Белоктар мен амин қышқылдарының түрлі-түсті реакциялары. Биурет реакциясы. Реактивтер:
1%-тік CuSO
4
, 10%-тік және 30%-тік NaOH, 1 %-тік Нингидрин реактиві, 5%-дық
(CH
3
COO
2
)Pb.
2 пробирка алып біреуіне 5 тамшы 1%-тік жұмыртқа белогының ерітіндісін, екіншісіне 5
тамшы 1%-тік бидай белогының ерітіндісін құяды. Содан соң екі пробиркаға да 5 тамшыдан 10%-
тік NaOH ерітіндісін және 2-3 тамшыдан 1%-тік CuSO
4
ерітіндісін қосады. Екі пробиркадағы
ерітінді де тұрақты күлгін-көк немесе қызыл-күлгін түске боялады. Бояудың түсі (қоюлығы)
пептидтік байланыстың санына қарай өзгереді.
Нингидрин реакциясы. Реактивтер:
1%-тік жұмыртқа белогы, 1%-тік бидай белогы, 0,1%-тік глицин ерітіндісі және 0,1%-тік
нингидрин ерітіндісі.
Үш пробирка алып оның біріншісіне 5 тамшы 1%-тік жұмыртқа белогын, екіншісіне 5
тамшы 1%-тік бидай белогын, ал үшіншісіне 5 тамшы 0,1%-тік глицин ерітіндісін құяды. Содан
соң әрбір пробиркаға 2-3 тамшыдан 0,1%-тік нингидрин ерітіндісін қосып қайнатады, 1-2
минуттан кейін ерітіндінің түсі қызғылт артынан көк түске ауысады. Пробиркалардағы
ерітінділердің түстерін салыстыра отырып қорытынды жасаңыз.
Ксантопротеин реакциясы. Реактивтер:
1%-тік жұмыртқа белогы, 1%-тік бидай белогы және концентрлі HNO
3
.
Екі пробирка
алып, біріншісіне 5 тамшы
1%-тік жұмыртқа белогының ерітіндісін, екіншісіне
5 тамшы 1%-тік бидай белогының ерітіндісін құяды. Содан кейін екі пробиркаға да екі тамшыдан
концентрлі HNO
3
қосып қыздырады. Пробиркадағы сұйықтар ашық сары түске боялады. Оларға
аздап сілті немесе аммиак ерітіндісін қосатын болса түсі қызғылт-сарыға ауысады.
Фоль реакциясы. Реактивтер:
1%-тік жұмыртқа белогы, 1%-тік бидай белогы, 5%-тік қорғасын ацетатының ерітіндісі және
30%-тік NaOH ерітіндісі.
Екі пробирка