Фелинг ерітіндісімен глюкозаның тотығуы.
Реактивтер:
1%-тік глюкоза ерітіндісі және фелинг реактиві.
Пробиркаға 1%-тік глюкоза ерітіндісін құйып оған 1 фелинг реактивін қосады.
Пробиркадағы қоспаны аралстырып жоғарғы бөлігін қайнағанға дейін қыздырады.
Ерітіндінің
қыздырылған бөлігінде мыс гидроксидінің (І) сары тұнбасы түсуі, кеінірек ол мыс оксидінің (II)
қызыл тұнбасына ауысады. Моносахаридтің фелинг реактивімен тотығуы өте жылдам жүреді.
Фелинг сұйығы глюкозаға сапалық реакция үшін қолданылады.
Фелинг реактивін тотығу
реакциясының теңдеуін жазыңдар.
Моносахаридтердің бром суымен тотығуы.
Реактивтер:
Бром суы, глюкоза ерітіндісі және 2%-тік фруктоза ерітіндісі.
Екі пробиркаға 1 мл-ден бром суын құяды. Бірінші пробиркаға 0,5 мл 2%-тік
глюкоза
ерітіндісін, екіншісіне 0,5 мл 2%-тік фруктоза ерітіндісін қосады.
Пробиркадағы қоспаларды
қайнап тұрған су моншасында 15-минут қыздырады. Осы уақыт ішінде бромның қоңыр түсі
жойылмаса онда пробиркаларды горелканың жалынына реакциялық қоспаньщ түссіздігінше
қыздырады. Пробиркалардағы қоспа салқындаған соң оларға бірнеше тамшы темір хлоридінің (3)
1%-тік ерітіндісін қосады (күлгін түске фенолмен боялған). Екі пробиркадағы қоспа ерітін. Бояу
түстерін салыстырыңдар. Осы тэжірибеде қай моносахарид оңай тотығады?
Глюкозаның бром
суымен тотығуының схемасын жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: