196
Түркі халықтарының ортақ жазу проблемасы
Мадьяр жерінде табылған жазба ескерткіштеріміз
XIX ғасыр басында түркіше сөйлей бастаған кезде
ғана танып, ұғындық. Бұл ойма жазу ескерткіштері
алғаш рет табылған күннен бастап-ақ еуропалық
ғалымдар өздеріне қарай икемдеп иемдене бастаған
еді. Олар көшпелі түркі халықтарында мұндай ұлы
рухани қазынаның болуы мүмкін емес деп қараған.
Бірақ ол құпия жазулы тастағы жазба ескерткіштер
түркіше сөйлеп кеткенде демдері іштеріне түсіп,
тілін тістеп қалған замандар да өтті.
Араб жазуын түркі халықтары мың жылдан астам
уақыт бойы қолданып келді. Мың жылдар бойы
түркі тілінде жазылған әдеби-тарихи ескерткіштер
мен рухани құндылықтарымыз осы араб жазуының
негізінде хатқа түсіп сақталғаны тарихтан мәлім.
Бүкіл Еуразияны тұтас жаулаған Шыңғысхан зама-
нында да араб жазуы сол қалпында сақталып
қалды. Өйткені Шыңғысхан Империясы жаулаған
халықтарының тіліне, діні мен діліне, ұлттық жазу
таңбаларына өзге басқыншы империялар сияқты
жауыға тиіскен жоқ еді. Шыңғысхан туралы теріс
көзқарастағы ғалымдар бұл ерекшелікті білмегенсіп
көлгірситіні бар. Бірақ шындықты қапшықтың ішіне
салып сақтауға келмейді, бүгін болмаса, ертең
жарып шығатыны да белгілі ғой.
Араб жазуын түркі халықтары 1930 жылға дейін
пайдаланып келді. Араб жазу таңбасын бастапқы
түпнұсқа қалпында, яғни 28 әріп таңбасы бойынша
қабылдаған түркі халықтары бірін-бірі аудармасыз-
ақ оқып түсіне беретін
Достарыңызбен бөлісу: