Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Халықтык, отаршылдық, тоталитарлық топонимика



Pdf көрінісі
бет187/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy
7 пед, 484885.pptx, Саяси шиеленіс..., мед карта 6 Сүйер Ә.Т, bahamsjjd, Рамазан күнделігі 2023 @Serikkalikyzy02, transfer-receipt-13 12296239562
Халықтык, отаршылдық, тоталитарлық топонимика
Халықтық, отаршылдық,
тоталитарлық тоионимика
Қай жер, қай ел болмасын, оның қойнауындағы 
елді мекен, жер атауларындағы әр қилы өзге- 
рістердің бәрі де уақыт өте келе тікелей саяси- 
әлеуметтік жағдайларға орай қозғалысқа түсетіні 
себепті де, олар ғылыми әдебиеттерде: 1) халық- 
тық, 2) отаршылдық, 3) тоталитарлық топонимдер- 
ге жіктеліп, ғылыми терминдер ретінде нақтылы 
ұғымдар қалыптасу үстінде. Әрине, мұның өзі 
кездейсоқ құбылыстар емес, тарихтың даму жолын- 
да 
объективті 
ш ы ндықты ң 
негізінен 
туындап 
отырған саяси-әлеуметтік керіністердің өзі екендігі 
де анық байқалады. Әуел баста ономастикадағы 
топонимикалық, антропонимдік, этнонимдік т.б. 
салалардың бәрі де автохтонды, мәңгі жасап келе 
жатқан байырғы жергілікті халықтардың тікелей 
авторлығымен біртіндеп қалыптасса да, атаулардың


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
өзі де әр түрлі саяси-әлеуметтік, басқынш ылық 
жағдайларға байланысты бірде баяу, бірде жыл- 
дам өзгерістерден сырт қала алмайды. Ғасырлар 
бойы халық талғамынан өтіп, сүзіліп, сұрыпталып
тұрақтануымен қатар, олар ұрпақтан-ұрпаққа руха- 
ни мұра ретінде ауысып, халықтың тарихи жады- 
на айналып, қорланып жатады екен. Тіпті, кейде бір 
ғана топонимикалық атаудың өзі сол атауды дүние- 
ге әкелген халықтың өткенінен, тағдыр талайынан 
мәңгілік хабар беріп тұратын ақпарат көзіне айнала- 
тыны да ұшырасады. Мысалы, Аспара немесе Сочи 
т.б. атаулардан осы ерекшелікті көрсе болады.
Халықтық топонимика деп, негізінен, қай жер, 
қай халықты алып қарасақ та, онда қолданылатын 
географиялық жер атауларын - сол жерді мәңгілікке 
жайлап келе жатқан автохтонды халықтың автор- 
лығымен қойылып қалыптасқан елді мекен, жер ата- 
уларын ұғынамыз. Бұлар ғасырлардан ғасыр өткен 
сайын мүлде тұрақтанып, халықтың тарихи жадын 
қорландырар елеулі рухани байлығына да айналып 
отырады екен.
Тіпті, бұрын-соңды тарихта белгілі бір жерге 
иеліктің қай халық, қай ұлыс, қай тайпаға тән екен 
дігінің айғақты дәлелі ретінде, көбінесе, сол жер- 
дің топонимикалық сөз төркіндеріне, беретін мағы- 
насына қарай қарастырылатын болған. Өйткені 
сол жерді қай халық жайлап, меңгеріп, тұтынып 
келсе, топонимикалық атауларды да сол халықтың 
авторлығымен қойылуы себепті де, ол халықтық 
топонимика деп аталады екен, яғни топонимикалық 
атаулардың авторлығы да тек сол халыққа тән 
қүбылыс болып қала бермек.


346


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет