Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
өзі де әр түрлі саяси-әлеуметтік, басқынш ылық
жағдайларға байланысты бірде баяу, бірде жыл-
дам өзгерістерден сырт қала алмайды. Ғасырлар
бойы халық талғамынан өтіп, сүзіліп,
сұрыпталып,
тұрақтануымен қатар, олар ұрпақтан-ұрпаққа руха-
ни мұра ретінде ауысып, халықтың тарихи жады-
на айналып, қорланып жатады екен. Тіпті, кейде бір
ғана топонимикалық атаудың өзі сол атауды дүние-
ге әкелген халықтың өткенінен, тағдыр талайынан
мәңгілік хабар беріп тұратын
ақпарат көзіне айнала-
тыны да ұшырасады. Мысалы, Аспара немесе Сочи
т.б. атаулардан осы ерекшелікті көрсе болады.
Халықтық топонимика деп, негізінен, қай жер,
қай халықты алып қарасақ та, онда қолданылатын
географиялық жер атауларын - сол жерді мәңгілікке
жайлап келе жатқан
автохтонды халықтың автор-
лығымен қойылып қалыптасқан елді мекен, жер ата-
уларын ұғынамыз. Бұлар ғасырлардан ғасыр өткен
сайын мүлде тұрақтанып, халықтың тарихи жадын
қорландырар елеулі рухани байлығына да айналып
отырады екен.
Тіпті, бұрын-соңды
тарихта белгілі бір жерге
иеліктің қай халық, қай ұлыс, қай тайпаға тән екен
дігінің айғақты дәлелі ретінде, көбінесе, сол жер-
дің
топонимикалық сөз төркіндеріне, беретін мағы-
насына қарай қарастырылатын болған. Өйткені
сол жерді қай халық жайлап, меңгеріп, тұтынып
келсе, топонимикалық атауларды да сол халықтың
авторлығымен қойылуы себепті де, ол халықтық
топонимика деп аталады екен, яғни топонимикалық
атаулардың авторлығы да тек сол халыққа тән
қүбылыс болып қала бермек.