Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
347
тарихи шындығының бар болмысын ономастика
ғылымы өз дәрежесінде ашып бере алмай келеді.
Өйткені топонимика саясатпен тікелей байланы-
сты өзіндік ерекшелігі бар қүбылыс болуы себепті
де, ондағы әрбір өзгерістің түп-төркіні
болып өткен
саяси-әлеуметтік жағдайлармен бірлікте алынып
қаралмағы керек екен. Қайта көп жағдайда оно-
мастика ғылымы жер атауларында орын алған
ащы шындықтың шымылдығын сыпырудың орны-
на үнсіз қала береді. Мұның себебі, Дж.Неру атап
көрсеткендей, «тарихты көбінесе жеңгендер мен
басқыншылар жазғандықтан», олардың саяси мүд-
десіне қайшы келетін отаршылдық,
тоталитарлық
елді мекен, жер атауларының сырын ашуға саналы
түрде бара да бермейді. Осы себептен де отарланған
халықтар тарихындағы пайда болған отаршылдық,
тоталитарлық елді мекен, жер атауларының зерттел-
мей қорғаусыз жатуы да жай ғана нәрсе емес.
Халықтық топонимиканың ғасырлар бойғы даму
жолына ой көзімен шола қарасақ, бүкіл әлем тари-
хында
жаугершілік, басып алушылық әрекеті ғасыр-
лар бойы қайталанып, әсіресе, соғыс құралдарының
жетілуіне байланысты XVIІ-ХХ ғасырлар аралығында
отарлаушылық қабындай түсіп, тіпті, отарланбаған
жер қалмапты. Ал Ресей империясы болса, соғыс
отары мен жер отарын жүргізудің бел ортасында
тұр. Батыс елдерінен өз «үлесін» молырақ қамтумен
бірге өзінің азулы тісін
шығысындағы елдерге аяусыз
салды. Ресей патшалығының 1425 жылы коми-пер-
мяк жерлерін қосып алудан басталған отаршылдық
саясаты 1895 жылы төменгі түрікмен жерлерін
күшпен қосып алумен аяқталды, яғни жүз тоқсаннан