонымен қатар, жасанды шығу тегі 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: алтыншы 
бар табиғат объектілері - ертеден келе жатқан аллеялар мен саябақтарды және т.б. 
жатқызуға болады. 
 
Мемлекеттік қорғалымдар.
Мемлекеттік қорғалымдар табиғаттың жекелеген немесе 
бірнеше компоненттерін сақтау, қалпына келтіру, көбейту және жалпы экологиялық 
балансты ұстап тұру мақсатында құрылады. 
Қорғалымдар
ландшафттық, биологиялық, 
гидрологиялық, геологиялық, палеонтологиялық болуы мүмкін.
Қызыл кітап.
Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін 
көрсететін құжат. Табиғат пен табиғи ресурстарды қорғаудың халықаралық одағы (МСОП)
көптеген жылдар бойы жойылып бара жатқан және құрып кету қаупі төнген түрлер туралы 
ақпарат жинады, содан кейін халықаралық «Қызыл кітап» құрастырылды. Ол жеке түрлерге 
арналған бөлек парақтардан тұрады. 
Қызыл кітапқа енген әр түр үшін оның өткен және қазіргі таралуы, тіршілік ету 
ортасы, саны, өмір салты, көбею қарқыны, хайуанаттар бағындағы жануарлардың саны 
және әр түрлі елдерде қолданылатын шаралар туралы толық мәліметтер келтірілген. 
1978 жылы КСРО-ның Қызыл кітабы басылып шықты. Қазақстанның Қызыл кітабы — 
Қазақстанда жойылу қаупі бар және сирек кездесетін өсімдіктер, жануарлар және 
саңырауқұлақтар түрлерінің тізімі кірген құжат. 1997 жылы Қызыл кітаптың омыртқалы 
жануарларға арналған үшінші басылымы жарық көрді. 
Жануарлардың Қызыл кітаптағы категориялары: 
I категория – жойылу қаупі бар немесе жойылуы мүмкін; 
II категория – апатты қысқарған; 
III категория – сирек аз кездесетін;
IV категория – анықталмаған (жеткіліксіз зерттелген); 
V категория – қалпына келген, үздіксіз бақылауды қажет ететін түрлер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет