Лабораториялық сабақтар тізімі


Альдегидтердің екі валентті мыс қосылыстарымен тотығуы



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата18.02.2023
өлшемі291,94 Kb.
#169223
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Лабораториялық жұмыстар ЖОТ (2)

 
Альдегидтердің екі валентті мыс қосылыстарымен тотығуы 
Реактивтер: 
Формальдегид ерітіндісі, күйдіргіш натрий ерітіндісі және мыс купоросының ерітіндісі. 
Бір пробиркаға 2-3 мл формальдегид ерітіндісін, екінші пробиркаға жеке-жеке 1 мл күйдіргіш 
натрий ерітіндісін, содан кейін мыс купоросының ерітіндісін қосады. Не байқадыңдар? 
Пробиркаларды қыздырады. Қандай өзгерістер болды? Реакциялардың теңдеулерін жазыңдар. 
 
Ацетонды бромдау 
Реактивтер: 
Бромның төрт хлорлы көміртектегі (СС1
4
) ерітіндісі және ацетон . 
Пробиркаға 2 мл бромның төрт хлорлы көміртектегі (СС1
4
) ерітіндісін құйып, оған 1-2 тамшы 
ацетон қосады. Пробирканы сақтықпен қыздырады. Не байқадыңдар? Болған өзгерістерге түсінік 


беріңдер. Реакциялардың теңдеулерін жазыңдар. 
Ацетонның натрий бисульфитімен әрекеттесуі 
Реактивтер: 
Ацетон және натрий бисульфитінің ерітіндісі. 
Пробиркаға 2-3 мл ацетон, натрий бисульфитінің ерітіндісін құяды. Не байқадыңдар? 
Пробирканы шайқап, сумен салқындатыңдар. Реакцияның теңдеуін жазыңдар. 
 
Ацетонның натрий нитропрусидімен әрекеттесуі 
Реактивтер: 
Ацетон, су, натрий нитропруссиді ерітіндісі, сірке қышқылы және сілті ерітіндісі (NaOH). 
Пробиркаға 2-3 мл ацетон, су құйып, оған бірнеше тамшы натрий нитропруссиді ерітіндісін 
және бірнеше тамшы сілті ерітіндісін (NaOH) қосады. Содан кейін 1 мл сірке қышқылының 
ерітіндісін қосады. Сұйықтың түсі өзгере ме?
Альдегидтің «күміс айна» реакциясы көмегімен тотығуы
 
Реактивтер: 
Қышқыл күміс тұзының ерітіндісі, аммиактың судағы ерітіндісі және сірке альдегиді. 
Пробиркаға 2 мл азот қышқыл күміс тұзының ерітіндісін құйып, оған аммиактың судағы 
ерітіндісін қосады. Содан кейін пробиркаға 2-4 тамшы сірке альдегидін қосып, оны ыстық су 
құйылған стаканға батырады. Не байқадыңдар? Реакция теңдеуін жазыңдар. 
Иодоформ алу 
Реактивтер: 
Ацетон және мыс купоросы ерітіндісі. 
Пробиркаларға 2-3 мл ацетон құйып, оған 2-3 мл мыс купоросы ерітіндісін қосады. Ерітіндінің 
түсіне көңіл бөліңдер. Содан кейін күйдіргіш натрий ерітіндісін қосыңдар. Ерітіндінің түсі қалай 
өзгереді? Реакциялардың теңдеулерін жазыңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет