Лабораториялық сабақтар тізімі


Моносахаридтердің қасиеттері



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата18.02.2023
өлшемі291,94 Kb.
#169223
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Лабораториялық жұмыстар ЖОТ (2)

Моносахаридтердің қасиеттері 
 
Фуксинкүкіртті қьшқлын дайындау әдісі. 
0,2 г фуксинді 200 мл дистилированный суда ерітіп оған 2 г натрий 
гидросульфитін және 2 мл күшті қышқылын қосады. 
 
Фелинг реактивін дайындау әдісі
Екі ерітінді дайындалады: 
а) 34,6 г крист. Мыс сульфаты 500 мл дист. Суда ерітеді 
б) 173 г сегнет тұзын және 70 г NаОН 500 мл суда ерітіледі. Қолдану алдында бірдей 
көлемде екі ерітіндіні араластырады. 
Моносахаридтегі гидроксиль тобынын барлығын дәлелдеу. 
Реактивтер: 
Глюкозаның 1%-тік ерітіндісі, натрий гилроксидінің 10%-тік ерітіндісі және мыс 
сульфитінің 5%-тік ерітіндісі. 
Пробиркаға 2 мл 1-%-тік глюкоза және 1 мл натрий гилроксидінің 10%-тік ерітіндісі 
құйылып араластырылады. Алынған қоспаға мыс сульфитінің 5%-тік ерітіндісі тамшылатылады, 
содан соң пробирканы сілкиді. Алғашқыда пайда болған мыс сульфитінің (II) көк тұнбасы 
сілкігенде еріп, түссіз мыс сахаратының (II) ерітіндісі түзіледі. (әлсіз көк түсті бояу). Тәжірибені 
қайталайды, глюкоза ерітіндісің орньша 1%-тік фруктоза ерітіндісі алынады. Глюкоза мен 


фруктозаның мыс гидроксидімен (II) сілті ерітіндісіндегі реакциясы моносахаридтердің 
молекуласьшда бірнеше гидроксил тобы бар екенін дәлелдейді. Бұл реакция көп атомды 
спирттерге де тән. Реакция нәтижесінде гидроксил тобындағы сутек атомдары металл атомдарына 
алмасып, алкоголят тәріздес комплекс түзеді, олар сахараттар деп аталады. 
 
Глюозаны сірке ангидридімен ацирлеу. 
Реактивтер: 
Глюкоза (сузыз), сусыз натрий ацетаты, сірке ангидриді және мұз. 
Құрғақ пробиркаға 1 г сусыз глюкоза және 1 г сусыз натрий ацетатын салады. Қоспаға 5 мл 
сірке ангидридін қосады. Пробиркадағы қоспаны шыны таяқшамен араластырады. Пробирканы 
пробкасы жабылған кері салқындатқышқа жалғап жайлап сілки отырып 5-10 минут қыздырады. 
Пробирканы ауада салқындатқан соң реакциялық қоспаны 20 мл мұзды суға құйып шыны 
таяқшамен араластырады. Біраз уақыт өткен соң пентаацетилглюкозаның кристалдары бөліне 
бастайды. 10 минут өткен соң кристалды сүзіп, сүзгіде азырақ көлемдегі мұзды сумен шаяды, сүзгі 
қағаз жапырақтарының арасында кептіреді. Түзілген кристалдарды микроскоп астында қаралады. 
Глюкозаның сірке ангидридімен реакциясының схемасын жазыңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет