Халықтық, отаршылдық, тоталитарлық топонимика
касы Орталық Атқару Комитетінің Верныйды Алматы
деп атау туралы декреті шыққаннан кейін, Ж аркент
басшылары да ойланды...
Уездегі біраз елді мекендердің аты ежелгі ха-
лық атаған қалпына қайта келді. Чернокаменское -
Басши, Вишняковская - Қоңырөлең, Голубевское -
Көктал, М ихайловское - Бурақожыр, Смирнов-
ка - Үшарал, Кутузовское - Тышқан, Восторго-
вское - Бурқан, Воздвиженское - Шежін, Никола-
евское -Қ о рғас, Казанское - Басқүншы, Богословс-
кое - Қаратума, Подгорное - Қырғызсай, Охотни-
чье - Нарынқол болып қайтадан қазақша атала
бастады», - деп көрсетуі арқылы қалың оқырман
қауым жете мән бере бермейтін өткендегі тарихи
шындықты дәл танып суреттеп, көп нәрсенің сырын
ашып беруі, әрине, жазушы ой-өрісінің біліктігінде
жатыр.
Бірақ В. И. Ленин кезіндегі отаршылдық топо-
нимдерді халықтық топонимдер қалпына келтірудегі
күрделі де қажетті іс-әрекеттер Сталиннің билік
тізгінін қолына алып, үкімі жүре бастаған кезден-ақ
саябырлап, ақыры тоқталумен тынды.
Тоталитарлық топоним ика -
Одақ бойын-
ша ендігі бет алысымызға айнала бастады. Ендігі
жерде топонимикалық саясаттың бағыт-бағдарын
ел билеудегі әкімш ілдік-бұйрық жүйесі айқындай
бастады. Бұл бағыт, әсіресе отызыншы жылдардағы
колзоздастыру кезінде өзінің тоталитарлық зорлық-
зомбылыққа негізделген тарпаң мінез-құлқын бірден-
ақ аңғартты. Отызыншы жылдар басында өріс алған
тоталитарлық топонимдер толассыз өріс алып,
1985 жылға дейін созылып келді. Бұлардың ең
Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
соңы Брежнев, Черненко, Устинов, Андроповтардың
атына қойылған ірі қала аттарының жариялылық,
демократиялықтың өмірге енуімен өзгеріске түсіп,
оларға байырғы тарихи есімдері қайтарылып беру-
мен аяқталды десе болғандай. Енді ғана қоғамдық
пікірде тоталитарлық, отаршылдық топонимдерді
езгерту, оларға негізінен бастапқы халықтық рухтағы
есімдерін қайтару мәселесі бүгінде еткір түрде күн
тәртібіне қойылып отыр.
Тоталитарлық топонимикада, әсіресе, Саяси
Бюро мүшелері мен көрнекті қоғам қайраткерлері,
әскери
қолбасш ыларды ң атын,
тіпті,
мыңдап
көбейтіп, сан рет қайталап қою кең өріс алды. Ал
1937 жылғы нәубеттен кейін жаппай қамалып, аты-
лып кеткен саяси және мемлекет қайраткерлерінің
атына қойылған елді мекен, жер атаулары неше
мыңдап
өш іріліп,
оның
орнын
билікке
жаңа
келгендердің атымен өзгертіліп жатты, яғни еліміздегі
топоним икалы қ атаулар
бүры н-соңды
тарихта
болмаған сапырылысқа үшырады. Ғасырлар бойы
екшеліп, қалыптасқан халықты ң тарихи жады,
яғни ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, жалғастық тауып
келе жатқан дәстұрлік байланыстары ұзілді. Мыса-
лы, менің жеке өз басымнан өткен бір жағдайға
назар аударып көрейік: Қазіргі Түлкібас (бұрынғы
Жуалы) ауданындағы Майлыкент ауыл кеңесіндегі
бір шағын ауыл жайлаған Майтөбе аулының аты
бір ұрпақ өмірінде сегіз рет өзгерген соң, оны қазіргі
ұрпақ мүлде ұмытып отыр. Әуелі Майтөбе аулы,
одан соң 5-ауыл, Қарасу ауыл шаруашылық артелі,
Көктерек ұжымшары, Калинин ұжымшары, Жданов
ұжымшары, «Қызыл жүлдыз» ұжымшары, Жуалы
356
Достарыңызбен бөлісу: |