Концентрациялы күкірт қышқылында құмырсқа қышқылының ыдырауы Реактивтер:
Концентрлі күкірт қышқылы және құмырсқа қышқылы (немесе натрий формиаты).
Құрғақ пробиркада 1 мл концентрлі күкірт қышқылы мен 1 мл құмырсқа қышқылын (немесе
натрий формиаты) абайлап араластырады. Пробирканы газ жүретін түтікті тығынмен бекітеді.
Пробиркадан шығып жатқан газды тұтандырады. Жалынның түсі туралы не айтасыңдар?
Реакциялардың теңдеулерін жазыңдар.
Қымыздық қышқылды қыздырғанда ыдырауы Реактивтер:
Қымыздық қышқылы және ізбес суы.
Құрғақ пробиркаға 1,5-2 г қымыздық қышқылын салып, аузын газ жүретін түтікті тығынмен
жауып, штативке бекітеді. Газ жүретін түтіктің ұшын ізбес суы құйылған пробиркаға батырады.
Қымыздық қышқылы салынған пробирканы спиртовка жалынында қыздырады. Онда қандай
өзгеріс болады? Ізбес суында тұнба пайда болады ма? Байқаған құбылыстарға түсінік беріңдер.
Реакциялардың теңдеулерін жазыңдар.
Амин қышқылының қанықпаған қымыздық қышқыл екендігін анықтау Реактивтер:
Амин қышқылы, бром суы және калий перманганаты ерітіндісі.
Әрқайсысында 2 мл амин қышқылы бар екі пробирканың біріншісіне 2-3 мл бром суын,
екіншісіне 2-3 мл калий перманганаты ерітіндісін қосады. Пробиркаларды шайқакдар. Байқаған
құбылыстарға түсінік беріңдер. Реакциялардың теңдеулерін жазыңдар.
Сіркеэтил эфирін алу Реактивтер:
Этил спирті, мұзды сірке қышқылы, концентрлі күкірт қышқылы және ас тұзының қаныққан
ерітіндісі.
Екі құрғақ пробиркаға этил спирті мен мұзды сірке қышқылының қоспасын кұяды. Бірінші
пробиркаға бірнеше тамшы концентрлі күкірт қышқылын қосады. Екі пробирканы 5-10 мин. ыстық
суға батырып қыздырады, абайлап шайқайды. Сонан соң пробиркаларды салқындатып,
әрқайсысына 2 мл ас тұзының қаныққан ерітіндісін қосады. Қайсы пробиркада эфир қабаты пайда
болады. Бұл реакцияларда күкірт қышқылының қандай маңызы бар? Реакциялардың теңдеулерін
жазыңдар.