Ванновка аталуының сыры неде?
біріне қазіргі Түлкібас ауданының орталығы Ван-
новка селосы мен сол аудан көлеміндегі Анто-
новка, Вознесеновка, Корниловка, Новониколаев-
ка, Сергеевка селоларын жатқызуға болар еді. Бұл
селолардың бәрінің де аты тұрғылықты халықтың
және қоныс аударған шаруалардың еркінен тыс,
патша әкімдерінің қалауымен қойылған.
Ванновка селосы 1891 жылы ұйымдастырылып,
оның осылай аталып кетуіне Николай патшаның өзі
түрткі болған. Өйткені Ванновка селосы 1882-1897
жылдар аралығында Ресей империясының соғыс
министрі болған Петр Семенович Ванновский (1822-
1904 жж.) атымен аталған. Осы соғыс министрінің
аты тек Қазақстанның өзінде бірнеше селоларға
қойылды. Бұл селоны ңаты алғаш «Түлкібас» сөзінің
аудармасы ретінде Лисицын деп, кейінірек Ваннов-
ский деп, ал соңынан Ванновка деп аталып кете
берді. Қостанай облысы Федоровка ауданындағы бір
село мен сондағы селолық Совет те осылай аталып
келе жатыр.
П. С. Ванновскийге «патша ағзамның» қатынасы
тонның ішкі бауындай жақын болғандығы сонша,
ол, тіпті, II Николайдың 1901 жылы 25 мартта өз
қолымен жазған раскриптінде ашық көрініп тұр. Онда
оны ағарту министрі етіп «қуана» тағайындайтынын
айтқан. Армия арасында оспадарсыз қылығы үшін
абыройы түскен генерал П. С. Ванновский ағарту
министрі болғанда да, Ресей империясының оқу
орындарын да мейлінше кертартпа рухтағы рефор-
маны енгізгені белгілі болатын.
Ванновка селосы туралы әрі ол жөніндегі жазба
деректер тарихи әдебиеттерде 1891 жылдан бастап
Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
ушырасады. Осымен қатар Түлкібас ауданындағы
Антоновка (Кершетас, 1887 ж.), Корниловка (Жасы-
кешу, 1887 ж.), Высокое (Шақпақ, 1883 ж.), Ново-
николаевка (Рысқұлбек жайлауы, 1890 ж.), Возне-
сеновка (Шиттебе, 1902 жылдары) туралы нақты
деректер бар. (Қараңыз: А. А. Кауфман «К вопро-
су о русской колонизации Туркестанского края»,
СПб. 1903 «Обзор Сырдарьинской области», Таш-
кент, 1908 және осы аталмыш ж инақты ң 1899-
1914 жылғы кітаптары; Гейерьз. «Крестьянская
колонизация Сырдарьинской области», Ташкент,
1892; «Отчет чиновника особых поручений при МВД
A. А. Половцова, командированного в 1896-1897 гг.
для собрания сведении о положении переселенче-
ского дела в Туркестанском крае». СПб. 1898, типог-
рафия МВД; В. П. Вощинин «Очерки нового Турке-
стана». СПб. 1914).
Вознесеновка селосы 1902 жылы үйы мдас-
тырылып, Черняев уезіндегі қазіргі Шымкент облы-
сының жергілікті түрғындары арасында христиан
дінін тарату жолына беріле қызмет еткен белгілі мис-
сионер, әйгілі священник Дмитрий Вознесенскийдің
қүрметіне қойылған еді. Бұлай болуының себебі
Д. Вознесенский Шымкент қаласында 1868 жылы
тұңғыш рет шіркеу салдырып, 1875 жылы қазақ
балаларын шоқындыру жолында мектеп ашуы мен
қазіргі Ванновка, Высокое, Корниловка, Антонов-
ка селоларына және уездің басқа жерлеріне де
көптеп шіркеулер салдыру жолындағы қызметі ерек-
ше еске алынып еді. Түркістан өлкесінің священнигі
B. А. Яковлевтің 1902 жылы Верный қаласында
жарияланған «Из церковной жизни Туркестана»
364
Достарыңызбен бөлісу: |