200
Түркі халықтарының ортақ жазу проблемасы
әркім өзіне лайық таңба іздеді. Сөйтіп бір әліппенің
езін әркім әр түрлі қолданды да, халықтар бір-бірінен
рухани жағынан алыстап кетті. Ақырында бір-біріміз
ді дұрыс оқи алмайтын жағдайға жеттік...»,
- деп
біздің басымыздан өткен рухани қасіреттің саяси
тамырын таратып ашып беріп отыр. Осыған ұқсас
пікірді ақиық ақын Әбділда Тәжібаев та ертерек-
те өзбек баспасөзі бетінде айтқан болатын-ды.
Кеңес билігі әуелі рухани тұтастығымызды ыдырат-
са, келе-келе бір-бірімізден
іргемізді де аулақ сал-
дырды. Біртұтас отанымызды бөлшектеп, әр түрлі
республикаларға бөліп, ыдыратып жіберді. Енді
бүгінде әрқайсымыз әр түрлі мемлекеттерге бөлініп,
шегарамызды жауып, барып-келудің өзі қиындыққа
түсіп отыр. Осы бөлінуге лайықты бүгінде әрқайсысы
латын әрпіне көшсе де,
баяғы таз кепешін басына
киіп, сол рухани қасіреттен, яғни алақолдылықтан
тағы да бірін-бірі оқи алмайтын жазу алалығына
ұрынып отыр. Егер түркі халықтары бәріне ыңғайлы
жасалған
ортақ жазу таңбасын, яғни қазір қолдануға
бет алған латынша жазу таңбасын
Достарыңызбен бөлісу: