Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?
361
халықтың өз атының өзгеріп кетуіне саяси-әлеумет-
тік, тарихи оқиғалар шешуші себеп болып отырады.
Буған мысал іздеп алысқа бармай-ақ өзімізге етене
таныс Орта
Азия мен қазақ даласындағы жер, су,
қала, өзен, халық атауларының өзгеріске түсу тари-
хынан да көп нәрсені аңғарып, пікір түйе аламыз.
Бүл өлкелер талай рет тарих шарасында сапы-
рылғаны, соның әсерімен жер, су,
елді мекен, халық
атаулары да талай өзгеріске ұшырағаны тарихтан
мәлім жайлар.
Қазақ елінің ұлы Октябрь революциясына дейін
бастан кешкен отаршылдық езудегі саяси-әлеумет-
тік
жағдайларды ескере келіп, КОКП Орталық
Комитеті Саяси Бюросының мүшесі, Қазақстан Ком-
партиясы Орталық Комитетінің бірінші секретары
Д. А. Қонаев: «Қазақстанды алыңыздар. Патша
өкіметі қазақ
халқынан және оның жерінен, тіпті,
оның өз атын да тартып алды» (Д. А. Қонаев. «Таң-
дамалы сөздер мен мақалалар». Алматы, 1978 жыл,
411-бет), - деп атап көрсетті.
¥лы Октябрь революциясы кезінде зорлықпен
қойылған Перовский, Верный, Черняев, Скоблев,
Гавриловка, Абакумовка, Александровский форт,
тағы басқа толып жатқан
атауларды бастапқы тари-
хи қалпына келтірілді.
Советтік дәуірдің алғашқы жылдарында отар-
шылдық топонимдар едәуір өзгертілсе де, кейбір
елді мекен атаулары ескерусіз қалып қойды. Отар-
шылдық идеологиядан
туындаған топонимдерді
тұтастай алып, тереңдей тексеріп, мәнін ашып
жатуға ол тұстың уақыт сарабы көтере бермеді. Осы
іспеттес елеусіз қалған елді мекен атауларының