374
Отаршылдық топонимдер
халықтардың көне тарихи есімін біртіндеп ешіріп,
ұлттық ерекшелігін жою.
Қай заман, қай дәуірде болса да елді мекен,
жер атауларына географиялық ат қоюдың бірден-
бір авторы сол өлкенің байырғы тұрғын халқы
болып келеді. Тарихи
шындыктың өзі де осылай
қалыптасқан. Қадым замандардан бермен қарай
грек философтарында айтылып келе жатқан «оно-
матет» деп аталатын қастерлі ұғым бар. Бұл сөздің
тоқ етер мағынасы - әр кезде де халық өзі туып
өскен елді мекен, жер, су, өзен атын қоюдың бірден-
бір занды авторы деген ұғымды білдіреді. Қандай
бір елді мекен, жер атаулары болсын, ол алды-
мен халық тарапынан қойылатын географ иялық
жер атаулары болса, екінші жағынан, ол халықтың
тарихи есінің көрінісі
ретінде өз ішіне әуелі тілді,
рухани ұғым-наным мен дүниетанымды, тіпті, әдет-
ғұрыпты да қоса қамти отырып, кешенді түрде
ақпарат берудің қайнар көзіне айналады. Тарих-
та кез-келген халықтың жоғалып, не жойылып кетуі
мүмкін, бірақ сол халықтың авторлығымен қойылған
географиялық жер атаулары
сол халықтың тарихы-
нан тынбай хабар беріп жататын халық жанының
жанды индикаторы тәрізді м әңгілік құбылысқа
айналмақ. Мысалы, Солтүстік Кавказда ғасырлар
бойы өмір сүріп келген убық халқы 1817-1864 жыл-
дар ішінде отарланып, өздері туған жерінен қуылды.
Шетке қашып, ана тілінен де айырылып, рухани өмір
сүруін тоқтатты.
Бірақ убық халқы жоғалғанымен,
соның авторлығымен қойылған кейбір жер атаула-
ры өмір сүруде. Қазіргі Сочи (ру аты) қаласы - соның
нақтылы айғағы. Сочи қаласы күнде тілге алынуы