Халықтық, отаршылдық, тоталитарлық топонимика
кеңшары, ақырында келіп ол Мичурин кеңшарына
айналып отыр. Мүны жалпы Қазақстанға тән ортақ
құбылыс десе болады. Өйткені осы шағын ғана
шөкімдей қазақ аулының Майтөбе атауына байла-
нысты өз әлінше киелі тарихы бар әрі өткен ата-
бабалардан қалған тарихи жадының қастерлі көрінісі
бар, тіпті, отқа табынудан қалған дүниетанымның
санадағы қалдығы бар қасиетті рухани құбылыстың
қатпарлары жатыр. Майтөбе микротопониміне бай-
ланысты атаудың өзгеруі өткендегі дүниетанымдық
ұғым мен халықты ң тарихи жадына айналған
дәстүрлі байланыстардан қол үздіріп отыр.
Екінші жағынан алғанда, осы тұста ұраншыл,
ұрда-ж ық тапшыл рухтағы топоним икалы қ атау-
лар да шамадан тыс көбейіп кетті. Әрине, елді
мекен, жер атауындағы осы рухтағы топонимикалық
сапырылыстар да өз көрінісін көркем әдебиетке де
түсіріп жатты. Мысалы, жазушы Б. Нұржекеевтің
«Жау жағадан алғанда» романындағы: «Отызын-
шы жылы Октябрь ауданында ұжымшар жаппай
ұйымдастырылып жатты. Қ ы зы л есп е д е - «Еңбекші»,
Көкталда - «Киров», Қоңырөлеңде - «Молотов»,
Сарытөбеде - «Тапшыл», «Ынталы», Китіңде -
«Ленин», Қу өзені бойында - «Үлкенағаш», «Қызыл
жар», Өсек өзенінің бойында - «Бұрқан», «Талды»,
Аққұдықта - «Қызыл Жамбыл», Төгірек жақта -
«Ақтөбе», «Калинин», қырда - «Сарыбел», ойда -
«Ақарал» ұжымшарлары бірінен кейін бірі іркес-
тіркес ұйымдастырылды», - (392-393-беттер) деп
жазуы арқылы жазушы тоталитарлық топонимдердің
қалай пайда болғанын көз алдыңа елестете алады.
Яғни, теңізді ары-бері түгел кешіп өтпей-ақ оның бір
Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
тамшы суының дәмі арқылы теңіздің бүкіл құрамын
талдап-тануға
болатыны
сияқты,
ұлан-байтақ
елкемізде тоталитарлық топонимиканың о баста
қалай өріс алып, қай бағытта дамығанын романдағы
бір мысалдың өзі-ақ айғақтап тұр.
Өкінішке қарай, арамызда отаршылдық, тотали-
тарлық жер атауларын өзгертуге наразылық білдіріп,
кең байтақ қазақ даласы бос, иесіз жатқандықтан
қоныстанған деп отаршылдық пиғылды ақтаушылар
да бар. Тіпті, «Ресей империясының отарлау сая-
саты американдықтардан гөрі «жұмсақ» болған»
деп бізді алдаусырататын жазуш ылар да бар.
Міне, мұндай пиғылдағыларға біздің Президентіміз
Н. Ә. Назарбаев: «...В свое время у нас ввели в широ-
кое употребление термин, вызывающий у меня рез-
кое неприятие: «необжитые земли...». Иной раз скла-
дывается впечатление, что люди, употребляющие
его к месту и не к месту, забыли о природе матери.
Нет необжитых земель. Даже зимовщики или
альпинисты обидятся за обихоженные ими полю-
сы и горы, а что уж говорить о жителях нашего степ-
ного края. У них каждая сопка, каждый бархан, каж-
дая тропинка освящены именами предков. Здесь, на
этой земле, сошлись прошлое и настоящее, отсюда
берет истоки память народа. И каким бы высочен-
ным забором ни отгороживали эту землю, память
людскую не убить.
И не случайно все мы, казахстанцы, с недоуме-
нием воспринимали заявления о том, будто подъ-
ем целины, строительство космодрома Байконур
или полигона под Семипалатинском велось на необ-
житых землях. Понимаю, что такая позиция удоб-
358
Достарыңызбен бөлісу: |