Қазақстан республикасы білім және Ғылым министрлігі бекбосынов марат нҧРҒазыҧЛЫ



Pdf көрінісі
бет9/32
Дата20.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#169453
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32
17. Прозопопея – 
(грек тілінде – түр кҿрсету) немесе кейіптеу, 
жан-жануар мен заттарды адам кейпінде сомдау. Мыс: 


- 16 - 
Шернияздың үй жабдықтарын суреттеген ҿлеңінің үзіндісі 
мынадай:
Тҿрінде сандық айтар тҿремін деп, 
Есік айтар ҽр нҽрсе кҿремін деп. 
Ерні жалақ болыпты жомарт ожау
Кҿрінгенге қолқайыр беремін деп. 
18. Фигура 
– (айшықтау, ҽсерлеу, лептеу) сҿзге мҽнерлілік 
сипат дарытып, кҿркемдігін, ҽсерлілігін арттыра түсетін сҿйлем 
құрылымын түрлендіру, айрықша айшықпен дағдылы қалыптан 
ҿзгеше айту. Фигураның түрлері мол. Олар: арнау, қайталақтау, сҿз 
орнын ауыстыру, шендестіру, түйдектеу, бүкпелеу, риторикалық 
айшықтар, т.б. Мыс: Шернияздың Исатайға арналған зарлай 
арнауы мынадай: 
Бармысың жауға түскен алтыным-ай, 
Самалым, саз қонысым, салқыным-ай, 
Жауыңның қоржынына түсіп едің 
Шықтың ба аман-есен жарқыным-ай?! 
Ақ алмас, алтын сапты қылышым-ай, 
Ашып ең алты алаштың тынысын-ай, 
Жатпайтын асыл пышақ қап түбінде 
Шықтың ба қабын жарып ырысым-ай?! 
Сондай-ақ бұл үзінді апострофа (грек тілінде – басқа жаққа 
бұрылу) – автордың жоқ адамға бар сияқты немесе аруаққа тірі 
кісідей тіл қатуына да мысал бола алады. 
19. Антитеза

(грек тілінде қарама-қарсылық) кереғар 
құбылыстарды, ҽртарап ұғым, түсініктерді, ҽр бҿлек заттарды 
бетпе-бет, қарама-қарсы қою арқылы ҿзге құбылыс, ұғым, заттың 
суретін, сипатын, образын беру. Мыс: Махамбет Жҽңгір ханның 
образын былайша суреттеген:
Хан емессің – ылаңсың, 
Қара шұбар жылансың. 
Хан емессің – аярсың, 
Айыр құйрық шаянсың!


- 17 - 
20. Автология
– (грек тілінде «автос» – ҿзі жҽне «логос» – сҿз 
дегеннен құрылған. Сҿзбе-сҿз аудармасы – «ҿзіндік сҿз») 
поэтикалық туындыларда сҿз бен сҿйлемшелердің ҿз мағынасында 
қолданылуы. Кҿркем автология троп пен фигураға қарама-қарсы 
тура мағыналы сҿздердің ҿлең шумағында шынайы кҿрініс табуы. 
Мыс: 
Қырда – Қоқан, ойда – орыс, 
Қамал болды қаласы. 
Кімнен таяқ жегендей, 
Біздің қазақ баласы! 
Алдырып жүрген дұспанға – 
Аузындағы аласы.
(«Кенесары – Наурызбай» жыры ) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет