384
Отаршылдық топонимдер
Балкашин селосының аты өзгертілмей сақталып
келеді. Яғни ол жердің о замандағы байырғы аты
үмытылып, соңғы ұрпақ санасына белгі беріп отыра-
тын ақпарат көзінің бірі өшті деген сөз бұл.
Қазақ
ж ерінде
отарш ы лды қ
рухтағы
елді
мекен, жер атауларының молығуына септігі тиген
отаршылдық амал-тәсілдердің ең бір өнімді түрі -
географ иялы қ жер атауларын сөзбе-сөз аудару
(калька) арқылы жергілікті
жер атауларын орыс-
шалап жіберу. Бұл әдіс тіпті кеңес дәуірінің өзінде
өте бір жемісті амалға айналып отыр. Мысалы,
қытайлықтар Сары өзенді - өз тілдеріне Хуанхе деп
аударып алса, Тәңіртағты - Тянь-Шань деп ауда-
рып, дүниежүзілік атауға айналдырып жіберді. Осы
іспеттес Ресей империясының отаршыл әкімдері
Қавказдағы Бештауды - Пятигорскі, Қышқылсуды -
Кисловодскі, Қырымдағы Аютағты - Медведгора,
Сабынтауды - Сапунгора,
Жетісуды - Семиречье,
Қырғызстандағы Балықшыны - Рыбачье, Аққукөл-
ді - Лебяжье, Шортандыны - Шучье, Бүркіттіні -
Орлиногорскі, тіпті, бір ғана Сайрам ауданындағы:
Ақсуды - Беловод, Қарасуды - Черновод, Қызылсу-
ды - Красновод атандырып
жіберуінен отаршыл-
дық әдістің таңбаларын көреміз. Мұндағы мақсат-
мүдде де жергілікті халықтың санасында ғасырлар
бойы қалыптасып, оның тілі мен діліне, ұғымы
мен нанымына, дүниетанымына айналған халықтың
тарихи есімін
келер ұрпақ санасынан қалқалап,
бүркемелеп өшіруде таптырмайтын идеологиялық
жымысқы құралға айналуында жатыр. Бұл жымысқы
қылық халықтың ұлттық санасы тұмшаланып, руха-
ни тамырынан қол үзген сайын жанданып, жас