Кафедрасы



Pdf көрінісі
бет74/108
Дата15.02.2023
өлшемі1,66 Mb.
#168875
түріБағдарламасы
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   108
Бақылау сұрақтары 
1.
Биологиялық қорлар түсінігі. Жануарлар әлемі 
2.
Жануарлар дүниесін қорғау. Қызыл Кітап. 
3.
Омыртқасыздар ресурсы. Бал және жібек шаруашылығы. 
4.
Балық ресурстары. Теңіз балық шаруашылығы. 
5.
Аңшылық ресурстар. Тұяқтылар. Ірі жыртқыштар. Құстар. Жануарларды аулау 
6.
Теңіз сүтқоректілері 
 
 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: алтыншы 
Дәріс №12 Өсімдік қорларын сақтау, молайту. 
 
Дәріс мақсаты
: магистранттарға өсімдік қорлары мен оларды қорғау шаралары туралы 
білім беру 
 
Дәріс жоспары: 
1. Өсімдік қорлары түсінігі 
2. Өсімдік қорларын пайдалану 
1.
Республикадағы осімдік қорлары аумағының ауқымды болуына байланысты 
әркелкі таралған. Бұл кор түрлерінің ерекшелігі олардың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы 
үшін шикізат көзінің қызметін атқаруы. Осыған байланысты адамның шаруашылық 
әрекетінің әсеріне көп ұшыраған. Өсімдік корларын бірнеше топтарға бөлуғе болады: орман 
қорлары, дәрілік өсімдіктер, мал азықтық өсімдіктер. Ормандар негізінен таулы аймақтарда 
шоғырланған. Қазақстандағы орманды алқаптың ауданы 21 млн гектар. Дәрілік 
өсімдіктердің республикада 250 түрі бар. Олар фармацевтік өндірісі үшін қымбат шикізат 
болып есептеледі. Республиканың оңтүстік аймақтарында дүние жүзінде теңдесі жоқ аса 
кұнды дермене (сантонинді жусан) өседі. 
Адамдардың денсаулығына зиян әкелетін, аллергия тудыратын химиялық жасанды 
дәрі-дәрмектердің орнына табиғи өсімдіктерден жасалатын дәрілерді пайдаланудың 
мүмкіндігі зор. 1997-2001 жылдарға ұсынылған мемлекеттік бағдарлама бойынша 
Қазақстан ғалымдары 20-дан астам фитопрепараттар мен әр түрлі фармакологиялық 
дәрілер шығармақ. Табиғи емдік қасиеттері мол өсімдіктерден біздің елімізде жасалатын 
дәрі-дәрмектер экологиялық жағынан таза, ал экономикалық тұрғыдан арзан. Соның 
қатарында қарағандылық ғалымдар жасаған қатерлі ісікке қарсы «арглобин» дәрісін атауға 
болады. Қазір бұл дәрі емханаларда кеңінен пайдаланылуда. Қалақай мен сораң 
майларынан жасалған қабынуға карсы «аллапинин» препаратының, сол сияқты шырганақ 
жемісінен алынған майдың емдік қасиеті оте жоғары. Жалбыз, жолжелкен, түйетікен, 
сарғалдақ, қымыздық, жабайы сарымсақ сияқты өсімдіктердің өр түрлі емдік қасиеттері 
бар. Тобылгы мен аріианың кәсіптік маңызы зор. Тобылғыдан халқымыз ежелден-ақ бояу 
алған және қымыз ашытатын ыдыстарды (саба, күбі) ыстауға пайдаланған. Табиғи дөрілік 
өсімдіктер қазір адам әрекеті салдарынан сиреп, азаюда. Сондыктан дөрілік өсімдіктердің 
азайған түрін қалпына келтіре отырып, тиімді пайдаланып, оны қорғауға алу керек. 
Шабындықтар мен жайылымдарда өсетін шөптесін өсімдіктер мал азығы ретінде 
пайдаланылады. Өсімдік қорлары халық шаруашылығының түрлі салалары үшін шикізат 
базасы болғандыктан табиғи өсімдік жамылғысын қорғаудың, әсіресе, кұрып бара жаткан 
өсімдік түрлерін сактаудың маңызы зор. 
Биомассаның басым бөлігін өсімдіктер құрайды (98%), тек өсімдіктер органикалық 
қосылыстардың фотосинтезін жүргізеді. Атмосфераның газ құрамын түзуде және сақтауда 
және, демек, геохимиялық ортаны құруда, соның ішінде барлық элементтердің мигрция 
жағдайында өсімдіктердің рөлі белгілі. 
Көмірқышқыл газын өсімдіктермен байланыстыру және оны атмосферадан шығару 
ғаламдық температураның өзін-өзі реттеу механизмін құрайды.
Өсімдіктер, өндірушілер ретінде, барлық трофикалық тізбектердің негізінде жатыр. 
Өсімдіктер адамдар үшін тамақ көзі болып табылады, ауылшаруашылық жануарларына 
арналған жем ретінде, емдік шикізат ретінде, киімнен бастап көптеген өнімдерге өндірістік 
шикізат ретінде қолданылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет