370
Отаршылдьщ топонимдер
ма - отношения народов нельзя строить на лжи»
(ЛГ. 01.08.1990, №31), - деп, мәселенің ащы өзегін
тіліп айтуы, әрине, жариялылық жемісі. Қазіргі күнде
бүл пікірге үлкен айғақты дәлел қелтіріп жатудың
қажеті де бола қоймас. Өйткені Ресей қүрамына кірген
қазақ жеріндегі отаршылық рухтағы географиялық
жер атауларының
пайда болу жолы мен тарихы-
на көз жіберсек, соның өзі-ақ бар шындықтың бол-
мысын айны-қатесіз көз алдымызға тосады. Ресей-
ге қосылғаннан кейінгі қазақ жеріндегі отаршылдық
топоним тарихына ой көзімен қарасақ, үш түрлі
кезеңдегі үш түрлі ерекшеліктерге үшырасамыз:
Бірінші кезеңге 1781-1822 жылдар аралығындағы
ел билеужүйесіндегі протектораттықдәуірдіжатқызуға
болады. Кіші жүз бен орта жүз қазақтарының Ресей
империясының
қол астына енуі, үлы жүздің Қоқан
хандығы билігінде қалуы осы кезеңге түс келеді.
Бүл дәуірдегі қазақ хандары енді ақ патша тарапы-
нан ресми түрде бекітіле бастады. Империя қазақ
хандығын сырттан тору, отарлаудың мерзімін күту
саясатын үстанды. Бүл кездегі патша отаршылда-
ры батыл қимыл жасамай,
жер аттарын өзгертуде
қазақтардың қабағына қарай ж үргізу ерекшелігі
байқалады. Сондықтан да Орынбор, Петропавл,
Орал, Кереку тәрізді бірлі-жарымды ірі жер атаулары
болмаса, бұл үдеріс өте баяу жүргізілді.
Екінші кезеңце, 1822-1876 жылдар ішінде, хандық
биліктің күні бітіп, ел билеудің аға сұлтандық,
сұлтан
правительдік жүйесі өмірге енді. Яғни қазақ еліне
ұзын арқау, кең тұсау салынып, басына отаршылдық
ноқтасы ілінді. Яғни соғыс отарының заманын-
да қазақ даласы облыстарға, округтарға бөлініп,