Дәрісті бекіту сҧрақтары:
1.
Исатай мен Махамбеттің халықты кҿтеріліске бастауының
себептері мен мақсаты не еді?
2.
Кҿтерілістің шешуші кезеңдеріндегі оқиғалар ақынның қай
шығармаларында суреттеледі?
3.
Махамбеттің іс-ҽрекеттері мен ой танымының кҿтеріліс
басылғаннан соңғы бағыты қалай ҿрістеді?
4.
Исатай-Махамбет бастаған ұлт азаттық күрес тарихы
баяндалатын қандай зерттеу еңбектерді оқыдың?
Әдебиеттер:
Н.ҽ:1,3,4,5,6,9,10,14,17,18,19,28,29,30.
Қ.ҽ:10,14,16,19,20,21,22,23,45-68.
ДӘРІС 5. МАХАМБЕТ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ
КӚРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Дәріс мақсаты:
Махамбет шығармаларының кҿркемдік
ерекшеліктерін саралап таныту.
Дәрістің жоспары:
1. Отарлық езгіге қарсы туған ҽдеби бағыттың Махамбет
поэзиясынан басталуы жҽне оның ҽдеби-тарихи себеп-
салдарлары.
2. Махамбет поэзиясының бастау бұлақтары мен ҽдеби-
кҿркемдік даму жолы
- 115 -
3. Махамбет шығармаларының тіл кестесі, ҿлең айшығы,
ақынның образ сомдау шеберлігі.
4. Махамбет ҿлеңдерінің жиналу, жариялану, ҽдеби-кҿркемдік
тұрғыдағы зерттелу тарихына шолу.
Ҿз заманындағы ҿмір ағысына қатысты тақырыптарды ғана сҿз
етпей, келер ұрпақтың сұранысын ҿтей алатын кҿркемдік-
эстетикалық жҽне адамзаттық, ұлттық құндылықтарды ҿнер
ҿзегіне айналдыра отырып, мҽңгілік мұра жауһарын тудырушы
кемеңгер тұлғалар ғана кҿркемҿнер тарихында қалары хақ. Күллі
поэзиясы азаттық, бостандық, тҽуелсіздік атты ең кҿкейкесті
тақырыпты адамзаттың басты асыл құндылығы ретінде ғажап
суреткерлік
шеберлікпен
ҿрнектеп
қалдырған
Махамбет
поэзиясының осындай қасиеті бүгінгі ұрпақты адамдық, ізгілік пен
ҽділет, адалдық, азаттық рухына бҿлеуде.
Махамбет поэзиясының бүгінге жеткен, келешекке ұласар
осынау азаттық рухы жаңа дҽуір ҽдебиетінің, яғни ХІХ ғасырдағы
отарлық езгіге қарсы туған ҽдеби бағыттың да басы болды. Оның
үш түрлі себебі бар: біріншіден, отаршыл империя ХІХ ғасырда
қазақ елін Бҿкей Ордасынан бастап, сатылы да жүйелі түрде Батыс
ҿңір, Сарыарқа, Жетісу аймақтарын кезекпен отарлады. Бұл езгіге
қарсы осы ҿңірлерден азаттық танымдарын кҿтерген ҽдеби
бағыттың айтулы бас ҿкілдері шықты. Осылардың ішінде патша
ҿкіметінің бодандық бұғауы Кіші жүздің Еділ мен Жайық
арасындағы қанаудың тҽжірибе алаңы түрінде алынған Бҿкей
Ордасынан басталғандықтан, XIX ғасырдағы азаттық рухындағы
ҽдеби бағыт Махамбеттен бастау алып, Шернияз Жарылғасұлы,
Алмажан Азаматқызы, Базар жырау Оңдасұлы, Ығылман Шҿреков
шығармашылықтарында ҿз жалғасын тапты. Патша ҿкіметі
отарлық езгіні қарулы күшпен жер отарынан, шаруашылық,
тұрмыстық қалыпты бұзып, рухани отарлауға ұластыра
жүргізгендіктен, Махамбет туған жер мен халық бостандығы
жолында ісшіл қол батыры ретінде кҿтеріліс басшыларының бірі
болса, ұлт руханиятын сақтау жолында ҿнер иесі ретінде жаңа
жауынгер ақындық поэтиканың негізін қалады. Екіншіден,
кемеңгер ғалым М.Ҽуезов: «Бұл күнде бұрынғыша толғау айтып,
алыстан қозғап ой түсіремін деп отыруға болмайды. Сондықтан,
Махамбет қызулы үгіт сҿзбен қалың қазақтың қайраты бар
ерлеріне ұран салады», – деп жазғанындай, Махамбет ҿзіне дейінгі
- 116 -
фольклор мұраларына тҽн қиялдау, аңыздау, анахронизм,
жыраулар поэзиясына тҽн абстрактылы, дерексіз, философиялық
кең сыр толғаулардың орнына, ақындық нақтылықпен ҿмір
шындығын қаз-қалпында қолдан қойғандай етіп поэтикалық
кҿркемдік шындыққа айналдырды. Үшіншіден, ханның, сұтан
правительдердің жеке бас ҽшекейіне айналған ақындық поэтиканы
солардың «күмбезін алтымен сырлатқан», «айналасы айшылық,
кҿлденеңі күншілік», «алтын тақты сарайынан» шығарып,
халықтың қалың ортасына ҽкелді. Жҽне ол поэзияның табиғи
кҿркемдік-эстетикалық қуатын сҿздің құдірет күшімен астастырып,
сезімге, ойға, қайратқа ҽсерін қатар ұштай отырып, ақындық
поэтиканы халық мүддесі жолындағы жаңа бағытқа бастады.
Махамбет шығармашылығы ҽдебиеттану ғылымында кҿбінесе
кҿтеріліс кезеңіндегі бір тақырып, жауынгер ақынның жорық
жырлары тақырыбы аясында алынып, сол тақырыптың ҽр кезеңдегі
ақынның хал күйімен байланысты талданады. Бұл дұрыс та.
Алайда, ақынның семсер жырдың сардары болар жолдағы нҽр
алған рухани бастаулары, олардан алған сҿз үлгілері мен ҿз
тарапынан қазақ поэтикасына қосқан ҿлең ҿрнегі де ҿз дҽрежесінде
талданып, танытылуы қажет. Бұл орайда Махамбет отарлық езгіге
қарсы күресте ҿзіне дейінгі Шығыстың діни ҽдебиеті мен түрік
халықтарына ортақ ҽдебиет үлгілерінің терең дүниетанымдық,
елжандылық қасиеттерін, жыраулар поэзиясы мен ұлттық
фольклор мұраларын ҿз шығармаларында пайдаланып қана
қоймай, оларды синтездеп, тұтастыра отырып, жаңа кҿркемдік
биікке кҿтерді.
Махамбет
шығармаларында
діни
ұғымдарды
бейнелі
суреттеуде қолданған терминдік мҽні бар сҿздер мен ерлік, елдік
рухпен ҿзара қабыстыра бейнелеген сҿз қолданыстары мол. Олай
болу себебі, Махамбет ҿз заманында Батыс ҿңіріне атағы жайылған
он тҿрт жыл тиянақты да сатылы білім беретін Қарғалыдағы 9
медресенің бҽрін бітірмесе де, сонда оқығанын айғақтайтын
деректер бар. Бұл жайлы С.Мұқанов: «Тарихи деректерге
қарағанда, Махамбет мұсылманша хат білген», – десе, мұны Б.
Аманшин де растайды жҽне 1939 жылы Махамбеттің Хиуадан
жолдастарына
жазған
хаты
мен
Е.Ковалевскийдің
«Странствователь по суше и морям» атты кітабындағы 1939 жылы
қарашада Борсық құмындағы ауылдардың бірінде Махамбетпен
кездескен кештегі батыр ҽңгімесінен алған ҽсерін жазған сҿзінде:
- 117 -
«Ол ҿзінің айтпақ пікірлерін дҽлелдеу үшін Құраннан да үзінділер
келтіреді», – деген. Енді Махамбеттің Шығыстың діни ҽдебиетін ҿз
поэзиясында қаншалықты терең мҽнде қолданғанына дарынды
ҽдебиеттанушы, ғалым, публицист М.Тҽж-Мұраттың «Дулығасыз
Махамбет» атты еңбегінен айқын мысал келтірейік: «Есіл Ер»
ҿлеңінде кҿлденең кҿз байқай бермейтін екі тіркес кездеседі, оның
бірінде Қарауыл қожа «шайтан» аталса, Исатай «арыстан» деп
ҽспеттеледі. Мұнымен ақын Исатайды киелеп, Қарауыл қожаны
кесір етіп кҿрсетеді. Кҿне тҽңірілік ұғымда арыстан – ҿрліктің,
күш-қуаттың белгісі ғана емес, жер бетіне билігін жүргізетін киелі
күш. Шайтан – дажал, дҽлірек айтқанда оның нҽсілі, сапалағы.
Шайтан атасы дажалдан адамзатты арбайтын қабілетін мұралайды.
Арыстан – осы екеуін күзеп алатын күштің бірі. Махамбеттің
«Арыстан еді-ау Исатай» деп қайта-қайта айта беруінің терең
конспирологиялық мҽні де осында. Ақын Қарауылдай дажалды
құртатын арыстанды хан алдындағы алғашқы ҿлеңінде ҽлгі кҿне
түсінікке сай толық сомдап шығарған. «Табаны жалпақ тарланбоз,
Шабарында есінер» дейтін қос тармақ ҽлгі эсхатологиялық
сарынды тиянақтап тұр. Тұлпар, ат – абзал жандардың кҽміл
иманы. Кесір күш осы тұлпар табанымен тапталады. Тұлпардың
табаны – шайтанның, дажалдың ажалы». Махамбеттің осындай
шайтандық, сауда-саттық қанауға дем беріп отырған империяның
жергілікті жердегі тұңғыш генерал шенін алып, шекпенін киген
Жҽңгірді сырты мұсылман, іші жаттың ісін қолдап, сҿзін сҿйлеуші
«аярсың» демегенде, не деуі керек еді? Ал, ақынның Жҽңгірмен ат
құйрығын кесісе айтқан осы сертті сҿзі (суггестикалық ҿлеңі)
іштен шыққан «қара шұбар жыланның» екі жақты құбылмалы
аярлығын бетіне басып:
Тастай қатты тағдырың
Исатаймен шешілер, –
деп күреске бел буған ерлердің ерлік, елдік ісінің бастауы болды.
Бұл ҿлеңнің астарлы кҿне Тҽңірлік діни мҽні жайлы жоғарыда біз
сілтеме алған зерттеуінде М.Тҽж-Мұрат былай деп жазады:
«Махамбет «Хан емессің – қасқырсың» толғауында бұрынғы
Қарауыл қожа кейіпті шайтанның бейнесін енді ханның ҿз басына
кҿшіріп, дажалдың символдық бейнесін береді. Бұл портреттің
бірінші жҽне негізгі рҽмізі – «қара шұбар жылан». Ескідегі
- 118 -
констирологиялық түсінік бойынша дажалдың бұл негізгі
белгісінің тұрақтанған пішімі – крест. Крест (Vipera cerastos) – кҿз
тостағанының үстінде шамалы мүйізтегі бар, ұзындығы 65-70
сантиметр шамасында, үстін қоңырқай теңбіл жолақ басқан, яғни,
қара шұбар жылан. Ҿлеңнің:
Хан емессің – аярсың,
Айыр құйрық шаянсың, –
деген келесі тармақтары дажалдық емес, лиминальдық сипатқа ие.
Limen – екі дүниенің босағасы, кісінің бір мезгілде ҽрі адам, ҽрі аң
сипатына
енуі,
яғни,
обырлығы
(оборотень),
аярлығы.
Озбырлықтың діни нихал – секта пішімінде ұйымдасатын түрі де
бар, мҽселен, XIX ғасырда Құбыла елінде сырттай мұсылман
атанып, іштей ҿз дінінде қалатын яһудилердің «ден мэ» («аярлар»)
дейтін сектасы болған.
Махамбет «аяр» сҿзіне осы соңғы мағынаны үстейді. Түптеп
келгенде ол ханмен екіжақтылығы, құбылмалылығы үшін ат
құйрығын үзіседі.
Хан баласы қара жылан-ды,
Қайта айналса шағар-ды, –
дейді. Исатайлар ауыр қолмен келіп хан ордасын қамайтын белгілі
тарихи уақиға кезінде «Алдап тұр ғой, Исеке-ау» деп атын
бауырлап қолды үш айналады. Олай болса ақын Жҽңгір бойындағы
дажалдық арбау мен лиминальдық аярлықты кімнен де болсын
анық кҿре білген».
Ҽдебиет тарихында сонау Алтын Орда тұсында, Ноғайлы
дҽуірінде жер, ел, кҿшпелі тұрмыс дҽстүрлері, ұлыстың
құндылықтары, түрік тегінің бірлігі мҽселелері Махамбет
тұсындағы бастан дҽурен тайған заманда тарылып, дербес хандық
ауқымнан да кішірейіп, аймақтық кеңістіктегі ел, жер тағдыры
деңгейіне түскен шақта, Махамбет қазақ ҽдебиетінің түрік
халықтарына ортақ намыс пен ерлік, жігер кернеген ҽдеби
үлгілерді академик З.Қабдолов айтқандай: «Ҿнердегі қасиеттің
символына» кҿтерді. Сондықтан да Махамбет:
- 119 -
Кешегі ҿткен Орақ пенен Мамайдай
Батырлар, шіркін, болар ма-ай!
Олардай болып жүруге
Біздерге қуат толар ма-ай! –
дейді.
Сҿйтіп, жасында ҿз шаңырағы, 9 жасынан Ордадағы орыс
оқуы, бозбала шағында мұсылмандық оқу негізінде Шығыс
руханияты мен қазақ ҽдебиетінің бастау кҿздерінен үлгі-ҿнеге алып
ҿскен Махамбет поэзиясы, ұлт фольклоры мен жыраулар
толғауларына келгенде олардан рухани нҽр алып, мҽуелі
бҽйтерекке айналған ақындық сҿз ҿнерінің жаңа бағытының
суатын ашты. Махамбет – жасынан ақын атанып, арабша, парсыша,
орысша сауатты, ел ішінде ақындық, сазгерлік туындыларымен
беделді болған адам. Мҽселен, ғалым Б.Адамбаев Махамбеттің жас
шағында шығарған «Түйеші шалға айтқан жауабы» деген ҿлеңін
тауып, 1958 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясы хабаршысының 8
санында бастырды. Ал Махамбеттің күйшілік ҿнері жайлы
«Махамбет энциклопедиясында» арнайы тарау берілген. Жалпы,
Махамбет поэзиясының туған ҽдебиеттің фольклорлық мұралары,
жыраулық
толғаулармен
тамырластығы
ақынның
күллі
шығармашылығынан айқын танылады. Сондықтан, Махамбеттің
жалынды ақын ретінде ҽдебиет тарихында мҽңгі ҿлмес мұра
қалдыруына оған дейінгі қазақ фольклоры, жыраулар поэзиясы, ҿзі
ҿскен орта, халықтың сҿз ҿнеріне деген зор сүйіспеншілігінің ҽсері
болды деген тұжырыммен қорытындыласақ жеткілікті.
Енді «ҿмірдегі қасіреттің синонимі, ҿнердегі қасиеттің
символы» (З.Қабдолов) болған Махамбет поэзиясын, оның
ешқашан дұшпанға дес бермеген, тек ел мен жер бостандығы
жолында басын ҿлімге байлап:
Батыр болмақ ойдан-ды,
Айғайласып жауға ти,
Тҽңірім білер, жігіттер
Ажалымыз қайдан-ды!–
деп жалындап ҿткен отты шығармашылық ғұмырын, ҽдебиеттану
ғылымында Махамбет мұрасына қатысты қалыптасқан үш кезеңдік
сатымен
байланыста
алып,
оларға
тҽн
ҽдеби-кҿркемдік
ерекшеліктерді ҽдебиет теориясы ұғымдары аясында топтастырып,
- 120 -
қысқаша саралап шығайық. Мұның бірінші кезеңі – 1821-1835
жылдарды қамтитын ақын поэзиясының кҿтеріліске дейінгі кезеңі.
Оның ҿзін кейбір ғалымдар Ордада жүрген мезгіл мен Ордадан
аластатылып, елді кҿтеріліске үндеген шағындағы шығармалары
деп жіктейді. Бұл жерде Махамбеттің алғашқы толғаулары
тіршіліктің түрлі құбылыстары болып, ақынның басқы ҿлеңдерінде
саяси-ҽлеуметтік ой-танымдар байқалмайды делініп, ақынның
халық жағына шығуын оның «Ордадан кетерде ханға айтқаны»
ҿлеңімен тұжырымдайды. Алайда тарихи деректер мен Махамбет
толғауларындағы жыраулық поэзияның ерлік, еркіндік, елдік
тақырыптары үлгілерін дамытуына қарағанда, Махамбеттің барша
мұрасы о бастан-ақ азаттық ауаны рухында туып, ҿрістегеніне
сілтеме
жасайды.
Мысалы,
М.Ҽуезов
Махамбет
шығармашылығының ҿн бойын кҿктей ҿтетін тақырып – шабуыл,
атой, ұран жыры екенін айта келіп, осы бір тақырыптың ақын
ҿлеңдерінде ҽр кезде ҽр түрлі баян етілгенімен, үнемі тек азаттық
ұранын кҿтергенін айтса, С.Мұқанов: «Махамбет Жҽңгірдің
Зұлқарнай дейтін баласына еріп Оренбургқа оқуға барды дегенді
айтушылар бар. Бұл мҽлімет үш жақтан дұрыс емес сияқты:
Бірінші – Жҽңгір хан Зұлқарнайдың шешесі Фатиманы 1824
жылдан кейін алып, одан Зұлқарнай туса, ал Махамбет 1804 жылы
туғанда, Зұлқарнаймен оқуға бару үшін жас мҿлшері алшақ жатыр;
екіншіден – егер Зұлқарнай 1824 жылдан кейін туғанда, оқуға
1833-34 жылдары бару керек, бұл кезде Махамбет патша үкіметінің
абақтысынан қашқан, ҿзі қашып жүріп, ол Оренбургке Зұлқарнайға
еріп қалай барады? Үшінші – барлық биографиясына қарағанда,
Махамбет біреуге кетеші, я күтуші болатын кісі сияқты емес», –
деген. Осы сҿздердің ішіндегі үшінші тұжырым мҽнді. Ал жалпы
Махамбеттің Зұлқарнаймен Орынборда болғаны рас. Ол жайлы
1838 жылы 13 желтоқсанда Орынбор Шекаралық комиссиясына
Исатай мен Махамбет жайлы жазған Жҽңгір ханның мінездеме
хатында: «Киргиз Мухаммет Утемисов ближайший и первый его
сообщник (Исатайдың), первый пособник этого мятежа,
нехорошего был поведения, находясь в Оренбурге при малолетнем
сыне моем султане Зюлкарнае, я прогнал его как негодяя»- деген.
Хатта Махамбет Зұлқарнаймен бірге Орынборда болды дегенмен,
Жҽңгір оны менің баламның күтушісі, менің сарай адамым болды
демеген. Оған қоса жоғарыда біз айтқан кітабында Е.Ковалевский:
«Махамбет Ҿтемісов – Жҽңгір ханның кеңесшісі, оның үйі мен
- 121 -
сарайының ешкімге есеп бермейтін басқарушысы»,- деп жазатыны
да бар. Бұдан Махамбеттің қызметші деңгейін емес, еркін, ҿр
бейнесін танимыз. Сонымен бірге С.Мұқанов Махамбеттің 1829-31
жылдары патша ҿкіметінің абақтысында жатқаны жайлы мҽліметті
келтіре отырып, тарихшылардың мұның себебі Махамбеттің
Жайықтан Кіші жүзге ұрланып ҿтуі болды дегендеріне қарсы:
«Махамбетті 1829-31 жылдары үкіметтің екі жыл абақтыға жабуы,
оның шекарадан ҿтемін деуінен салмақтырақ бір жағдаймен
байланысты ма деген ой келеді. Осыған қарағанда, Махамбеттің
ханға, патшаға наразылығы ерте басталу керек», – деп жазған.
Ғалымның бұл пікірі Қайыпқали Есімұлының 1829 жылдардағы
Жҽңгірге қарсы күресіне Махамбеттің қатысуы мүмкін деген ойға
ишара жасайды. Махамбеттің халықтық кҿзқарасының қалыптасуы
оның Ордада болған кезінде туып, Орынборда түбегейлі орнығып,
Ордадан кетуіне Исатай бастаған кҿтерілістің алғашқы толқулары
туған 1833-34 жылдар екенін қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы Х
сыныпқа арналған «Қазақ ҽдебиеті» оқулығының Ұ.Асылов
жазған «Махамбет Ҿтемісұлы» бҿліміндегі тұжырымдар негізінде
қысқаша қорытындылайық. Махамбет Жҽңгір хан сарайындағы
мектепте түрік, араб, парсы, орыс тілін меңгеріп, жасынан
жалынды жыраулық толғаулардың ерлік, ҿрлік, ізімен
туындыларды дүниеге ҽкеліп, ҿнер иесі ретінде Жҽңгірдің назарын
аударады. Даланың ұшқыр қиял, ҿткір ойлы, тарпаң мінезді,
аталарындай «елдің қамын жеген», еркіндік сүйген ер жүрек ақын,
азып-тозып бара жатқан халыққа ханнан қайыр жоғын кҿзімен
кҿріп, кҿкірегіне түйіп ҿсті. Орынбордағы шенді, осқырынған
тҽккҽппар патша шенеуніктерінің қаласына жібергелі отырған
ұлының қасына ханның орыс тілін, ділін білетін, асқақ, ер тұлғалы
ҿр Махамбетті қосуы заңды еді. Бұл сапарда Махамбет Орынборда
отарлық саясаттың сырына қанығып, В.И.Даль сияқты адамдармен
пікірлесе жүріп, «қорлықта жүрген елінің қорғаны», жоқшысы
болуға берік бел байлады.
Сонымен,
1821-1835
жылдарды
қамтыған
Махамбет
шығармашылығының алғашқы кезеңі бірден азаттық ауанына бет
бұрған ҿршіл, жауынгер рухты оптимистік романтикалық
туындылардан тұрады. Махамбеттің мұндай шығармалары ақын
мұрасының алғашқы кезеңінде ғана емес, күллі поэзиясында желі
болып жалғасып жатыр. Махамбеттің жыраулық толғау түрінде
туған поэзиясы, бірте-бірте ақындық ҿлеңге ауыса отырып, жалаң,
- 122 -
құрғақ үгіт түрінде емес, зымырап, шарқ ұрып, от шашып, іші-
тысы бірдей тұтас эстетикалық та, этикалық та лҽззҽтқа бҿлеп,
тыңдарманның отаншылдық сезімін оятып, қанын қоздырып,
ұлттық, түріктік, Шығыстық терең ой танымы мен нҽзік сезімді
ҿзара бірлікте біртұтас жырға айналдырған. Мұндай толғаулары
мен ҿлеңдері жыраулық дҽстүрден бастау алып, дамыған. «Еңселігі
екі елі», «Арғымақ сені сақтадым», «Арғымақтың баласы»,
«Махамбеттің Ордадан кетерде ханға айтқаны» сияқты толғаулары
мен ҿлеңдері – осындай туындылар.
Махамбет
шығармашылығының
1836-1838
жылдарды
қамтитын кҿтеріліс кезіндегі туындылары – ақын мұрасының
екінші кезеңі. Кез-келген кҿркем туынды, тіпті фольклордың ҿзінің
99 пайызы реализмнен(ҿмір шындығынан), яғни, болмыс жайынан
туып, сҿз зергерінің шебер тілімен ҿнерге айналған туындылар деп
бағаласақ, шығарманың кҿркемдік негізі, ҽдеби үлгісі жағынан
атаулар беруде реализм термині сҽтті бола қоймас. Дегенмен, ұлт
азаттық кҿтерілісі, оның туу себебінен бастап, Исатай қазасына
дейінгі кезеңдегі ҽрбір ірілі-ұсақты оқиғаларға, майдан суреті,
батырлар қимылы, соғыстың жекелеген детальдарына дейін тарихи
нақтылықпен бейнеленетін ақын ҿлеңдерін тарихи нақты реалистік
сипаттағы шығармалар ретінде алып қарастырамыз. Ондай
ҿлеңдерде түрік халықтарының бҽріне ортақ дүниетаным, салт-
дҽстүр, кҿшпелі тұрмыс қалпының бірлігінен бастап, шығыстың
діни ҽдебиетіне тҽн ұғымдар, қазақтың ұлттық жыраулық толғау
ҿрнектері бірлесе келіп, отарлық езгі шындығын, халықтың туған
жерден айрылған, тұрмысы күйзелген ауыр жағдайын, кҿтеріліс
тарихын, қысқасы, отарлық езгіге қарсы ұлт азаттық күресінің
нақты шындық қалпын бейнелеген. Х.Досмұхамедұлынан бергі
атақты ғалымдардың баса айтып, арнайы кҿрсеткен Махамбет
шығармашылығын тануда басты ұстаным – ҽдебиеттің тарихылығы
принципі болуы керек деген тұжырымның мҽні зор. Ҿйткені,
халқымыздың танымдық, тарихи, ҽдеби-эстетикалық ҿсу жолын
Махамбет поэзиясы арқылы терең ұғуға болады. Сондай-ақ,
Махамбеттің жорық жырлары – халқымыздың ұлт азаттық
күресінің қанмен жазылған қастерлі шежіресі. Ақынның мұндай
ҿлеңдеріне «Толарсақтан саз кешіп», «Мұңайма», «Шамдансам,
шалқамнан түсер асаумын», «Исатай деген ағам бар», «Соғыс»,
«Туған ұлдан не пайда?», «Кел, кетелік, кетелік», т.б. жатады.
- 123 -
Махамбет шығармашылығының үшінші кезеңіне 1839-1846
жылдардағы кҿтеріліс жеңіліске ұшырағаннан соңғы шығармалары
енеді. Жалпы, Махамбет – жауынгер рухтағы жалынды оптимистік
романтикалық бағыттағы, реалистік сипаттағы ҿлеңдермен қатар,
нҽзік сезімді лирикалық туындаларымен де қазақ поэзиясын
байытқан ақын. Оның лирикалық ҿлеңдері кҿтеріліс басылғаннан
соңғы шығармаларында ҿте мол. Ҿз халқын, ҿз Отанын сүйген
ұлтжанды ақынның лирикалары жеке бас мұңын, туған жер
қасіретін, оның кҿркем табиғатын халық мұңымен бірлікте ала
отырып, оптимистік рухта түйіндейді. «Ақынның бұл кезеңдегі
туындалары ой тереңдігімен, философиялық түйіндерімен,
лирикалық нҽзіктігімен, психологиялық тебіреніс, толғамдарымен
ерекшеленеді». (Қазақ ҽдебиетінің тарихы: ХІХ ғасырдың бірінші
жартысы (1800-1850), ІV том, Алматы, 2005). Ҿйткені, елін сүю,
Отанын қорғау, халқына ұранды, ойлы, ғибратты сҿз айту, бір ауыз
сҿзбен айтқанда, елдік патриотизм бос мақатаннан емес, жанды
жеген мұң мен зардан туады. Сондықтан Асан Қайғы:
Таза мінсіз асыл сҿз,
Ой түбінде жатады.
Ой түбінде жатқан сҿз,
Шер толқытса шығады, –
десе, Махамбет «Батыр болмақ ойдан-ды» дейді, яғни, батырлық
аяқ астынан ҿз-ҿзінен жасалмайды, батырлық Отанды сүюден,
жауға ҿшпенділіктен, ең бастысы, халық мұңының түп себебін
терең ұғынудан барып туады деп отыр. Міне, сондықтан да
Махамбет ҿлеңдерінде осы кезеңдегі ақынның жан азабы ұлттық
мұңға, тіпті адамзаттық мҽндегі Абай, Мағжан суреттеген «Ойлы
адамға қызық жоқ, бұл жалғанда», «Сұм ҿмір абақты ғой саналыға»
деген деңгейге кҿтеріліп, адамзат пен табиғат, билік пен ҽділет,
тектілік пен теңдік, адам ғұмырының мҽні сынды философиялық
ой-танымдарын поэтикалық ҿлең ҿрнегінде кестелеген. Сондықтан
Махамбеттің сезімге құрылған эллегиялық, саяси-ҽлеуметтік,
табиғат, болмыс жайлы ойларын бедерлеген ҿлеңдерін, біртұтас
романтикалық сипаттағы лирикалық шығармалар қатарына
жатқызамыз. Ақынның «Мінкен ер», «Аспанда ұшқан ақ сұңқар»,
«Қайда бар?», «Қаршыға деген бір құс бар», «Қалы кілем, қара
- 124 -
нар», «Жалғыздық» сияқты ҿлеңдері – осының айғағы. Сонымен
бірге :
Ҽркiмдi заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек?
Заманға жаман күйлемек,
Замана оны илемек, –
деп, кемеңгер Абай айтқандай, байыптап ой тастасақ, ҿмiрiнiң
соңғы жылдарындағы Махамбет шығармашылығынан жаңа, тың
ҽдеби бетбұрысты да байқауға болады. Ол ақынның «Шонты
биге», «Шернияға айтқан жұмбақ», «Баймағамбет сұлтанға»
сияқты ҿлеңдерiндегi нақтылық, сыншыл реализм кҿнiсi.
Жалпы қазақ ҽдебиетi тарихында жырлаулар поэзиясы Бұхар
жырау толғауларымен аяқталып, ақындық бастауы Дулат
шығармашылығынан желi тартқанмен, Бұхар шығармаларын
толықтай жыраулық дҽстүрге жатқызу қисынсыз. Ҿйткенi
Бұхардың:
Iлiмдi түгел бiлсе де,
Қызығын қолмен бҿлсе де,
Қайғылы күнi қабарып,
Қаралы күйге түссе де, –
Ҿмiрге тоймас адамзат, –
деген «Ҽлемдi түгел кҿрсе де» ҿлеңiнен алынған тармақтардағы
ҿлең құрылысы мен ой ағымының ақындық белгiлерi басым. Сол
сияқты Махамбеттiң жоғарыдағы аталған ҿлеңдерiнде де
жыраулық дҽстүрдегi романтизм, болжал жыр элементтерi мол
болғанымен, кейiпкерлерiнiң шынайы бейнесi, олардың iс-
ҽрекеттерi нақты ҽлеуметтiк жағдаймен сабақтас сыншылдықпен
ащы суреттеледi. Себебi ақын бұл кезде «ақырып теңдiк сұраудың»
уақыты ҿткенiн, сондықтан халыққа «шендi шекпендiлердiң»
сұрқын суреттей отырып, олардан елдi жирендiру керектiгiн,
отарлық езгiден құтылу жолы жадидизм, оқу, білімде қалғанын
сезе бiлдi. Сондықтан, Махамбет поэзиясында адам бойындағы
кемшілік мінездер мен отарлық езгі ҽкелген ҽлеуметтік теңсіздікті
сынаған ҿлеңдер туды. Ондай ҿлеңдерінде ақын ел мүддесін сатқан
«шенді шекпенділерді» сынап қана қоймай, оларға деген халық
- 125 -
кегін ашу-ызаға толы зілді сҿздермен бетке басып, ашық айтады.
Сонымен қатар, қалың кҿпшіліктің, ел азаматтарының, тіпті
Исатайдың да қате-кемшіліктерін жасырмайды. Махамбеттің
мұндай ҿлеңдерін сыншыл реализм ауанындағы шығармалар деп
атауға болады.
Сонымен, Махамбет поэзиясының кҿркемдік кестесін танытар
үлгі-ҿрнектер мол. Солардың кейбіріне шолу жасайық:
1.
Махамбеттің тарихи шындық пен ҿзінің кҿңіл-күйін
астастыра суреттейтін «Ҽскер жиып аттандық», «Ортамыздан келіп
қол жетті», «Толғай-толғай оқ атқан» деген реалистік оқиғаны
лирикаға бҿлеп бейнелеген қысқа тарихи эпикалық ҿлеңдерін 1925
жылғы басылымда Х. Досмұхамедұлы цифрлармен белгілеп, бір-
бірімен жалғастыра орналастырған. Кейін Қ. Жұмалиевтің
мазмұндық
жҽне
поэтикалық
құрылымдық
тұрғыда
құрастыруымен олар «Соғыс» деген ортақ тақырыптағы майдан
оқиғасын бейнелеген тұтас тарихи қысқа ҿлең түрінде ҽдеби
айналымға енді. «Соғыс», «Мінкен ер», «Исатай сҿзі» сынды
осындай ҿлеңдерден біз тарихи оиғадан туған ҿмір шындығын
ақынның ҿз сезімін халықтың кҿңіл-күйімен ұштастыра суреттеу
арқылы, саяси-ҽлеуметтік лирика тудырғанына куҽ боламыз.
2.
Махамбеттің бірқатар ҿлеңдері ауыз ҽдебиеті үлгісіндегі
шешендік сҿздердің шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік
нақыл түрлерімен берілген. Оларда ақын айтар идея мен мазмұнды
ҿлең түріне сай шешендік интонацияға негіздеп, сұраулы, лепті,
арнаулы риторикалық сҿйлемдермен экспресивті-эмоцияналды
ҽсерін күштейтіп жырлаған. Оған ақынның «Ереуіл атқа ер
салмай», «Мұңайма», «Айныман», «Желп-желп еткен ала ту»
сияқты туындылары жатады.
3. Махамбет жыраулар поэзиясының кҿркемдеу құралдарының
жарлай, сұрай, зарлай арнау, риторикалық сұрау, қаратпа сҿз,
кҿркемдік кестесі келіскен фразеологизмдерді ҿз поэзиясында
құбылта, дамыта ҿрістеткен. Ақынның «Жалған дүние», «Орай да
борай қар жауса», «Аспандағы бозторғай», «Пыр-пырлай ұшқан
қасқалдақ», «Еменнің түбі – сары бал» толғаулары – осыны
айғақтайды.
4. Махамбеттің эллегиялық ҿлеңдерінде сол замандағы халық
басына түскен қаралы хал ақынның жан қасіреті, жабыққан мұң-
шері, торыққан кҿңілінің күйі түрінде туған жер табиғатымен
психологиялық параллель мҽнде алынып суреттеледі.
- 126 -
Пыр-пырлай ұшқан қасқалдақ
Кҿгінде жатып кҿркеймес,
Ҿртенсе кҿлдің қоғасы.
Аруана мая күңіренер,
Бауырынан ҿлсе баласы.
Суда жүзген нҽн балық
Шағала құсқа жем болар,
Үзілсе кҿлдің сағасы.
Атадан қалған сауыттың
Шығыршығын тот басар,
Жыртыла тозса жағасы –
деген ҿлең жолдары – бұған айғақ.
5. Ахмет Байтұрсынұлының «Ҽдебиет танытқыш» атты
ҽдебиет теориясына арналған тұңғыш еңбегіндегі кҿркем
шығармалардағы кҿркемдеу ҽдістеріне арналған тарауында: «Кҿңіл
қалыпты тыныш күйінде тұрғандағы адамның аузынан шыққан сҿз
бен кҿңіл кҿтеріңкі иҽ бҽсең уақытта адам аузынан шыққан сҿздің
екеуі бірдей болмайды», – дегеніндей, Махамбет поэзиясында
жайбырақат бейбіт тірліктің тыныш күйі жоқ. Сондықтан оның
ҿлеңдеріндегі образдар қимыл, ҽрекет үстінде не ҽсерлеу,
лептеумен алаулаған ҿр ауанда суреттеледі, немесе гротеск,
сарказммен мазақ бейнеде тұқырта, жерге тыға бейнеленеді.
Сонымен бірге Ғафу Қайырбеков: «Махамбет ҿлеңдерінің негізгі
кейіпкерлері – Исатай мен ҿзі. Ал қарсы жақтағылардан – Жҽңгір,
Баймағамбет сұлтан Айшуақов жҽне Қарауыл қожа», – деп атап
кҿрсеткен
образдарды
сомдауда
ақын
ҿзінің
азаматтық
ұстанымына сай оларды саяси-ҽлеуметтік кҿзқарасы тұрғысында
поэтикалық
бейнеде,
тарихи
оқиғалармен
байланысты
суреттегенде реалистік тұрғыда сипаттайды. Осы образдардың
ішінде сырт портреті, ішкі жан ҽлемі, барша азаматтық тұлғасы
ерекше бедерленіп, кҿркемҿнердегі мҽңгі ҿшпес бейнеге айналғаны
– Исатай образы. Бұл орайда Махамбет Исатай бейнесін
фольклордың жоқтау түрінің ізімен сомдаған.
Махамбет поэзиясындағы ҿршiл рух, оптимистiк романтизм
Исатай ҿлiмiнен соңғы жырларында да бiр сҽт бҽсеңдемейдi. Мұны
кҿтерiлiс кҿсемi мерт болып, азаттық күресiнiң бiр уақ сҽтсiздiкке
шалынған кезiнен кейiнгi ақын шығармаларына тҽн ҿзiндiк
ерекшелiктерiнен айқын тануға болады. Олар: бiрiншiден,
- 127 -
фальклорлық дҽстүрдi тарихи жағдаймен байланыста рухани күрес
құралы ретiнде қолдану болса, екiншiден, ҽдеби кейiпкердi даралап
сомдау арқылы заманға сай азаттық идеясын насихаттау. Мҽселен,
фальклордың жоқтау түрiндегi аза тұту жырларында адамның
тiрлiктегi барлық қасиеттерi толық жырланады. Ал Исатай ҿлiмiне
байланысты айтылған Махамбет ҿлеңдерiнде құбылтудың
ауыстырып айту, астарлау тҽсiлдерi қолданыла отырып, батырдың
Ер тұлғасы баса суреттелген.
Желпiлдеген ала ту
Жиырылып ойға түскен күн,
Аса шапқан құлаша ат
Зымырандай болған күн,
Арқаулының бойынан
Терiскей дауыл соққан күн,
Садағы болат қылыштың
Балдағынан сынған күн,
Хас бҽйтерек жығылып,
Жығылғаны естiлiп,
Алыстағы дұшпанның
Қуанып кҿңiлi тынған күн!
Осы мҽндес «Тарланым», «Күн болған», «Мiнкен ер» сияқты
жырларында ақын серке, құлжа, арыстан, жайын, қайың мен
қарағай сияқты қазақ халқының ұлттық нақышын танытатын
дүниетанымдық ұғымдарды Исатай қазасы үстiнде боздақтың
қаһармандық бейнесiне балама ретiнде ала отырып, халықты батыр
iсiн жалғастыруға, дұшпаннан кек қайтаруға, ҽдiлет жолындағы
күрестi тоқтатпауға шақыру мақсатында қолданған. Сонымен
бiрге, Махамбет Исатай бейнесiн романтикалық тұрғыда азаттық
жолындағы күрескерлердiң типтiк образы деңгейiне кҿтерген жҽне
оны ертеңнен үмiтi бар, жауынгер жiгерi мұқала қоймаған елге үлгi
еткен. Сондықтан:
Таудан мұнартып ұшқан тарланым!
Саған ұсынсам қолым жетер ме?
Арызым айтсам ҿтер ме?
Арыстаным, кҿп болды-ау
Саған да менің арманым!
- 128 -
Кермиығым, кербезім,
Керіскедей шандозым,
Құландай ащы дауыстым,
Құлжадай айбар мүйіздім,
Қырмызыдай ажарлым,
Хиуадай базарлым,
Теңіздей терең ақылдым,
Тебіренбес ауыр мінездім!
Садағына сары жебе салдырған,
Садағының кіресін
Сары алтынға малдырған,
Тереңнен кҿзін ойдырған,
Маңдайын сары сусар бҿрік басқан,
Жауырынын күшіген жүнді оқ жанышқан,
Астана жұртын айналған!
Атына тұрман болсам деп,
Жұртына құрбан болсам деп,
Адырнасын ала ҿгiздей мҿңiреткен,
Атқан оғы Едiл, Жайық тең ҿткен!
Атқанын қардай боратқан,
Кҿк шыбығын қанды ауыздай жалатқан,
Арыстан еді-ау Исатай!
Бұл фҽнидің жүзінде
Арыстан одан кім ҿткен?!
сияқты ҿлең тармақтарында Исатайдың ер кескiнiн сомдап қана
қоймай, күрескердiң түп мақсаты – ұлт бостандығы екенiн ашып
кҿрсетедi. Осы ҿлеңдегi «астана жұрты» деген тiркес белгiлi бiр
хандыққа қарайтын ел, яки қазақ жұрты дегендi бiлдiрсе:
Күншығыстың астында,
Күнбатыстың тұсында
Қарындасым бар-ды деп,
Қабырғасын сҿксе де,
Қанын судай тҿксе де,
Қайыспас қара нар-ды деп,
Маңдайынан күн ҿтiп,
Жауырынынан жел ҿтiп,
Күн астымен жеткен ер!
- 129 -
деген тармақтарындағы кейiпкердiң мақсаты Iшкi тараптағы
отаршылдарға қарсы ұлт-азаттық күрес екенi айқын танылады.
Исатай образына тҽн тағы бiр ерекшелiк, оның реалистiк
сипатына байланысты. Жоғарыда келтiрiлген шумақатарда батыр
образын ақын ҿлеңнiң кҿркемдiк кестесi мен рухани ҽсерi үшiн
романтикалық тұрғыда суреттегенмен, оның iс ҽрекетi, мақсаты
реалистiк мҽнде нақтыланған, яғни батыр болмысы тарихи
жағдайларға орайластырыла ҽрекет үстiнде дараланып, заманға сай
азаттық идеясына қызмет етiп тұр.
Сондықтан да Исатай образының сомдалу ерекшелігі жайлы
Сҽбит Мұқанов: «Исатайдың ҿліміне қайғырып, оны жоқтағанда
Махамбеттің аузындағы сҿзі жүрегінің қанындай саулайды.
Исатайдың халықшылдығы, батырлығы, қайраты, ақылы, жігері,
қысқасы – образы қандай тамаша жасалған!» – десе, Зейнолла
Қабдолов: «Батыр ақын батыр қолбасының сҿз ҿнеріндегі мҽңгілік
бейнесін сомдады да, бұрқанған күшке, бұла қайратқа, шиыршық
атқан жігерге, ызалы ашуға, ашулы ақылға, ақылды нақылға толы
ҿлең жырын, тұтастай алғанда, ҿзінің автопортретіне айналдырды.
«Махамбеттің ҿз образы» деген – сол! Ҿйткені оның «қорғасыннан
құйылған» ап-ауыр ҽр сҿзінен Махамбетті танимыз»- деген.
Мұндай ҿлеңдерге «Тарланым», «Мінкен ер», «Қызғыш құс»,
«Мұнар күн», «Ҽй, Махамбет жолдасым» т.б. атауға болады.
6. Махамбет шығармаларының тілі ҽрі кҿркем, ҽрі ҿткір, ҽрі
күшті болуымен қатар, ҽр сҿзі орынды, ҽр жайға лайықты
құрылып, ішкі мазмұн сыртқы түрмен біте қайнасқан, образдары
ҽрекет, қимыл үстінде, ойлары логикалық қисынды дҽлелдермен
беріледі. Мысалы:
Күнқақаты ердің астында,
Кҿп жүгіретін кҿлік бар.
Кҿн садақтың ішінде,
Кҿбе бұзар жебе бар.
Қарайғанның жігіттер,
Бҽрін кісі демеңіз,
Кҿпе-күндіз тайраңдап,
Түзге шықпас ерлер бар.
- 130 -
7. Махамбет ҿлеңдері – жыр ағымындағы 7-8 буынды, аралас
буынды жҽне «Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай» деген 11 буынды
бір ҿлеңнен тұрады. Ҿлеңдерінің құрылысы тақырыбы мен
мазмұнына сай қысқа, нақты, ҿткір сҿздермен құрылған 7-8
буынды, кей ҿлеңдерінде таза 7 буынды болып келеді. Мысалы,
«Еменнің түбі – сары бал», «Бұл дүниенің жүзінде», т.б. Ал буын
сандары бір тармақтарда кҿп, бірінде аз болып келетін аралас
буынды ҿлеңдері ҿлеңнің ұйқасы мен ырғағына, логикалық ойға
байланысты құрылып, тыңдарман мен оқырманға ҽсерлі, кедергісіз,
тҿпеп, нҿсерлетіп ҿткендей болып тыңдалып, оқылады. Мысалы,
«Толарсақтан саз кешіп» ҿлеңі.
8. Махамбет ҿлеңдері 4 түрлі ұйқасқа құрылған. Олар Қара
ҿлең ұйқасындағы «Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай» деген ҿлеңі
(а-а-б-а), шұбыртпалы ұйқас (а-а-а-а), кезекті ұйқас (а-б-в-б), ерікті
ұйқас (а-б-в-б-г-б-д-б). Мысалы, шұбырпалы ұйқасқа «Ереуіл атқа
ер салмай», кезекті ұйқасқа «Аспандағы бозторғай», ерікті ұйқасқа
«Соғыс» сияқты ҿлеңдерін келтіруге болады.
9. Махамбет ҿзіне дейінгі халық фольклорын, жыраулар
поэзиясын, Шығыстың діни ҽдебиет үлгілерін, ежелгі ҽдебиет
мұраларын меңгеріп, кемшіліктері болса, қайталамай, ҿз бетін, ҿз
стилін айқындап, ҽдебиетте ҿзінен соңғыларға кҿрнекті үлгі
қалдырған ақын. Осы себепті де Махамбет ҿлеңдеріне Шығыстық,
түріктік, ұлттық дүниетаным, салт-дҽстүр, ғұрыпқа қатысты
танымдық, заманына қатысты тарихи, сҿз қолданыстарына
қатысты лингвистикалық, кҿркемдік кестесіне қатысты ҽдеби-
эстетикалық талдаулар жүргізу ҿте қажет. Себебі ақын ҿлеңдерінің
терең иірімдеріндегі сҿз айшықтарының бүгінгі ұрпаққа түсініксіз
сҿздері кездеседі. Мысалы, «тарпаң», «құлан» сҿздерінің қазірдегі
түсіндіріліп жүргеніндей есектен сҽл үлкен жабайы жылқы
тұқымдас жануар емес, бүгінде тұқымы зообақтарда ғана
кездесетін «Пржевальский жылқысы» тақылеттес ежелгі түрік
халықтарының жаугершілікке мінген асыл тұқымды мықты
жылқылары екендігі, немесе «алқалаған жер болса» деген
тармақтағы «алқалау» сҿзінің қоршау деген мағынадан туғандығы,
оның Тҽңірлік дінмен байланысты мағынасының барлығы, т.б.
осындай талдауларды қажет етеін сҿз, ұғымдар бар.
10. Махамбет ҿлеңдеріне тҽн басты ҽдеби ерекшелік –
болмыстың кҿркемҿнерде шындық қалыпта бедерленіп, ақын
идеясының ҿлең құрылымының ішкі логикалық байланысымен
- 131 -
ҿзара кірігіп, мазмұн мен түрдің бірлігінен туған экспрессивті-
эмоционалдық, гедонистикалық, ҽдеби-эстетикалық қуатының
ғажап ҽсерге бҿлер қасиетінде тұр. Махамбет поэзиясының осы
ерекшеліктерін ақынның бірер ҿлеңдері мысалында қысқаша
талдайық. Елінің, жерінің, Отанының поэзиядағы ҿткені, қазіргісі,
келешек арманы Махамбет жырларында жүйелі де толық
бейнеленген. Ақынның туған жерін қуғында жүріп, сағынып жырға
қосқан Нарын жайлы ҿлеңінде:
Біздің анау Нарында
Бір тҿбелер бар еді,
Айналасы ат шаптырса жеткісіз,
Қиқулай ұшқан қырғауыл,
Күніне құлан да босып ҿткісіз,
Күндіз келген қонағы
Кешке үйіне қайтқысыз.
Қойды мыңға толтырған
Сол Нарынның құмдары.
Түйені жүзге толтырған
Кҿкпекті, шайыр, шымдары.
Жатып қалған тайлағы
Жардай атан болған жер.
Жабағылы тоқтысы
Қой болып, қора толған жер.
Аш-арығым тойған жер.
Жылаған бала қойған жер
Шортаны қара бақандай,
Бақасы сары атандай,
Балдырғаны білектей,
Баттауығы жүректей,
Қымыздығы күректей,
Сонысы қоңыр үйректей –
дейді. Осыны оқыған соң мынау ғажап мекенді бір кҿруге кім де
болса таңсық болары анық қой! Ал Махамбеттер үшін ол табиғаты
ғажап ҿлке ғана емес, ол ҿлкеде аяулы жандар, ең бастысы,
«қарындас, халқы» бар. Ол туралы:
- 132 -
Алақандай Нарында
Ата менен ана бар,
Іні менен аға бар,
Қатын менен бала бар,
Қарындас, халқым кҿп қалды-ау,
Жалғыз ұлым Махмұт
Бекетай құмның ішінде
Жалғыз бір қалған со да бар –
дейді ақын. Жалпы, Исатай, Махамбет басқа пҽле тілемей, тыныш
қана, старшындық қызметтерін атқаратып жүре берсе болмай ма?
Жоқ, Махамбеттер олай ете алмайды. Себебі, онда тҽндері мен
жандары топырағы мен еліне кіндігімен байланған ата қоныс, туған
жер бар, ата-баба, халықтың ардақты тарихы бар, езгіге түсіп,
қорлықта қалған елі бар. Сол аталар мұрасының ең қастерлісі –
қасиетті Отанды, қазақ елін суық бауыр, жат обыр сорып, езіп тұр.
Сондықтан Махамбет:
Еділ үшін егестік,
Жайық үшін жандастық,
Қиғаш үшін қиылдық,
Тептер үшін тебістік,
Теңдікті, малды бермедік,
Теңдіксіз малға кҿнбедік
Еділдің бойы ен тоғай-
Ел қондырсам деп едім,
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім.
Баданамды баса бҿктеріп
Қасыма жаттан жолдас ертіп,
Күн-түн қатып жүргенім
Анау Нарында жатқан
Жас баланың қамы үшін, –
күреске шықтық дейді. Азамат тұлғасын Отанның бостандығы, ел
тағдырымен байланыста ғана бағалайтын ақын, бұл жолда
жанынан күсіп, күрестен теріс айналған, жігерсіз, тал түсте түзге
шықпас еркек кіндіктіні кҿзге де ілмейді. Оларға берер бағасы:
- 133 -
Қарындастың қамы үшін,
Қатын менен бала үшін,
Қайрылмай кеткен жігіттің
Ҿзін – кҽпір, алғанын –
Талам десе болмай ма?!
Нағыз ерлік Махамбет танымында ойдан туады. Ақын: «Батыр
болмақ ойдан-ды» дейді. Яғни, ерлік ҿз-ҿзінен тумайды, ата-жұрт,
туған ел мұңы мен зары саналы азаматты ерлікке жетелейді. Ал ол
ерліктің сыны қандай дегенде, Махамбет:
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын тҿске алмай,
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Ҿзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай,
Ат үстінде күн кҿрмей,
Арып-ашып шҿл кҿрмей,
Ҿзегі талып ет жемей,
Ер тҿсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай,
Түн қатып жүріп түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай,
Темір қазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме! –
деп, санамалап тұрып кҿрсетеді. Бостандық жолындағы ердің ері,
батырдың батыры ғана шыдас берер бұл сыннан ҿткен ердің ерлік
еңбегінің ҿтеуі байлық, атақ, даңқ, сҽн-салтанат, билік, сҽнді
тұрмыс емес, елдің берген Ер деген бағасы ғана. Ал бұл атақ, бұл
баға Исатай мен Махамбет сынды ерлерге дүнияның бар
байлығынан қымбат. Неге? Ҿйткені, Махамбеттердің қолына қару
алдырған, Ер атандырған ойлы арыстардың жүрегі мен саналарын
кернеген туған жерге, туған елге деген махаббаттан жаралған –
Батырлық.
- 134 -
11.
Махамбет
шығармаларында
ҽдеби
кҿркемдеу
құралдарының барлығы қолданылған жҽне олардың басым
кҿпшілігін ақын ҽдебиетке тыңнан қосқан. Мысалы, ақынның
«Мұнар күн» атты аза жырында (реквием) эпитет, эпифора,
«Ереуіл атқа ер салмай» жырында ассонанс, «Ұл туса» ҿлеңінде
аллитерация, «Қызғыш құс» ҿлеңінде қайталау, «Орай да борай қар
жауса» ҿлеңінде сұрай арнау сияқты кҿркемдеу құралдары
молынан қолданылған. Жалпы, Махамбет ҽдебиеттің кҿркемдеу
құралдарын ҽр ҿлеңнің идеясы, мазмұны мен ауанына қарай
таңдап, талғап қолданады. Ерлік, ҿрлік, асқақ рухты жырларына
метафора, теңеу, ҽсірелеу сияқты кҿркемдеу құралын алса, мұңды,
шерлі
ҿлеңдерде
қайталау,
психологиялық
параллелизм,
риторикалық арнау түрлерін молырақ пайдаланады. Ҿлеңнің
поэтикалық
келбетін
кескіндеудегі
ақынның
«қиыннан
қиыстырған» шеберлігін оның бір ҿлеңі аясында дҽйектейік.
Мҽселен, Махамбет «Тарланым» деген ҿлеңінде айқындау, теңеу,
құбылту, ауыстыру, алмастыру, ҽсірелеу сияқты кҿркемдеу
құралдарының бірнешеуін қат-қабат қолдана отырып, Исатайдың
санадан ҿшпес мінезді, мүсінді тұлғасын сомдап, одан ҽрі
«жұртыма құрбан болсам» деген мақсат жолындағы тірі батырдың
іс-қимылын оқушының алдына жанды бейнеде ҽкеп кҿрсетеді.
Оқып кҿрейік:
Таудан мұнартып ұшқан тарланым,
Саған ұсынсам қолым жетер ме?
Арызым айтсам ҿтер ме?
Арыстаным кҿп болды-ау,
Саған да менің арманым!
Кермиығым, кербезім!
Керіскедей шандозым!
Құландай ащы дауыстым!
Құлжадай айбар мүйіздім!
Қырмызыдай ажарлым!
Хиуадай базарлым!
Теңіздей терең ақылдым!
Тебіренбес ауыр мінездім.
Садағына сары жебе салдырған,
Садағының кірісін,
- 135 -
Сары алтынға малдырған
Тереңнен кҿзін ойдырған,
Сұр жебелі оғына
Тауықтың жүнін қойдырған
Маңдайын сары сусар бҿрік басқан,
Жаурынына күршіген жүнді оқ шанышқан
Айқаламай белдік байлаған,
Астана жұртын айналған,
Атына тұрман болсам деп,
Жұртына құрбан болсам деп,
Адырнасын ала ҿгіздей мҿңіреткен.
Атқан оғы Еділ-Жайық тең ҿткен.
Атқанын қардай боратқан,
Кҿк шыбығын қанды ауыздай жалатқан,
Арыстан еді-ау Исатай!
Бұл фҽнидің жүзінде,
Арыстан одан кім ҿткен?!
Осыдан соң оқырман құдды аты аңызға айналған батырды кҿзімен
кҿргендей ҽсерге бҿленіп, кҿзсіз батыр, асыл ерді Махамбет айтса
айтқандай, «Бұл фҽнидің жүзінде, Арыстан одан кім ҿткен?!» деуі
анық.
Енді Махамбет шығармаларының басылымдары жайлы
қысқаша шолу жасайық.
1. Алғаш рет Махамбет ҿлеңдері 1908 жылы Қазанда «Мұрат
ақынның Ғұмар Қазиұғлына айтқаны» деген жинақта басылған.
Кітап араб ҽліпбиімен қазақ тілінде терілген. Қазан: Типография,
«Братья Каримовы», 1908. Бұл жинаққа Махамбеттің «Беріш
Махамбет батырдың сұлтанға айтқаны» деген атпен ақынның 100
жолдан аса ҿлеңдері, ішінде «Баймағамбет сұлтанға айтқан сҿз»
ҿлеңі, «Орай да борай қар жауса» толғауы, түрлі ҿлеңдерінің
үзінділері басылған.
2. «Шаир, иҽки қазақ ақындарының басты жырлары» жиюшы:
Ғабдолла Мұштақ. (Бҿкейліктен). – Орынбор: Кҽримов-Хусайынов
уа ширкҽсінің парауай мҽтбағасы, 1910.
3. Досмұқамбетұлы Қалелдің 1924 жылы Ташкентте «Сҽуле»
журналында жариялаған Махамбет ҿлеңдері. Ол «Махамбет
- 136 -
батырдың сҿзі» деген атпен «Сҽуле» (қазақша ҽдебиет – білім
журналында) 1924 жылы № 3, 4 сандарда басылған.
4. Досмұқамбетұлы Қалел. Исатай-Махамбет. – Ташкент:
Қазақстан мемлекеттік баспасының Күншығыс бҿлімі, 1925 жыл.
Жинақ мазмұны: 1. Исатай қозғалысының қысқаша тарихы. 2.
«Исатай-Махамбет». Ығылман ақынның ҿлеңі. 3. Махамбет
батырдың Баймағамбет сұлтанға айтқан сҿзі. 4. Махамбет
батырдың басқа сҿздері деген бҿлімдерден құралған. Осы үшінші
басылымда («Сҽуле» журналындағы ҿлеңдерді қоспағанда) алаш
арысы, махамбеттанудың негізін қалаған ғалым Х. Досмұхамедұлы
алғы екі басылымдағы ақын ҿлеңдерімен қатар, жоғарыда айтылған
осы кітапқа енген бҿлімдердегі материалдарды қосып, жеке жинақ
етіп шығарған. Бұл жинаққа енген ҿлеңдердегі сҿздер мен
түсініктердің Махамбет заманының, соған жақын дҽуірдің
адамдары аузынан жазып алынған алғашқы басылымдармен
салыстырғанда қандай ҿзгеріске ұшырап, жаңылыс басылғанын Қ.
Мұхамедхановтың 1986 жылы «Қазақ ҽдебиеті» газетінің 9,16
мамырдағы сандарында жарияланған «Семсер жырға сергек
қарайық» атты мақаласынан оқып білуге болады.
5. Бұдан соң ақын шығармалары 1927 жылы «Жаңа мектеп»
журналының № 8 санында «Баймағамбет правительге беріш
Махамбет батырдың айтқан сҿзі» деген атпен басылды.
6. Мұхтар Ҽуезов Махамбет ҿлеңдерін 1927 жылы «Ҽдебиет
тарихы» кітабында, сосын 1933 жылы VII сыныпқа арналған «XIX
ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ ҽдебиетінің оқу кітабы» атты
М. Жолдыбайұлы, Ҽ. Қоңыратбайұлымен бірігіп жазған оқу
құралында мысалға алып, талдап жазды.
7. Махамбет ҿлеңдері орыс тілінде тңғыш рет 1936 жылы А.
Никольскаяның аудармасымен «Повстанческое песни казахов XIX
века» (перевод с казахского А. Никольской. Казахское краевое
издательство. Алма-Ата, 1936 г) атты жинақта басылып, сол кездегі
орыстың зиялы қауымының назарын аударды.
8. Бұдан соңғы А. Соболевтің редакциясымен 1940 жылы
Москвада «Песни степей» деген антологиялық жинақтан бастап,
орыс тілінде бірнеше рет жинақтарда жҽне жеке басылды. Алайда
Махамбеттің астары терең, аса бай ұлттық ҿлең айшығы ҿзге тілге
аударуда ҽлі күнге сҽтті тҽжімҽсіне жете қойған жоқ.
9. 1939 жылдан 1962 жылға дейінгі аралықта шыққан
Махамбет жинақтарын Х. Досмұхамедұлынан соңғы махамбеттану
- 137 -
саласындағы тиянақты зерттеуші ғалым Қ.Жұмалиев құрастырып,
бастырды. Оларда ғалым Махамбет шығармаларын жинаққа
енгізудегі
ұстанған
принципін:
«Махамбетті
зерттеудегі
қиыншылық, оның ҿлеңдерін хронологиялық ізбен зерттеуге бола
бермейді. Бірен-саран ҿлеңдері болмаса, кҿпшілігінің-ақ жылдарын
белгілеу мүмкін емес. Қай ҿлеңі бұрын шығарылып, қай ҿлеңі
кейін еді – деген сұраққа үзілді-кесілді жауап беру қиын. Ал
Махамбет ҿлеңдерінің тақырыбына, мазмұнына жҽне жер
аттарына қарап хроникалық жағына екі бҿлімге бҿлуге болады:
кҿтерілістің алғашқы кезеңі, яғни 1829 жыл мен 1938 жылдар жҽне
1938 жыл мен 1946 жылдар арасы» – деп жазған. (Махамбет
Ҿтемісов. Махамбет ҿлеңдері. Ҿлеңдерін жинаған, ҿмірбаяны жҽне
сҿз басын жазған Қажым Жұмалиев. Қазақтың кҿркем ҽдебиет
баспасы. Алматы, 1939 жыл).
10. 1968 жылы Қ. Жұмалиев қайтыс болған соң, Махамбет
шығармаларының жинағын құрастырып, бастырған – Берқайыр
Аманшин. Ол ақын шығармаларын «Ереулі атқа ер салмай» деген
атпен 1974,1979 жылдары жҽне «Жыр-семсер» деген атпен 1979
жылы үш рет жинақ етіп шығарды. Алайда Б. Аманшин
құрастырған бұл жинақтардағы Махамбет ҿлеңдерінің бұрынғы
құрылымдары орынсыз бұзылып қана қоймай, ҿлеңдердің
шумақтары бірінен біріне ауыстырылған. Мұндай олқылықтарды
жоғарыдағы алаш арыстарының соңғы тұяғы Қ. Мұхамедхановтың
біз атаған мақаласы, Б. Алдамжаровтың «Махамбет мұрасын
мазаламайық» атты 1974 жылы жазылып, түрлі сылтаулармен
жарияланбай, тек 2003 жылы ғана «Жұлдыз» журналының № 3
санында жарық кҿрген мақаласынан оқып білуге болады.
11. Бұдан соң Махамбет туындылары «Бес ғасыр жырлайды»,
«Ай, заман-ай, заман-ай!», т.б. жинақтар мен хрестоматияларда,
жеке құрастырушылардың (Ғ. Ҽнес, Б. Қарашин, Р. Сейсенбаев)
бастыруларымен Махамбет ҿлеңдерінің жинақтары түрінде
жарыққа шықты.
Осылардың ішінде ҚР ҒА М.О. Ҽуезов атындағы Ҽдебиет
жҽне ҿнер институтының ғалымдары А. Егеубай мен Қ. Рай
құрастырып шығарған Махамбет Ҿтемісұлының 4 томдық
академиялық жинағын негізгі нұсқа ретінде қолдану орынды.
Махамбет шығармаларының қолжазбалары ҚР ҒА Орталық
ғылыми қолжазбалар қоры мен ҚР ҒА М.О.Ҽуезов атындағы
Ҽдебиет жҽне ҿнер институтының қазақ қолжазбалары қорында
- 138 -
268, 406, 332, 366, 528 шифрлы папкаларда сақталған. Жалпы,
Махамбет ҿлеңдері ҽдеби қорға экспедициялардың материалдары,
ҽдебиетші, сҿз зергері, ғалымдар Ғұмар Қараш, Х. Досмұхамедұлы,
Қ. Жұмалиев, Б. Адамбаев, Б. Аманшин, Ғ. Зарипов, Қ.
Мырзағалиев, т.б. ел ішінен жинауымен, бастыруымен, ел ішіндегі
Махамбет ҿлеңдерін айтып, насихаттаушы Бекқазы, Қайролла
Тҿлеев сынды кісілерден жинаушылардың жазып алуымен, С.
Жаңғабылов, Қ. Жүсіпов, Т. Ауатанов, Н. Биханов, т.б. қолжазба
қорларына ҿткізген материалдары арқылы жиналған. Ақынның
ҽдеби мұраларының жалпы саны – 70-тей ғана ҿлеңдерден тұрады.
Алайда, Махамбеттің ҽр ҿлеңі – алтынның сынығы. Осы
ҿлеңдердің ішінде барлық оқу бағдарламаларында дерлік
қамтылған шығармалар бар. Олар: «Ерулі атқа ер салмай»,
«Қызғыш құс», «Тарланым», «Нарында», «Толарсақтан саз кешіп»,
«Атадан туған аруақты ер», «Баймағамбет сұлтанға айтқаны»,
«Мұнар күн», «Айныман», «Мінкен ер», «Тайманның ұлы Исатай».
Бұл ҿлеңдерді жатқа білген дұрыс.
Махамбеттің ҿмірі мен ақындық, азаматтық ғұмырнамасы
жайлы жазылған кітаптар мен баспасҿзде жарияланған деректер
1843 жылы Санк-Петербургте шыққан Е.Л.Ковалевскийдің
«Странствователь по суще и морям» атты еңбегінің бірінші
кітабынан бастап, бүгінге дейін жалғасын табуда. Ал ақынның
шығармашылығы ҽдебиеттану ғылымында жүздеген еңбектердің
арқауына алынып, жалпы Махамбет шығармалары түрлі аспектіде
ҽр қырынан зерттелініп келеді. Бұлардың кейбірін атап ҿтсек, олар
мыналар: М.Ҽуезовтің «Махамбет ҿмірі: Махамбеттің ақындығы»,
С.Мұқановтың «Махамбет Ҿтемісұлы», Қ.Жұмалиевтің «Махамбет
Ҿтемісов», Қ.Мұхамедхановтың «Семсер жырға сергек қайрайық»,
«Қазақтың жауынгер, жалынды халық ақыны», З.Ахметовтың «О
языке
народной
поэзии.
Язык
поэзии
М.Утемисова»,
З.Қабдоловтың «Ерлік пен елдіктің ҿшпес рухы», Қ.Ҿмірҽлиевтің
«Махамбет поэзиясының тілі», Р.Сыздықованың «Махамбет
ҿлеңдерін оқығанда», Қ. Сыдиқовтың «Махамбет мұрасы»,
Мақсат Тҽж – Мұраттың «Дулығасыз Махамбет», О. Тұржанның
«Муза мен мұң», Ҽ.Сарайдың «Исатай-Махамбет», Қ. Мҽдібайдың
«Махамбет Ҿтемісұлы», т. б. Ақынның шығармашылық
ғұмырбаяны орта мектептер мен барлық гуманитарлық бағыттағы
орта арнаулы, жоғары оқу орындарында оқытылып, оқу
бағдарламаларына енгізілген. Махамбет жайлы шығарылған,
- 139 -
жазылған кҿркем ҽдебиеттер де ҿз алдына бір тҿбе. Олар:
Ы.Шҿрековтің
«Исатай-Махамбет»
тарихи
жыры,
І.
Жансүгіровтың «Исатай-Махамбет» драмасы, Ҽ.Ҽлімжановтың
«Махамбеттің жебесі» романы, Т.Ҽлімқұловтың «Қараой» ҽңгімесі,
Қ. Жұмалиевтің «Айқас» повесі, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |