Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Халықтық, отаршылдық, тоталитарлық топонимика



Pdf көрінісі
бет190/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Халықтық, отаршылдық, тоталитарлық топонимика
жер отары жылдамдап, қатты қарқынмен жүргізілді. 
1891 жылы наурыз айында қазақ жері мемлекеттік 
меншік деген ресми құжат қабылдады. Орталықтан 
келімсектерді қазақтардан тартып алынған жерлер- 
ге қоныстандыру саясаты мемлекеттік сипат алды, 
арнайы түрде «Переселенческая конторалар» құры- 
лды. Қазақ жерінің ең шұрайлы жерлерінде орыс 
елді мекендері жаңбырдан соңғы саңырауқұлақтай 
қаптай түсті. Енді келімсектер қоныстанған жерлер- 
дегі байырғы халықты қ топонимдерді лақтырып 
тастап, тұтастай отаршылдық рухтағы жер атаулары 
қойыла бастады. Елді мекен, жер атаулары ешқа- 
шан жергілікті халықтың еркімен есептеспей, баса- 
көктеп отарш ылдық топонимдермен алмастыры- 
лып жатты. Елді мекен, жер атаулары қазақ жерінде 
бұры н-соңды тарихта болмаған жылдамдықпен 
өзгеріске түсіп қоздауы - топонимиканың саясат- 
пен тікелей байланысты жататын құбылыс екенін, 
яғни саясат қандай мақсатпен жүргізілсе, елді мекен, 
жер атаулары да сол саясат ығына қарай бейімделіп 
өзгеретінін әрі мұның езі бүкіл әлем тарихына да 
ортақ құбылыс екенін керсетеді. Бұл заңдылықты, 
тіпті, отызыншы жылдардан бастап өктемдік ала 
бастаған тоталитарлық, заңсыздық жайлаған тұста 
да, саясат мәселесінде империялық, ұлы держа- 
валық мақсат бүркемеленіп жүргізілуі кезінде де 
айқын сезілді. Топонимикалық өзгерістер жергілікті 
халықтың еркінен тыс, олардың пікірімен санаспай- 
ақ баса-көктеп тізеге басып жүргізіліп жатты. Мыса- 
лы, бір ғана Н. С. Хрущевтің өктемдігімен, респу- 
блика халықтарының еркімен санаспай-ақ, бір күнде 
ғасырлар бойы өмір сүріп келген Ақмола қаласы


Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
мен Ақмола облысын Целиноград қаласы мен 
Целиноград облысына айналдырып жіберуі осыны 
көрсетеді. Осы облыстағы топонимикалық өзгеріс 
осымен ғана байыздап қойған жоқ, қайта жыл асқан 
сайын тоталитарлық дәстүрдегі елді мекен, жер 
атауларының қоздап кетуінен бір ғана «целина» 
сезіне негізделіп аудан, ауылдық кеңес, ұжымшар, 
кеңшар, мектеп, мәдениет үйі т.б. атаулар мыңдап 
көбейтіліп жатты. Әрине, бұл озбырлықтың теркіні 
тыңға келген Н. Хрущевтің Жалтыр станциясында: 
«...жергілікті халықтардан үміт күтпеңдер. Қазақтар 
жараты лы стары нда тоғыш ар, 
ж алқау 
көрінеді. 
Өздерің қимылдаңдар. Жер иесі енді сендерсіңдер» 
(«Халық кеңесі», 26.06.90 ж.), - деп сөйлеуіндегі 
идеялық ой сарынына орай, үдей түскені бүгінде 
жасырын сыр емес.
Қазақ халқының авторлығымен ғасырлар бойы 
біртіндеп қалыптасқан елді мекен, жер атаулары- 
на ат қоюдағы басты дәстүрі - ірі географиялық жер 
атауларын жеке кісі атына қоймауында жатыр. Әр 
жердегі ірі, аса көлемді, ауқымы кең жер атаулары 
сол жердің табиғи ерекшелігі мен жер рельефі қатаң 
ескеріліп барып, әрі соны негізге алып барып қойылып 
отырған ерекшелікті танимыз. Халы қты қтопонимика- 
да, яғни біздің дәстүрімізде жер атауларын жеке кісі 
аттарына да қою дәстүрі бар. Бірақ, мұнда кісі аттары 
міндетті түрде микротопонимдерге ғана қойылатын 
ерекшелікті көреміз. Бұл іспеттес дәстүрді арғы 
төркіні Орхон-Енисейдің ойма жазу ескерткіштері 
мен халық ауыз әдебиетінде, ақындық поэзиясын- 
да өз керінісін берген елді мекен, жер атаулары да 
айғақтайды. Осы ата дәстүріміз сырт жаулардың


352


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет