Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Халықтық, отаршылдық, тоталитарлық топонимика



Pdf көрінісі
бет189/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Халықтық, отаршылдық, тоталитарлық топонимика
астам үлыстар мен халықтарды жаулап алып, бо 
дандықта ұстады. Л. Жуховицкийдің: «...Держава 
складывалась веками, и ведущим методом расши- 
рения империи было, увы, не добровольное присое- 
динение. Честная переоценка истории необходима -
отношения народов нельзя строить на лжи», («Лите- 
ратурная газета», 01.08.1990 г.) - деп жазуы тарих 
қойнауында болып өткен шындықтың өзекті буы- 
нын дәл басып отыр. Үлкен империялық державаны 
құру жолындағы шешуші әдіс - көрші халықтар же 
рін зорлық-зомбылықпен отарлауда жатқаны да 
шындық. Көне заманда Тұран, кейіннен Түркістан 
атанған ұлан-байтақ өлкені жаулап алған Ресей импе- 
риясы енді ол өлкені экономикалықжәне идеологиял ық 
жағынан меңгеру мақсатын алға қойды. Халықтың 
туған жерге деген махаббат сезімінен туындайтын 
елді мекен, жер атауларын, яғни халықтың тарихи 
жадына айналған рухани болмысын отаршыл өкімет 
әр түрлі жетілдірілген идеологиялық құралдармен 
жүргізілетін саяси мақсаттарға бағындыруды өте 
нәзік тәсілдермен жүзеге асыра бастады. Соның 
бірі - халықтық топонимиканың негізін шайқалтуға 
арналған отаршылдық елді мекен, жер атауларын 
енгізуде жататын-ды. Бұл саладағы қатерлі саяси 
әрекеттер жас буын жаңа ұрпақты уақыт өте келе 
ата-бабаның тарихи жадынан, халық дәстүрі мен 
салт-санасынан, тілі мен дүниетанымынан біртіндеп 
қол үздіру арқылы оларды ұлттық нигилистерге, 
көзқамандарға, яғни өзінің өткен тарихына қалай 
болса-солай қарайтын тоғышар танымдағы руха- 
ни салғырттыққа бағыттап отырған. Өйткені осын- 
дай салғырт ұрпақ өзі ұрынған саяси-әлеуметтік


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?
349
жағдайларға талдау жасауға қабілетсіз әрі ықылас- 
сыз болып келетіндіктен де «ерікті мәңгүрттер» деп 
аталып жүр. Дәл осы мақсаттарды армандаған импе- 
рия идеологтары, яғни ғылыммен қаруланған мис- 
сионерлер қалдырған есиетте: «...народ без исто- 
рии, как ребенок без родителей, начинайте все с 
начала, из него можно вылепить все, что необходи- 
мо, вложить в него свое миропонимание, свой спо- 
соб мыслей. Таким способом могут быть обезличе- 
ны целые народы: сначала они лишаются истории и 
традиций, а затем их формируем по своему образу 
и подобию», - деп жазылуы көп нәрсенің түп төркінін 
дәл танып, білуімізге бастайды.
Патшалық Ресей қазақ жерін кезең-кезеңімен 
асықпай отарлауына сәйкес қазақ жеріндегі отар- 
шылдық рухтағы топонимдердің ену жолындағы 
езіндік ерекшелікке толы үш кезеңді аңғарамыз:
Бірінші кезеңце, яғни 1731-1822 жылдар аралы- 
ғындағы вассалдық дәуірде, пайда бола бастаған 
бірлі-жарымды Орынбор, Омбы, Кереку, Петропавл, 
Орал, Гурьев т.б. отаршылдық жер атаулары белгі 
бере бастады.
Екінші кезеңде, яғни 1822-1867 жылдары соғыс 
отары жүргізіліп, ел билеу жүйесіне сырттан енгізілген 
аға сұлтан, сұлтан правительдер билеген кезде 
қазақ даласы облыстарға бөлшектенді. Байырғы 
тарихи жер атаулары, мысалы, Алматы Верныйға, 
Шымкент Черняевке, Ақмешіт Перовскіге, Қостанай 
Николаевкаға, Талдықорған Гавриловкаға, Семей, 
Өскемен деп езгерту үдерісі жыл өткен сайын жыл- 
дамдай түсті.
Үшінші кезеңце - 1867-1917 жылдар аралығында


350


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет