366
Отаршылдық топонимдер
«сань бяо уар», яғни жабайыларды сыйға жығу,
лауазымға қызықтыру арқылы билеу, отарлау жол-
дарын,
әсіресе еуропалықтар Африка, Азия, Амери-
ка құрлықтарын отарлау мен тікелей жаулап алуда
жаңа тәжірибелермен молықтырып, жетілдіре түсті.
Осы
тұрғыдан қарағанда, Цинь империясы мен
Ресей империясы да екі аралықтағы халықтарды
отарлау әрекетінде осы айла-амалдардың бар тү-
рін қолданудан тартынған жоқ. Мысалы, өте көне
дәуірдегі Хань әулетінің
императорына оның әскери
қолбасшысы Гэн Бин ездерінің қарсыласы саналған
солтүстік халықтары арасында болып жатқан жан-
жалды ұшықтыра түсу үшін: «...ныне на милости
неба среди северных
варваров возникли раздо-
ры, а так как нападения одних варваров на других
выгодны империи...» («Древние китайцы», М., 1983,
с. 124) - деп қуана жазуында империяның саяси
құлқы анық байқалады. Осындай айла-шарғыны
терең меңгерген екі
империя да ертеде болған
қазақ пен қалмақ арасындағы жанжалды басудың
орнына, керісінше өршітіп, бірі-біріне айдап салып,
бірін-біріне қырғызып, жуасыту саясатын ұстанды.
Алдымен екеуі де қалмақтарды қаруландыруға
көмектесті. Бұған ғалым В. А.
Моисеевтің еңбегі куә
(«В джунгарском плену». Вопросы истории. 1984,
№6). Бұл саясатты қазақтардың өзі де сол заманда
толық сезінгенін «Елім-ай» атты ұзақ өлеңнің сөзі де
айғақтан тұр. («Мәдениет және тұрмыс». 1989, №6).
«Цань ши» тәсілін де екі империяның бірдей
қолданғаны тарихтан мәлім. Ал
Ресей империясы
қазақ жерін шыжымдап, асықпай, дәуір-дәуірімен
отарлағанда, алдымен айнала қоршап,
бекініс