Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?



Pdf көрінісі
бет208/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?
385
үрпақтың дүниетанымы мәңгілік рухани құлдықта 
қалу зардаптарына ұрындырады. Әрине, мұндай 
халыққа жат көріністерді ашық сынауға, залалды 
табиғатын танып білуге әміршілдік-әкімшілдік жүйе 
қатаң тыйым салды.
Ендігі басты мақсат республика картасынан 
құлдық таңбасындай белгі беріп жатқан отаршылдық 
рухтағы топонимдерді өшіруге тіреліп отыр. Бұл 
саладағы халқымыздың әділетті үні мен тілегі орын- 
далар күн де қашық емес деп білеміз.
1991 жыл


386
Қазақстан ономастикасының тарихи-әлеуметтік мәселелері
Қазақстан
ономастикасының
тарихи-әлеуметтік
мэселелері
¥лан-байтақ қазақ жері ¥лы Тұран өлкесінің жар- 
тысынан астам аумағына жайлап, бүгінде тәуелсіз 
республикаға айналып отыр. Тұран арабтар билігі 
тұсында Түрікстанға айналса, кеңестік билік тұсында 
Орта Азияға айналды. Тәуелсіздік дәуірінде енді ол 
Орталық Азия (Кіндік Азия) деп атала бастады.
Тұран өлкесінің жер көлемі ғылыми әдебиеттер- 
де 5,5 миллион шаршы километр деп көрсетілуде. 
Соның 3 миллион шаршы километрге жуығы Қазақ- 
стан Республикасына қарайды. Қалған жерлердің 
біразына Өзбекстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан, 
Түрікменстан, Әзірбайжан республикалары мен Сібір 
түріклері жайласа, ол жердің басым жағы Ресей мен 
Қытай мемлекетінің қол астында.
Ономастикалық атаулардың пайда болу кезеңі 
¥лы Тұран жерін мекендеген автохтонды түрік


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
халықтарының дүниеге келген күндерінен бастап, 
сол ұлан-байтақ өлкені меңгеріп, ез жерінің табиғи 
болмысын жан-жақты әрі терең танып білу арқылы 
сол жерлердің тарихи төлқұжатын, яғни түрік тіліндегі 
атауларын қалыптастыру кезеңі халықтық топоним 
деп аталады.
Тарихтың түпкірінен сөз қозғар болсақ, прото- 
түріклер заманы деп б.з.д. алты мың жылдықтан 
ары жатқан құбылысты аңғарамыз. 
Біз, түрік 
халықтарының ғалымдары, Түріклердің шығу атаме- 
кенін Алтай, Саян тауларында деп келсек, ендігі 
жаңа таным бойынша, дәуірі жағынан б.з.д. алты мың 
жылдықтың арғы жағында Жерорта теңізі аумағын- 
да жатыр деген тарихи дерек көздері айғақтап 
отыр. Троян соғысына байланысты әрі Гомердің 
«Илиада», «Одиссея» дастандарындағы ономасти- 
ка саласына жататын топонимдер, гидронимдер, 
антропонимдердің этимологиясы айқындалып, ол 
аталымдар төркіні түрікше сөйлей бастады. Мұнда- 
ғы ономастикалық аталымдардың Грек, Рим, Еги- 
пет өркениетінен де көне аталымдар екені жаңа 
таным тұрғысынан дәлелдену үстінде.
Жерорта теңізі аумағындағы грек өркениеті, 
оның жазу таңбасы түгел оқылуда, бірақ «Линей- 
ного письма «В» тобы меңгерілсе де, оның ар 
жағында жатқан, яғни б.з.д. алты мың жылдықтың 
ар жағындағы «Линейного письма «А» тобы оқылса 
да, оның мағынасы ашылмай, ол қай тілде екені 
беймағлұм болып келді. Ол қай тілдегі сөз екені 
ашылмай, «өлі тіл» ретінде қаралып келеді. Бұл 
«өлі тілдің» кілті табылып, «Линейного письма «А» 
тобының бүгінде құпия сыры белгілі болып отыр.


388


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет