Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет185/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Әдебиет және топонимика
әлеуметтік жағдайларын ескере, есепке ала оты- 
рып жүргізді. Осы себепті қазақ жерін отарлауды 
кезең-кезеңімен, асықпай, біртіндеп жүргізді. Әуелі 
соғыс отарын жүргізіп, жағдай піскен кезде ғана жер 
отарын жүргізе бастады. Яғни XIX ғасырдың екінші 
жартысынан бастап Ресей империясы жергілікті 
қазақ елінің дініне, тіліне, дүниетанымына, жазу 
мәдениетіне қанды шеңгелін сала бастады. Басын- 
да жасырын, кейінірек аш ық түрде қазақтарды 
шоқындыру арқылы орыстандыру саясатын жүргізді. 
Дәл осы кезеңде Ресей империясының отаршыл 
өкіметі мемлекет меншігі деп жарияланған қазақ 
жерінің ғасырлар бойы қалыптасқан топонимикалық 
атауларын саналы түрде өзгертуді де қолға алды.
Бұл әрекет әуел баста қазақ хандарының ішін 
өзі, сыртын патша билеген вассалдық дәуірде (1731- 
1822) бірлі-жарым елді мекен, жер атаулары орыс- 
ша аталса, осы құбылыс ел билеудің аға сұлтандық, 
сұлтан-правительдік заманында (1822-1867) енді 
ірі географиялық жер атауларын қамти бастады. 
Бірақ қарқыны әлі де өте баяу жүрді. Ал ел билеудің 
«жаңа низам» деп аталатын дәуірінде (1867-1917) 
қазақ жері мемлекет меншігі деп жарияланып, ресми 
түрде «еркіндік» алуы себепті, келімсектерді жаңа 
тартып алынған жерлерге қоныстандыру әрекеті 
империяның басты саясатына айналды. Арнаулы 
қоныстандыру мекемесі құрылып, қазақ жерлеріне 
қоныстандыру саясаты қарқын алысымен-ақ қазақ 
жерлерінің бастапқы ғасырлар бойы қалыптасқан 
топонимикалық атаулары отаршылдық топоними- 
каға алмастырыла бастады. Бұл әрекет күнделікті 
тұрмыста жүйелі түрде жүргізіле берді. Мұндағы


Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
басты саяси мақсаттың не екендігін Ташкент- 
те шығатын «Туркестанские ведомости» газетінің 
1899 жылғы санында саяси мақсаттың төркіні қайда 
жатқанын жасырмай, енді білгеніңді істей бер деген- 
дей ашық кетуі жай қүбылыс емес-ті.
Ресей империясы енгізген отаршылдық рухтағы 
топоним икалы қ 
атаулар 
ұлы 
Қазан 
төңкерісі 
орнасымен-ақ тас-талқан етіліп, олардың орнына 
халықтың тарихи жадының ең бір күрделі сала- 
сы болған бастапқы тарихи жер атаулары өз 
қалпына келтіріле бастады. Бірақ, өкінішке қарай, 
бұл тарихи өзгеріс В. И. Ленин қайтыс болған 
соң-ақ бұрынғы патша тұсындағы таз қалпына 
келе бастады. Сталиндік зобалаң тұсында мүлде 
үдегені соншалықты, бір ұрпақ буыны алмаспай-ақ 
туған жер атаулары сапырылысқа түсіп, о бастағы 
қалыптасқан жер атаулары санадан өшіп, ізсіз- 
түссіз жоғалып жатты. Бірақ қанша қыспаққа алын- 
са да, осы өзгерістер белгілі дәрежеде болса да 
көркем әдебиетте өз көрінісін тауып жатты. Мысалы, 
Мұхтар Әуезовтің «Білекке-білек» әңгімесі, жазушы 
Б. Нұржекеевтің «Жау жағадан алғанда» романы 
іспеттес туындылар қазақ әдебиетінде орын алды.
Мәселенің негізі көркем әдебиетте суреттел- 
ген оқиғаларға орай берілген бұрынғы және қазіргі 
кезеңдердегі 
елді 
мекен, 
жер 
атауларындағы 
өзгерістерді салыстыра отырып, тарихи шындықты 
қаз қалпына 
келтіру, 
сол құбылыстар сырын 
оқушының терең танып білуіне, тарихи ұғым алу- 
ына қол жеткізу - әдебиетті оқытудағы басты 
мақсаттарымыздың біріне айналмағы өте қажет.
Жалпы қазақ әдебиетінде өз көрінісін берген кең


342


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет