Қазақстан республикасы білім және Ғылым министрлігі бекбосынов марат нҧРҒазыҧЛЫ



Pdf көрінісі
бет12/32
Дата20.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#169453
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32
Дәрісті бекіту сҧрақтары: 
1. Сарай ақындары шығармашылықтарына тҽн нендей ерекшелік-
тер бар? 
2. Не себептен сарай ақындары мұраларын оқып, игеру қажет жҽне 
олардың ҽдеби мұрасын қай ғалым арнайы зерттеп жазды? 
3. Сарай ақындары поэзиясынан қандай тарихи бейнелілік сипаттар 
мен ҽдеби-кҿркемдік дҽстүр жалғастығы кҿрінеді? 


- 58 - 
4. Сарай ақындары поэзиясының сҿз қолданыстары мен тіл 
айшықтары қандай?
Әдебиеттер: 
Н.ҽ:1,3,4,5,6,7,8,9,10,13,16,17,19,20,21,22,23,28.
Қ.ҽ:18,21,22,24,28,37,38,39,43,67,68.
 
 
ДӘРІС 3. ҦЛТ АЗАТТЫҚ КҤРЕС БАТЫРЛАРЫ
ТУРАЛЫ
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
 
Дәрістің мақсаты
: XIX ғасырдағы ұлт азаттық күрес 
батырларының бейнесі сомдалған тарихи жырлардың ҽдеби-тарихи 
мҽндерін игерту. 
Дәрістің жоспары:
1.
XIX ғасырдағы тарихи жырлардың ҽдеби, тарихи негіздері. 
2.
Тарихи жырлардың фольклордағы тарихи эпостармен 
дҽстүрлі сабақтастығы. 
3.
XIX ғасырдағы тарихи жырлардың стильдік, кҿркемдік,
жанрлық ерекшеліктері. 
4.
Тарихи жырлардың жиналу, жариялану, зерттелу тарихы. 
Кең дала тҿсіндегі табиғат ананың бауырында қыран құстай 
еркін ғұмыр кешкен халықтың жан дүниесі, сыр-сезімі, ойы мен 
шыны, үміті үзілмеген арманы мен бақыт аңсаған тілегі оның сҿз 
ҿнерінде бедерленіп, ұрпаққа мирас болып жетті. Ұлттың 
дүниетанымын, жан сезімін, басынан ҿткен қилы тарихын кҿңіл 
толқытып, жан тебірентер сұлу сҿзбен ҿрнектеп, ұрпақ санасын 
ҽлдилеп оятар ақылман сҿзбен кҿмкерген халық мұрасынан 
жұртымыздың ҿткен тарихының жанды бейнесін танимыз. 
Алтын Орда, Ақ Орда қағандықтары іштей жеке хандықтарға 
ыдырап, екі жақтағы орыс, қытай мемлекеттері күшейіп, олардың 
сыртқы саясаттағы отарлық пиғылдары іс-ҽрекеттерінен айқын 
белгі бере бастаған шақта, хан мен халықты бодандық бұғауынан 
қорғануға шақырған Асан Қайғыдан басталған «болжал 
ҿлеңдердегі» жұмбақты ой сарыны кейін келе тарихи шындыққа 
ұласып, халықтың Абылай, Кенесары, Ғұбайдолла, Сыздық сынды 
ел басшылары мен Сырым, Исатай, Махамбет, Жанқожа, Есет, 
Саурық, т.б. батырлар бастатқан ұлт азаттық күресінің 
кҿркемҿнердегі тарихи-ҽдеби ескерткіштерін сомдаған жырлар 
дүниеге келді. Алайда кез-келген ҽдеби туындылардың нҽр алар 
бұлақ кҿзі, ҽсерлі себептері болады. Осы бетпен ҽдебиет жолында 


- 59 - 
қарастырсақ, XIX ғасырдағы тарихи жырлардың да ҿзіне дейінгі 
ҽдебиет үлгілерімен дҽстүрлі туыстық байланыстары жҽне бұл 
жырлардың осы дҽуірдегі стильдік, кҿркемдік жаңғыра 
жырлануының себептері бар. Бұл орайда XIX ғасырдағы тарихи 
жырлардың суаты ҽдеби тұрғыда халық мұрасының ұшан теңіз мол 
қоры ұлт фольклорындағы тарихи эпикалық жырлардың реалистік 
белгілері болса, мұндай жырлардың осы дҽуірде қайта түлеп, 
ҽдебиетте жаңғыра туу себебі, отарлық езгі мен оған қарсы 
күрескен ой жҽне қол батырларын үлгі етіп, халық жадына сіңіру 
болды. Мұны академик М.Ҽуезов «Ҽдебиет тарихы» атты 
еңбегінде барлық ескілікті сҿздердің (фольклордың) ҿзегінде 
ақиқат тарихтың іздері бейнеленетіндігін саралап жаза отырып, 
нақты XIX ғасырдағы тарихи оқиғалардың тарихи жырларға кҿшу 
мҽнісін былайша дҽйектеген: «Ел ісі мен мақсатының жолындағы 
ерлерінің басын бағалап, оның қадірін ұққан болса, ең алдымен ел 
сол жақсысын ұмытпау керек. Соның аруағы қалың елдің аузында 
үнемі аталып, үнемі еске алынып жүруі керек. Бұл міндетті 
атқаратын кім? Елге арналған жақсы сҿз ҿлеңмен жақсы ұғылады, 
ҿлеңмен айтылса ұмытылмайды. Сондықтан батырлар жорығын 
жыр қылуды екінші түрлі батырлық міндеті деп санаған ақын 
шығады. Осы сияқты ел ортасына ертеден орнаған салт бойынша 
қазақтың ҿлең ҿлшеуіне түскен тарихы жасалды». 
Олай болса, осы тарихи жырлардың бастау кҿзі болған 
фольклордағы тарихи эпикалық жырлармен XIX ғасырдағы тарихи 
жырлардың дҽстүрлі сабақтастығына қысқаша шолу жасау керек.
Алдымен ескерер жай, тарихи жырлар да, фольклордағы 
тарихи эпикалық жырлар да тарихи оқиға, тарихи тұлға ҿмірін 
суреттеп, тарихтың ҽдебиеттегі ізі болады. Мысалға, Ақтҿбе 
облысы, Қобда ауданы, Жиренқопа ауылының жанында 
«Қобыланды 
батыр» 
жырының 
кейіпкері 
Қарақыпшақ 
Қобыландының сүйегінің табылып, ғылыми түрде нақтыланып, 
қайта жерленуін айтсақ та болады. Қазақ фольклорында 29 нұсқада 
жырланатын эпостық-фольклорлық бейненің 1550-60 жылдардағы 
Ноғай Ордасының бүлінуі кезінде ғұмыр кешкен ел батыры екені 
айғақталып отыр. Ал жалпы Қобыландының ҿмірде болған адам 
екенін М.Ҽуезов Шҽкҽрім шежіресіне сүйеніп, 20-шы жылдары 
айтқан жҽне оның Қазанға аттанып, соғысқан кҽпір жауы орыс 
болғанын ҽдеби-тарихи талдаулармен таратып жазған. 


- 60 - 
XIX ғасырдағы тарихи жырлардың эпикалық тарихи 
жырлармен туысатын келесі бір реалистік белгісі халық батыр деп 
атаған бас кейіпкерлердің ел тҽуелсіздігі жолында халқын жаудан 
қорғаудағы ерліктерінің жыр арқауына алынуынан кҿрінеді. 
Мысалы, «Нҽрікұлы Шора батыр» жырында Шора ҽкесінің туған 
жері Қазан қаласын орыстан азат ету үшін жорыққа аттануы: 
Станбол, Қазан екеуі, 
Тілек еді еліме. 
Мұсылманның жұртының 
Сүйеніші еді еліне. 
Бұл Қазанды құтқарсам 
Кҽпірлердің қолынан, 
«Іс бітірдім» дер едім, –
деп суреттелсе, тарихи жырдағы Исатайдың мақсаты да: 
Жиырма беске келгенде, 
Астананың қамы үшін 
Түн ұйқысын бҿлгенде, 
Түгесілмес қайғы алды. 
Отыз жасқа келгенде 
Ҿлімді жауды кҿргенде 
Жасақпенен сайланды,- 
деп, ел бостандығы екенін айтады.
Екі жырға да тҽн келесі бір реалистік сипат бар. Ол – бұл 
жырлардағы 
халық 
рухының, 
намысты 
кҿңіл-күйінің, 
дүниетанымының, ұлттық құндылықтар мен ҽділетке, адамдық 
қасиеттерге деген сенімнің шынайы суреттелуі. Мысалы, 
тоқсандағы Тоқтарбайдың, алпыстағы Аналықтың ҽулиеге ат 
қойып, қорасанға қой айдап, Тҽңірден тілеп алған жалғыз ұлы 
жауға аттанғанда сол ҽке-шешені, туған-туыс, мал-мүлікті тҽрік 
етіп, атқа қонады. Бұдан бүтін халықтың бақыты жолында ҿз 
шаңырағының амандығын құрбан еткен Қобыланды бейнесі 
арқылы сол замандағы халық рухының қаншалықты қайсар да 
қайратты болғанын танысақ, Кенесары жырындағы мына 
шумақтан: 


- 61 - 
Кене ханның тұсында 
Қарт бурадай жарадық. 
Жауды жасқап, жапырып, 
Жауған қардай борадық. 
«Абылайлап» ат қойып, 
Дұшпанның алдын орадық. 
Кене хан жазым болған соң, 
Шіл боғындай тарадық. 
Кҿрінгеннен қорғалап, 
Кісі аузына қарадық!- 
деген кезеңдегі халықтың рухы түскен кездің ақиқат күйін кҿреміз. 
Тарихи 
жырлардың 
фольклордағы 
тарихи 
эпикалық 
жырлармен ҿзара ұқсастығы, туыстық белгілері, жанрлық сипаты 
«Қазақ тарихи жырларының мҽселелері» атты жинақта, академик 
Сейіт Қасқабасовтың «Тарихи жырлардың зерттелуі мен жанрлық 
сипаты» 
еңбегінде, 
Р.Бердібаевтың 
«Қазақ 
эпосы» 
монографиясында, Ҽ.Қоңыратбаев, Е.Ысмайылов, Б.Уахатов, 
К.Сейдеханов, Е.Тұрсынов, Б.Абылқасымов, т.б. зерттеулерінде 
жан-жақты қарастырылып, түрлі пікірлер айтылған. Сҿйтіп, 
фольклортанушы, ҽдебиеттанушы ғалымдар тарихи жырдың туу 
мерзімін, оның дамуын түрлі кезеңдерге бҿліп қарастырса да, 
бҽрінің пікірі бір арнада тоғысады. Ол – XIX ғасырдағы тарихи 
жырлардың тарихи-реалистік сипаты айқын, ел ҽдебиетінің ұлт 
азаттық, бостандық жолындағы күресін суреттейтін XIX ғасырдағы 
тарихи оқиғалардың ізімен туған, авторлары бар шығармалар 
екендігі. 
Елді 
осы 
фольклорлық 
дҽстүр 
арнасынан 
шығып, 
Х.Досмұхамедұлы «нағыз эпопея» деп, М.Ҽуезов «ел ҽдебиетінің 
жаңа бір ағымы жҽне түрі» деп бағалаған тарихи жырлардың нақ
XIX ғасырда стильдік, кҿркемдік тұрғыда жаңғыра жырлануының 
себебіне келейік. Мұның ең басты себебі, «Қазақ ҽдебитінің 
тағдыры тарихи ҿлеңдерге шейін қазақтың қалың елінің тағдыры 
сияқты болып келген. Онда ҽлеуметтік бағыты, ҽлеуметтік мақсаты 
жоқ», – кезі болса, «Тарихи ҿлеңдердің тұсында сол қазақтың ҿмірі 
кҿлеңкелі күңгірттен күнес күнгейге шыққан сияқты. Бұрынғыдай 
емес ендігі қадалып қараған кҿзге бадырайып анық кҿрінетін 
сияқты болды» (М.Ҽуезов). Сондықтан бұрынғы эпикалық кең 
қарымды баяндау емес, оқиғаны нақты суреткерлік шеберлікпен 


- 62 - 
дҽлді бейнелеп, шығарманың ҿмірлік деректерін суреттеп, оны 
тыңдаушыға, оқушыға етене жақын ҽкелу қажет еді. Оның себебі 
отарлық саясаттың халықты саяси-ҽлеуметтік ауыр ахуалға 
ҽкелгенін, елдің сырт ҿмірін ғана емес, ішкі жан дүниесін, санасы 
мен ұлттық рухын жаныштап жатқан кеселдерін ендігі кезекте ұзақ 
сонар, ұлан асу эпикамен емес, жалпыдан жалқыға, дерексізден 
нақтыға, жыраулық толғаудан ақындық поэзияға түсіріп, соқырға 
таяқ ұстатқандай айқын кҿркемдік шындық деңгейде бейнелеудің 
дҽуір талабынан туды. 
Жоңғар шапқыншылығына, Қоқан езгісіне, ҽсіресе орыс 
отаршылдығына қарсы халықтың ұлт азаттық күресінің бел 
ортасында жүріп, соны кҿзімен кҿргендердің ҿзі шығарған, немесе 
сондай адамдардың айтқан жанды ҽңгімесін, кейінгі ақындар ҿлең 
ҿлшеміне салып, тарихи жырларға айналдырған кезеңде ауыз 
ҽдебиетімен қатар жазба ҽдебитінің де белгілері туа бастады. Ҿз 
дамуында ауыз ҽдебиетінен, яки, фольклордың тарихи эпикалық 
жырларынан үлкен ҽдеби үлгілік тірек, таяныш таба отырып, 
ҿмірде болған батырды уақыт бедері, заман мезгіліне сҽйкес 
бейнелеген, авторлары бар тарихи жырлар – XIX ғасырдағы ауыз 
ҽдебиетінен жазба ҽдебиетке ҿте бастаған дҽуірдегі ҽдебиеттің 
үлгісі. Ауыз ҽдебиеті мен жазба ҽдебиеттің айырым белгісі тек 
жазуда емес, туындының стилінде, кҿркемдік бейнелеу 
құралдарындағы ҿзгешеліктерде жҽне шығарманың реалистік 
ҽдіспен суреттелуінде. Сондықтан, жоғарыда айтылғандай, 
ақындық нақтылыққа бет бұрған тарихи жырлардың стилінде де 
ұтымды, ұтқыр сҿзбен заманның басты бедерін дҽл жеткізетін 
кҿркемдік айшықтар туды. 
Тарихи жырлардағы стилдік ҿзгеріс себептері, алдымен 
олардың нақты оқиғадан туып, белгілі шығарушы авторларының 
сол оқиғалардың бел ортасында жүріп, олардың жырлары сол 
оқиға ҿткен мезгілден кҿп ұзамай кітап күйінде жазба ҽдебиетте 
кҿрініс беруіне байланысты болды. Мысалы, С.Мұқанов Кенесары 
Қасымұлы басқарған ұлт азаттық қозғалысы туралы тарихи 
жырлардың бесеуін алып, талдап, солардың ішінен «Наурызбай-
Қаншайым» жырын образ сомдаудағы адамның ішкі кҿңіл-күйін, 
кейіпкерлердің ғашықтық, адамшылық сезімдерін суреттеудегі 
шын мағынасындағы кҿркем поэма екенін айта келіп, оның 1857 
жылы Россия географиялық қоғамының Орынборлық бҿлімінің 
Хабаршысында басылғанын (бұл нұсқаны кейін 1915 жылы 


- 63 - 
Қазанда Жүсіпбек қожа Шайхұсламұлы «Қисса Наурызбай тҿре» 
деген атпен бастырған) айтса, «Кенесары-Наурызбай» жырының 
Тілеген ақын нұсқасы В.В.Радловтың «Түрік тайпалары халық 
ҽдебиетінің үлгілері» жинағының III томында 1871 жылы Қазанда 
басылғанын, «Эпикалық оқиғаға лирика дҽнін тамаша еге білген», 
сҿз құрылымы кҿркем Нысанбай жыраудың «Кенесары-
Наурызбай» жыры «Россия географиялық қоғамының Орынборлық 
бҿлімінің 
еңбектерінің» 
үшінші 
кітабында 
1875 
жылы
басылғанын, ал Мұсабай жыраудың «Жанқожа батыр» жырының 
1894 жылы Петербургте Н. Веселовский шығарған «Россия 
отарлауы туралы қазақ ҽңгімелері» кітабында басылғанын жазған. 
Бұдан тарихи жырлардың кҿпшілігі XIX ғасырдың аяғы мен XX 
ғасырдың басында жарыққа шыққандығын кҿреміз. Тарихи 
жырлар сюжетіндегі келесі жаңашылдық, олардағы тарихи 
шындықтың нақты оқиға, ҿмірдің ҿз суретімен берілуінен кҿрінеді. 
Мысалы, 
Кҿзімен кҿріп, бұл сҿзді 
Нысанбай еді жырлаған. 
Бар күнҽсі қырғыздың- 
Жалғыз атты ұрлаған. 
Атын алған қырғызға 
Хан үйінде жынданған. 
Ерегеспен бұздырды 
Қанайдың тамын сырлаған, – 
деп қазақтың қырғызды шабуын нақты болған оқиға ізімен қазаққа 
да, қырғызға да тартпай, ҽділ ақиқат күйінде бейнелеген. (Ҽрине, 
бұл жерде ұлттың заң жоралғысы бойынша жорық атын ұрлау ҿлім 
жазасы 
кесілер 
қылмыс 
деп 
есептелінетіні, 
қырғызды 
Кенесарының шабуына бұл жай тек сылтау екені, шын мақсат – 
орыс отаршылдығына қарсы күресте елді біріктіру жолында 
ханның қырғызды қойып, қазақтың ҿз ішінде де осындай күш 
қолдануға барғаны аян. Алайда, Нысанбай ақын халық дҽстүрін, 
Кенесарының алысты ойлаған мақсатын емес, нақты оқиға себебін 
айтып отырғандықтан, оны осылай реалистікпен берген). Тарихи 
жырлар сюжетіндегі елеулі ерекшеліктердің қатарына жыр 
авторларының лирикалық тебіреністерінің халықтың кҿңіл-күй 


- 64 - 
пернесін дҿп басып, ерекше жылулықпен суреттелуінен де 
кҿрінеді. Мысалы: 
Халық иесі хандарды 
Қалай айтсам, мін бар ма?! 
Шегірткеге таланған 
Қырғауылда жүн бар ма?! 
Жапалақтан сескенген 
Жалғыз қазда үн бар ма?! 
Хандарынан айрылған 
Иесіз жұртта сын бар ма?! 
Кенесары, Наурызбай 
Бір кҿрінер күн бар ма?! 
Тарихи жырлардағы кейіпкер бейнесін сомдауда стильдік жаңғыру, 
жаңару анық байқалады. Бұрынғы батырлар жырында жауын 
жапырып жіберетін романтикалық ғажап бейне, мұнда майдан, 
соғыс кҿріністерінің бел ортасында реалистік мҽнде ҽр деталіне 
дейін кең тұрғыда, ҽрі дҽлді жырмен суреттеледі. Мысалы: 
«Кенесары-Наурызбай» 
жыры 
тұтасымен 
Кенесарының 
Алатаудағы қырғызбен соғысына арналған, оның ҽр кезеңі, ҽрбір 
жағдаяты ерекше дҽйектілікпен бейнеленген. Тарихи жырлардың 
стильдік ерекшеліктеріне жататын тағы бір белгі – олардағы сырт 
жаумен 
күрес 
қана 
емес, 
ішкі 
ҿмірдегі 
ҽлеуметтік 
қайшылықтардың да ашық бейнеленуі. Мҽселен, отарлық езгінің 
саяси-ҽкімшілік саясатының кесірінен туған ел ішіндегі алауыздық 
«Кенесары-Наурызбай» жырында былайша суреттелген: 
Ойда-Қоқан, қырда-орыс, 
Қамал болды қаласы. 
Кімнен таяқ жегендей, 
Біздің қазақ баласы! 
Алдырып жүрген дұспанға- 
Аузындағы аласы. 
Тарихи жырлардың жанрындағы басты белгі, «эпостық баяндауға 
тҽн объективтік сарынның орнына оқиғаларды тікелей қабылдаған 
автордың ҽсері араласқан субъективтік бағасының болуы» 
(М.Ҽуезов «Уақыт жҽне ҽдебиет», 1962, 75-бет) болса, оның 


- 65 - 
кҿркемдік бейнелеу құралдарында да «батырлар жырларына тҽн 
поэтикалық ескі психологиялық праллелизм, шендестіру, кҿбіне 
ҽсірелеу, кейіптеулердің кейбір ескі түрлері десек, олармен 
салыстырғанда, тарихи қолжазбалардағы қолданылатын кҿркем 
сҿздерде жоғарыда аталған поэтикалық тілдер мейлінше аз, 
кҿпшілігінде психологиялық параллелизм жоқ» (М.Ҽуезов). 
Енді тарихи жырлардың реалистік сипатына келсек, бұл 
жырлардың тарихи деген атының ҿзі-ақ олардың тарихи 
оқиғалардың ҽдебиеттегі кҿркем суреті болып, тарихи оқиғалар 
ауанынан ауытқып кетпейтіндігін танытады. Сондықтан тарихи 
жырлардың бұл қырына бір мысал алсақ та жеткілікті болар деп 
ойлаймыз. Мысалы, Ресей империясының іргесін кеңейтіп, Сібірге 
жол ашқан «ұлы саяхатшы» мҽнінде дҽріптеліп, ҿлімінің ҿзін ерлік 
ретінде жалған аңызбен кҿмкерген отаршылдардың итаршысы, 
қарақшы Ермак ҿлімінің ақиқаты А.Сабалұлының 1909 жылы 
Қазанда «Қисса-и Сҽтбек батыр» деген атпен басылған тарихи 
жырда былайша суреттеледі: 
Барады қысып Жармақ Сҽтбек ерді, 
Ағызды қысқан сайын қара терді. 
Жыға алмай жағаласып жүргенінде, 
Ҽлгі итті Бҽтіш барып қоя берді. 
Кетірді қара тҿбет кҽпір сҽнін, 
Жіберді жаһаннамға оның жанын. 
Қылтасын келе сала қиып түсті, 
Сақтауы, міне, осындай бір Алланың. 
Ал осы ит ҿліммен ҿлген итаршыны Қ.Халид, Т.Шонанұлы, 
М.Қозыбаев, тіпті сол орыстың ҿзінен шыққан Есипов, Н.Карамзин 
(бұл жерде оның арғы түріктік тегінің қатысы жоқ), т.б. да 
Жармақтың жауыздық ісіне орай, оны қарақшы деп атаған. 
Сонымен, тарихи оқиғалардың ізімен шығарылған, авторлары 
бар, реалистік сипатта жырланған, тарихи дҽуірдің нақышы айқын 
бедерленген, сюжеті тарихта болған тұлғалардың ел мүддесі 
жолында атқарған істерін баяндайтын, шығарушы автордың 
субъективтік кҿзқарасы, стилі танылатын эпикалық туындыларды 
– тарихи жырлар деп атаймыз. Қазақ ҽдбиеті тарихында тарихи 
жырлар ҿзінің туу, даму сатысына орай 4 кезеңге бҿлінді: 


- 66 - 
1. Алтын Орда, Ақ Орда, Ноғайлы дҽуірлерінде туған тарихи 
жырлар. «Қобыланды», «Едіге», «Орақ-Мамай», т.б. 
2. XVIII ғасырдағы Жоңғар, Қалмақ шапқыншылығына қарсы 
күрес батырлары жайлы тарихи жырлар. «Қабанбай», «Бҿгенбай», 
«Ҿтеген», т.б.
3. XIX ғасырдағы ұлт азаттық күресін бейнелейтін тарихи 
жырлар. «Кенесары-Наурызбай», «Исатай-Махамбет», «Бекет 
батыр», «Жанқожа батыр», «Ақжолтай-Ағыбай батыр», «Сұраншы 
батыр», т.б.
4. 1916 жылғы халық кҿтерілісі жайлы тарихи жырлар. 
«Бекболат», «Ұзақ батыр», «Амангелді», т.б.
Тарихи жырларды ел ішінен жинауда Ш.Уҽлихановтан бастап, 
В.В.Радлов, Г.Потанин, И.Березин, И.Аничков, М.Ж.Кҿпеев, 
Ҽ.Диваев, А.Байтұрсынұлы, Р.Бердібаев, т.б. азаматтар зор еңбек 
сіңірді. «Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасының» XIX 
ғасыр мұраларын қамтитын IV том мен V томдағы 
жинаушылардың қорға ҿткізген тарихи жырлардың жалпы 
санының ҿзі-ақ 400-ге жуық.Мҽселен, «Абылай хан. Тарихи 
жырлар» жинағының I томы 1993 жылы жарыққа шықса, сол жылы 
есенбай Дүйсенбай да «Жалын» баспасынан «Хан Кене» деген 
атпен тарихи жырлар жинағын бастырды. Тоқсаныншы жылдардан 
бастап ҚР ҰҒА М.О.Ҽуезов атындағы Ҽдебиет жҽне ҿнер 
институты «Тарихи жырлардың» кҿп томдығын шығаруды қолға 
алды. 
Сонымен 
бірге 
Мемлекеттік 
«Мҽдени 
мұра» 
бағдарламасының аясында шығып жатқан «Бабалар сҿзі» 
жинақтарының 27-ші, 28-ші, 29-шы томдары Қытайда шыққан 
қазақтың тарихи жырларына арналған. 
Енді тарихи жырлардың зерттелу жайына қысқаша шолу 
жасайық. Тарихи жырларды М.Ҽуезов алғаш рет «Ҽдебиет 
тарихы» (1927) атты оқулығында «Тарихи ҿлеңдер» деген жеке 
бҿлімге алып, жүйелеп жазған. Одан соң С.Мұқанов «Қазақтың 
XVIII-XIX ғасырдағы ҽдебиетінің тарихынан очерктер» (1942) 
атты оқулығында тарихи жырларды олардың кейіпкерлерінің 
азаттық күресі жолындағы істерімен байланыста алып, тарихи-
ҽдеби тұрғыда терең талдап жазды. 1958 жылы жарыққа шыққан 
Қ.Жұмалиевтің «Қазақ эпосы мен ҽдебиет тарихы мҽселелері» атты 
зерттеуіндегі «Тарихи поэмалар» деген тарауда арнайы 
қарастырды. Е.Ысмайылов «В поисках нового» (1967) деген 
еңбегінде жеке жанр ретінде зерттеді. 1979 жылы тарихи 


- 67 - 
жырлардың генезисі, типологиясы, жанрлық сипаты, т.б. 
мҽселелері қарастырылған зерттеулер жинағы «Қазақ тарихи 
жырларының мҽселелері» деген атпен жарыққа шықты. Онда 
С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов, Б.Уахатов, К.Сейдеханов, т.б. зерттеу 
мақалалары топтастырылған. Одан соң С.Қасқабасовтың «Тарихи 
жырлардың зерттелуі мен жанрлық сипаты» атты еңбегі жарық 
кҿрді. Бұл тақырыпта Р.Бердібаев «Қазақ эпосы» (1982), «Кҽусар 
бұлақ» (1990) зерттеулерін жазды. Ҽ.Қоңыратбаевтың «Қазақ 
фольклорының тарихы» атты оқулығында тарихи жырларға бҿлек 
тарау арналған. XIX ғасырдағы қазақ ҽдебиеті тарихына арналған 
жоғары жҽне орта оқу орындарының типтік бағдарламаларына сай, 
осы ғасырдағы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғалар жайлы 
жырланған 
Нысанбай 
жыраудың 
«Кенесары-Наурызбай», 
Ығылман Шҿрековтің «Исатай-Махамбет, Мұсабай жыраудың 
«Жанқожа батыр», «Бекет батыр» тарихи жырлары енгізілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет