- 15 -
жасалған тұлға бейнесі. Образда екі түрлі ерекшелік –
жинақтау
жҽне даралау болады. Жинақтау арқылы белгілі бір топ ҿкілінің
типтік бейнесі, даралау арқылы жеке кейіпкердің ҿзіндік мінезі
сомдалады. Образ іштей кҿркемдік ҽдіс тұрғысында романтикалық,
реалистік, ҽдеби тек тұрғысында эпикалық, лирикалық, драмалық,
жасалу тҽсілі тұрғысында юморлық,
сатиралық, фантастикалық,
трагедиялық, қаһармандық, т.б. түрлерге бҿлінеді. Мыс:
Махамбеттің «Тарланым» ҿлеңіндегі Исатай образы – дараланған,
романтикалық, эпикалық, қаһармандақ образ.
15. Эпитет –
(айқындау) заттың,
құбылыстың айрықша
белгісін, сипатын, қасиетін айқындап кҿрсететін бейнелі сҿз. Мыс:
Махамбет Исатай қаза болған күнді суреттейтін ҽйгілі «Мұнар
күн» ҿлеңі бастан аяқ:
Мұнар, мұнар, мұнар күн,
Бұлттан шыққан шұбар күн,
Буыршын мұзға тайған күн,
Бура атанға шҿккен күн... –
деген күрделі эпитеттермен суреттелген.
16. Троп –
(құбылту) сҿздерді тура мағынада емес, бұрма
мағынасында қолдану,
шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп
таныту, ойды ҿзгертіп, кейде тіпті ҿңін айналдырып айту. Троптың
түрлері кҿп. Олар: метафора (ауыстыру), кейіптеу, пернелеу,
аллегория, символ (астарлау), метонимия (алмастыру),
ирония
(кекесін), сарказм (мысқыл), гипербола (ұлғайту), литота
(кішірейту), горотеск (ҽсірелеу), т.б. Мыс: Шернияздың
Баймағамбетті «халық атынан» сұлтан-правительдің
Петербор
сапарында ауырып, ҿліп кетсе, жұрттың қалай қайғырарын
суреттеп «мақтаған» ҿлеңіндегі ирония мынадай:
Сізді патша қойған Тҽңірім қалап,
Жүреді кҿшіңізді Қыдыр жанап.
Ауырып сол сапарда ҿліп кетсең,
Қалмай ма жұртың ұлып, кҿкке қарап?!
Достарыңызбен бөлісу: