Қазақстан республикасы білім және Ғылым министрлігі бекбосынов марат нҧРҒазыҧЛЫ



Pdf көрінісі
бет6/32
Дата20.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#169453
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

дегені мен Сұлтанмахмұттың: 
Қайтейін елім қимаймын, 
Қия алмай жанды қинаймын. 
Алты қырдан ассам да, 
Ҿздеріңді сыйлаймын

деген сҿздері куҽ. Алайда нағыз ҿнер иелерінің шығармаларында 
олардың саяси-ҽлеуметтік идеялары халық танымына лайық 
кҿркемдік шеберлікпен суреттеледі. Мыс: Махамбеттің «Еділ үшін 


- 13 - 
егестік» ҿлеңінде ұлт азаттық кҿтерілісінің себебін ақын халық 
мүддесі тұрғысында нақты айқындап ашып айтқан.
8.
Дәстҥр және жаңашылдық
– кҿркем мұралар мен ҽдебиет 
тарихындағы қалыптасқан түсініктер, ҽдеби-эстетикалық үлгі-
ҿрнектер, 
тақырыптық, 
идеялық, 
кҿркемдік 
ҽдіс-тҽсілдер 
жиынтығы ҽдеби дҽстүрді қалыптастырса, осы ҽдеби дҽстүрдің 
озық үлгілерін пайдалана отырып, мҽн-мағынасы терең, кҿркемдігі 
жоғары, заман талабына жауап беріп қана қоймай, болашаққа жол 
ашатын ҿнердегі тың тақырыптарды бұрын қолданылмаған ҽдіс-
тҽсілдермен соны мҽселелерге батыл шешім таба суреттеген ҽдеби 
ізденістердің кҿркемҿнердегі нҽтижелі кҿріністерін жаңашылдық 
дейміз. Десек те ҽдеби дҽстүрдің тұрақты белгілері болады. Олар: 
ұлт ҽдебиетіне тҽн ҽдеби-теориялық заңдылықтар, адамзаттық, 
ұлттық құндылықтар, т.б. Мыс: Ҿзіне дейінгі жыраулық талғаулар 
дҽстүрін жалғастыра отырып, Махамбет жаңа заман тудырған жаңа 
ҽдебиетті, тың ақындық ҿлең айшықтарын дүниеге ҽкелді. 
9.
Жырау және толғау

ҽдебиет тарихында есімдері ІХ 
ғасырдан бастап хатқа түсе бастаған ұлт поэзиясының ежелгі 
ҿкілдерінің бірі, саяси, ҽлеуметтік, дипломатиялық істерге 
араласып, елбасылардың рухани ақылшылары, халық қамқорлары 
ретінде ел қайраткерлері болған, заманның ірі мҽселелеріне 
арналған толғаулар тудырған, ұлт поэзиясының фольклор жҽне 
импровизациялық ҿнер түрлерін ҿркендеткен сҿз зергерлерін 
жыраулар дейміз. Жыраулардың негізгі поэтикалық жанры - 
ҽлеуметтік-саяси лириканың бір түрі толғаулар. Оларға 
насихаттық, ҿсиетік сарын, мҽселені жан-жақты терең толғап 
айтатын ойшылдық тҽн. Сонымен бірге толғауда заманның 
маңызды 
саяси-ҽлеуметтік, 
дүниетанымдық-философиялық
ұлттық-азаматтық ауаны басым болады. Жырулық толғаулар 
нақыл, тақпақ, ҿсиет, афоризм түрінде келіп, заман, болмыс 
жайындағы философиялық, дүниетанымдық ойларын танытатын 
ой толғаулар мен кҿңіл-күйін, сезімін, оқиғаларға деген жеке 
кҿзқарастарын білдіретін сыр толғауларға бҿлінеді. Жыраулар 
поэзиясы қазақ ҽдебиеті тарихының ІХ-ХVІІІ ғасырларын 
қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет