Лабораториялық сабақтар тізімі
1.
Карбонилқұрамды қосылыстардың конденсация реакциялары негізіндегі синтездер.
2.
Этерификация реакциясымен күрделі эфирлерді синтездеу.
3.
Магнийорганикалық синтез арқылы спирттермен карбон қышқылдарын алу.
4.
Ароматты қатар нитротуындындыларын тотықсыздандыру реакциясы негіздігі синтездер.
5.
Диазоқосылыстар арқылы жүретін синтездер.
6.
Көмірсулардың сапалық реакциялары және химиялық қасиеттері.
7.
Амин қышқылдары мен белоктардың сапалық реакциялары.
8.
Гетероциклді қосылыстар синтезі.
9.
Физикалық және химиялық зерттеу әдістері арқылы органикалық қосылыстарды
идентификациялау (сапалық функционалды анализ және белгісіз органикалық қосылыс
анализі).
10.
Әдеби синтез – органикалық қосылыстың үш сатылы синтез туралы ақпаратты іздеу
нәтижелері бойынша реферат немесе синтез.
Спирттер
Спирттегі суды анықтау, оны ажырату.
Реактивтер:
Этил спирті және мыс купоросы (CuSO
4
*H
2
O).
Кішкене фарфор табақшасына 1,5-2,0 г мыс купоросын салып, электр плиткасында
купоростың жасыл түсі толық жойылғанша қыздырады. Алынған ақ ұнтақты салқындатып құрғақ
пробиркаға салып, 2-3 мл этил спиртін қосады. Араластырып, жайлап қыздырғанда пробиркадағы
ұнтақ жылдам жасыл түске боялады. Судан тазартылған спиртті екінші құрғақ пробиркаға тұнбамен
араластырмай құйып алып 2-тәжірбиеге пайдаланады. Таза спиртте аздап еріген судың қоспасы
болады. Этил спиртінде – ректификатта айдау арқылы бөлінбейтін 5%-ті су болады. Оны суды оңай
тартып алатын заттардың көмегімен (мысалы, кальций оксиді, сусыз мыс сульфаты т.б.) бөліп
алуға болады. Байқалған құбылыстар мен өзгерістерді жазып түсінік беріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |