382
Отаршылдық топонимдер
халықтар жалғыз тон кигені үшін де қырып тастауға
лайық еді», - деп кіжінуінен отаршыл генералдың
ішкі сыры, бар болмысы аңғарылады. Осы себепті
де Черняев бостан-босқа «Орта Азия Ермагы»
деп аталмағанына көзіміз жете түседі. Әрі орталық
газеттердің шуылдай мадақтап жүрген Ермагы кім
екендігін де автор жанама түрде айғақтай түседі.
Осы қанішер, жауыз
жендетке волюнтаристік сая-
сат кезінде қазақ жерінде ескерткіш қойылып, қала,
аудан, село, үжымшар, кеңшар, кеше атауларының
көптеп қойылу әрекеті астарынан үлы державалық
империялық саясаттың, яғни жоғарыда В. И. Ленин
қауіптене
ескерткен
құбы лы сты ң
аязды
суық
табының лебі еседі.
Қазіргі Целиноград, бұрынғы Ақмола облысын-
дағы патша заманынан бері келе жатқан отаршыл-
дық рухтағы топонимнің бірі - Балкашин селосы.
Бұл атау 1888 жылы қойылған. Қазіргі кезде де ол
Балкашин ауданы әрі аудан орталығы да Балка-
шин деп аталады. Жергілікті
халық о бастағы өзі
отырған атамекенінің атын ұмытып кетуінің үстіне,
Балкашиннің кім екенінен де бейхабар. Өйткені 1888
жылдан бері, қарап отырсақ, төрт ұрпақ ауысып
үлгеріпті. Тіпті ең қарт деген кісілердің санасындағы
жер тарихы көмескіленіп ұмытылуда. Осы себеп-
тен де жаңа буын жас ұрпақ өзінің атамекен алтын
бесігінің о бастағы тарихынан көз жазып қол үзуде.
Бұл - нағыз мәңгүрттікке бастайтын жат құбылыс.
О сының бір көрінісі
болған Балкашин топонимі
қайдан шыққан?
Н.
Балкашин 1875 жылы қазақ жерінде патша-
ның жер отары саясаты қатты өріс алған тұста