Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
пікір танымдардың барлығын да назарда ұстай-
мыз. Атап айтар болсақ, біріншіден, жазу таңбасын
таңдауда ойма жазу таңбасын бүкіл түркі
халықта-
рының ортақ жазу таңбасына айналдырудың тари-
хи мүмкіншілігі туып отыр деген пікірді ұстануда. Ал,
екіншіден, араб жазу таңбасына да іш тартып, ол
жазуда мың жылдық рухани қазынамыз жазылған әрі
бүкіл түрік халықтарына ортақ емлесі қалыптасқан
бесаспап жазу деп қарайтын талаптар да алға
қойылуда. Үйренген
орыс жазу таңбасында қала
берейік дейтіндер де баршылық. Сондағы бұлардың
талап-тілектері мен табан тірер дәлел-деректері
неге сүйенеді?
1.
Ойма жазудың түп төркіні тарихтың терең
қойнау-қатпарларында жатыр. Ойма жазу түрін түрік
халықтарының ата-бабалары ойлап тауып, дүниеге
келгені тарихи шындық әрі бұл жазу түрі әлемге
тараған жазу таңбаларының түп
атасы деген пікірлер
де айтылуда. Бұл жазу түрі қолданысқа түсе қалса,
оның біршама артықшылық жақтары да баршылық.
Мысалы, ол бірден түрік халықтарының рухани
тұтастығын қалпына келтіруге, түрік тілдерінің
дыбыстық табиғатына сай келуі себепті сөйлеу
тіліміздің орф оэпиялық қалпына түсіруге қызметі
зор болмақ.
Екіншіден, компьютерде қолдануға өте
қолайлы болып келуімен бірге, стенограф иялық
жылдамдықпен жазуға төселдіреді. Үшіншіден, екі
бетке түскен бүгінгі жазу көлемін бір бет көлеміне
түсіріп қысқартады, уақыт пен қағазды үнемдеуге
жол ашады.
2. Түркі халықтарының
рухани қазына көздері
мыңжылдан астам уақытбойы арабжазу таңбасымен