Дәрісті бекіту сҧрақтары:
1.
XIX ғасырдағы тарихи жырлардың тууына нендей ҽдеби жҽне
тарихи себептер ҽсер етті?
2.
XIX ғасырдағы тарихи жырларды фольклордағы тарихи
эпикалық жырлармен қандай дҽстүрлі сабақтастықтар ҿзара
байланыстырады?
3.
Тарихи жырларға тҽн ҿзіндік ерекшеліктерді неден кҿруге
болады?
4.
Тарихи жырларды кімдер зерттеді?
Әдебиеттер:
Н.ҽ:1,3,5,10,12,13,16,17,18,19,20,21,22,23.
Қ.ҽ:19,25,26,27,28,29,30,31,32,33,34,35,36,37,38,39,40,41,42,43,44.
ДӘРІС 4. МАХАМБЕТТІҢ ҦЛТ АЗАТТЫҚ КҤРЕС
АЯСЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҒҦМЫРБАЯНЫ
Дәрістің мақсаты:
Махамбет поэзиясын ұлт азаттық күрес
тарихымен байланыста талдап түсіндіру.
Дәрістің жоспары:
1.
Исатай-Махамбет бастаған ұлт азаттық күресінің басталу
тарихы жҽне оның Махамбет шығармашылығындағы
бейнеленуі.
- 68 -
2. Махамбеттің семсер жырларындағы жорықты жылдар мен
күреспен ҿткен күндер шежіресі.
3. Ұлы арман жолындағы соңғы аттаныс жҽне ақынның
қайғылы қазасы.
4. Исатай-Махамбет бастаған ұлт азаттық күрес тарихының
зерттелуі.
М.Ҽуезов
«Махамбеттің
ақындығы»
атты
еңбегінде:
«Махамбет жырлары ғасырлар бойында кҿпшілікке ұдайы үлкен
дерт боп тұрған үлкен жараның аузын жұлғандай болатын» – деп,
Махамбет жырларының терең мазмұны тек кҿтерілістің ғана емес,
бүкіл қазақ елінің отарлық езгіге түсу тарихынан да хабар берер
танымдық қасиетіне сілтеме жасайды. Махамбеттанудың тұңғыш
зерттеушісі Х.Досмұхмедұлы Исатай-Махамбет кҿтерілісіне орай
жазған тарихи зерттеу мақаласында қазақ халқының отарлық езгіге
түсу жайын ҽріден бастап талдауы да, осы мақсатты кҿздегенін
айқын танытады. Ҽрине, таным жолы сан тарап. Махамбет
шығармаларының текстологиясы жайлы, ҿлеңдерінің туу тарихы
туралы Х.Досмұхамедұлы, М.Ҽуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев,
З.Ахметов,
Б.Аманшин,
Қ.Мұхамедханов,
Б.Алдамжаров,
Қ.Сыдиқов, Ҽ.Кекілбаев, т.б. ғалымдар мен ҽдебиетшілер түрлі
пікірлер білдірген. Солардың бҽрі дерлік күрескер ақын
шығармаларын үш топқа бҿліп: кҿтеріліске дейінгі, кҿтеріліс
кезіндегі жҽне кҿтерілістен соңғы деп қарастырады. Исатай-
Махамбет бастатқан ұлт азаттық кҿтерілісінің хронологиялық
тарихы жағынан, ақын ғұмырының ҿмір кезеңдері тұрғысынан
келгенде бұлай жіктеу тарихи жҽне ҽдеби тұрғыдан ҿте орынды.
Тҽңірінің берген шабыты мен ұлт тҽуелсіздігі, туған жер,
атамекеннің азаттығы жолында ақынның жан ҽлемін құрсаулап
қысқан мұң, шердің толқынынан туған Махамбет мұрасын оқу
құралында отарлық езгіге қарсы ел атынан сҿйлеген Ер сҿзінің
азаттық ой-танымын танытар жан тебіренісі, бостандық,
ұлтжандылық кҿзқарасы тұрғысында қарастырдық. Міне,
сондықтан да, Махамбет сҿздерінің мҽнін ашу үшін, қазақ елінің
бодандық бұғауға түсу тарихына шолу жасауды қажет деп таптық.
Сонымен, егер біз Европа мен Азия құрлықтарын қамтыған
Исатай-Махамбет батырлар бастатқан азаттық кҿтерілісін Кеңес
дҽуіріндегідей
шаруалар
кҿтерілісі
ретінде
қарастырсақ,
шаруалардың үстем тапқа қарсы күресі сол мемлекеттің ішкі
- 69 -
саясаты негізінен туындайтын, ҽлеуметтік таптар арасындағы
қайшылықтардың ғана кҿрінісі болып шығар еді. Ал қазақ елінде
болған барлық 300-ге тарта ұлт азаттық кҿтерiлiстерiн
шаруалардың феодалдарға қарсы таптық кҿтерiлiстерi деп бағалау
– большевиктердiң орыс империялизмiнiң отарлық езгi саясатын
жасыру үшiн ойлап тапқан ҽрекетi. Ондағы мақсат – қазақ елінде
феодализм болды, яғни таптық антогонизм үстемдiк еттi. Сырым,
Исатай, Есет сияқты батырлар отаршылдарға қарсы емес, қазақтың
бай-феодалдарына қарсы күрестi. Олар жалпы халықтың емес,
шаруалардың кҿтерiлiстерiн басқарған. Сҿйтiп, 1917 жылғы Қазан
тҿңкерiсiне дейiн қазақ елінде феодалдық қоғам болып, онда
қазақтың бай, феодалдары еңбекшi халықты қанауда ұстады. Олай
болса қазақ елінде ұлт азаттық кҿтерiлiстерi емес, феодализмге
қарсы бағытталған шаруалардың кҿтерiлiстерi ғана болды.
Сонымен, қазақ жеріндегі жексұрын феодалдық қанаудан халықты
Қазан тҿңкерiсi арқасында большевиктер құтқарды. Ендi
Қазақстанда
толық
теңдiк
орнату
үшiн,
феодализмнiң
экономикалық тiрегi болған рулық негiздегi ауылдарды жойып,
орнына ұжымдық шаруашылықтар құру керек деп жаңа отарлау
жүйесiн жасады. Осы саясаттың ұлтымызға қаншалықты қасiрет
ҽкелгенi бүгiнде баршамызға белгiлi жай.
Мҽселеге дұрыс баға берер болсақ, Исатай-Махамбет
кҿтерiлiсiн ұлт азаттық кҿтерiлiсi деу – тарихи ҽдiлетке сай. Ал,
ұлт азаттық кҿтерiлiсi халықтың барлық ҽлеуметтiк топтарын бiр
мақсатқа – ұлтты отарлық езгiден азат ету, елдiң дербестiгiн сақтау
жолына жұмсалады. Сондықтан Исатай-Махамбет бастаған ұлт-
азаттық кҿтерiлiсiн шаруалар кҿтерiлiсi дҽрежесiне дейiн
тҿмендету, қазақ еліндегі Ресей империясының жүргiзген отарлық
езгiсiне қарсы күрескен ерлердiң ұлт тҽуелсiздiгi жолындағы
еңбектерiн бағаламаумен бірдей.
Манаш Қозыбаевтың: «Махамбет жыры – тарихи негiзге
сүйенген. Оның ҽрбiр ҿлеңi – болған оқиғаның куҽсi», – деуi содан.
Сондықтан қазақ елін отарлаудың Батыс ҿлкеден басталған езгi
тарихын Махамбет шығармашылығы негiзiнде саралау қажет. Осы
жерде
ескерте
кететін
бір
жай,
Махамбет
ҿлеңдерін
Х.Досмұхамедұлының 1925 жылғы құрастырған жинағынан соңғы,
1939, 1948, 1951, 1958, 1962 жылғы жинақтарын ел ішінен жҽне
басқа ҽдебиетші, қаламгерлер деректерінен алып, ҽр жылдары
қосқан жиырма үш ҿлеңмен толықтырып бастырған академик
- 70 -
Қажым Жұмалиев болатын. Кейін 1974, 1979 жылдары
«Махамбеттің тағдыры» атты кіріспе мақала, түсініктер мен
библиографиясын құрастырып, Махамбет шығармаларының жеке
жинақтарын жарыққа шығарған – Берқайыр Аманшин. Алайда,
«Қазақ ҽдебиеті» газетінің 1986 жылғы 9, 16 мамырдағы
сандарында басылған Қ.Мұхамедхановтың «Семсер жырға сергек
қарайық» атты зерттеу еңбегі, осы газеттің 1987 жылғы 12
маусымдағы санында шыққан И.Кенжалиевтің «Мұраға ақау
түспесін» мақаласы, Қ.Сыдиқовтың «Махамбет ҿлеңдерінің
текстологиясы хақында» атты ҚазақССР ҒА Хабарларының (тіл
мен ҽдебиет сериясы) 1990 жылы № 3 санында жарияланған
талдау мақаласы, Б.Алдамжаровтың «Жұлдыз» журналының 2003
жылғы №3 санында басылған «Махамбет мұрасын мазаламайық»
атты сын мақаласы мен басқа да материалдарға сүйене отырып,
сондай-ақ Махамбет шығармаларының 2003 жылы шыққан
жинағында: «Махамбеттің 1974, 1979 жылғы жинақтарында
Махамбет ҿлеңдерінің Ы.Шҿреков айтып жеткізген жүйесі
бұзылған, ҿлең тармақтары ешқандай негізсіз бір ҿлеңнен екінші
ҿлеңге кҿшірілген, кейбір сҿздер жаңсақ оқылған, мағынасы
жаңсақ түсіндірілген» – деп, дұрыс кҿрсетілген сын-ескертпелерді
ескере отырып, біз оқу құралында Махамбет ҿлеңдерінің дҽлелді
нұсқаларын мұқият саралап қолдандық. Бұл орайда негізгі
басылым ақынның тҿрт томдық академиялық жинағы (Құраст.: А.
Егеубаев, Қ. Раев. – Алматы: Ғылым, 2003) басты нұсқа ретінде
алынды. Қазақ еліндегі ұлт азаттық кҿтерiлiсiнiң түп мақсаты
дауылпаз ақынның «Еділ үшiн егестiк» деген ҿлеңiнде былайша
суреттеледі:
Едiлдi кҿрiп еңсеген,
Жайықты кҿрiп жемсеген,
Таудағы тарлан шұбар бiз едiк.
Исатайдың барында
Қара қазан, сары бала
Қамы үшiн қылыш сермедiк.
Шабытымыз келгенде
Аузы түкті кҽпірдің
Шетiнен сүйреп жеп едiк.
Баста дҽурен тұрғанда
Бiздер-дағы, жiгiттер,
- 71 -
Оза кҿшiп, кең жайлап,
Еркіннен еркiн жатқан ел едiк.
Едiл үшiн егестiк,
Жайық үшiн жандастық,
Қиғаш үшiн қырылдық,
Тептер үшiн тебiстiк.
Теңдiктi малды бермедiк,
Теңдiксiз малға кҿнбедiк.
Осы ҿлеңдегi:
Оза кҿшiп, кең жайлап,
Еркiннен еркiн жатқан ел едiк, –
деген тармақтар қазақ халқының сан ғасырлық қалыптасқан
дҽстүрiнен, шаруашылығынан, тұрмыс қалпынан хабар бередi.
Қазақ
орыс
отаршылдарының
қол
астына
түсiп,
мемлекеттiлiгiнен айрылғанға дейiн үш жүзге бҿлiнiп, негiзiнен
мал шаруашылығымен айналысқан. Қазақтың үш жүзге бҿлiнуi,
оның себебi жайлы түрлi пiкiрлер бар. Мҽселен, Шоқан қазақ
жүздерi жайлы: «Қазақ жүздерi XV-XVI ғасырларда моңғол
ұлыстарының үлгiсi бойынша құрылды» – десе, В.Вельяминов-
Зернов: «Қазақ жүздерi Ташкент пен Түркiстанды қазақтар жаулап
алған соң, жер жҽне мал шаруашылығына сай пайда болды», –
дейдi. Бұл жайлы В.В.Бартольд: «Қазақ жүздерi географиялық
фактордан туған», – деген пiкiрге келсе, Момақан Ҽлиев:
«Қазақтың үш жүзге бҿлiнуi Маржанидiң айтуынша 1670 жылы
болған. Қазақтың үш жүзге бҿлiнген жылын Құрбанғали Халиди
«Тауарих хамса» атты тарихи еңбегiнде «иесi» деп атаған»,- деген
мҽлiмет келтiрген. Ал М.Ж.Кҿпеев, Н.Наушабаев, Шаһкҽрiм
сынды шежiрешiлер үш жүздi туыстық негiзiнде Алаштан
таратады. Бұл жайда Абай былай дейді: «Ҽмір Темір нҽсілінен
Құмар Шаих баласы, белгілі Бабыр патшаның шешесіменен бір
туысқан екі бауыры болған. Үлкені Ташкентте хан болып, кішісі
қазақты билеген. Бұлар Шағатай нҽсілінен Юніс ханның балалары
болған. Сол қазақты билегеннің аты Ахмет екен. Сол ҿз уақытында
аттанысқа жарарлық қазақтан үш жүз ҽскер шығып, үш жүзбасыға
билетіпті. Ҽр жүздің халқы ҿз ынтымағыменен бір туысқанға есеп
болыпты. Қазақтың «Үш жүздің баласы» дейтұғыны – сол». Қалай
- 72 -
десек те, қазақ халқы географиялық, ҽкiмшiлiк, шаруашылық
топтасудан туған үш жүз түрiндегi этникалық бiрлестiктерден
тұратыны анық. Сҿйтiп, «Қазақ жүздерiнiң ҽрқайсысының кҿшiп-
қонатын жолдары мен жерлерi, жалпыға ортақ этникалық
территориясы болды. Ұлы жүз Сырдариядан бастап, Жетiсу жерiн
түгел жайлайды. Оның құрамына үйсiн, қаңлы, дулат, албан, суан,
сiргелi, ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр, шанышқылы,
ботпай, шымыр, сыйқым, шыбыл, жайма рулары енедi. Орта жүз
Орталық
Қазақстан
аудандары
мен
Солтүстiк-Шығыс
Қазақстанның бiр бҿлiгiн қоныс етедi. Оның құрамында – қыпшақ,
арғын, найман, қоңырат, керей, уақ, қарлық рулары бартұғын.
Сырдарияның тҿменгi жағы, Арал теңiзiнiң жағалауы, Каспий
ойпатының терiскей бҿлiгi Кiшi жүздiң мекенi саналатын. Оның
құрамында: алшын, адай, алаша, байбақты, жаппас, қарасақал,
таздар, ҽлiмұлы, байұлы, жетiру сияқты тайпалар болатын».
Осы үш жүзден тұратын халықтың тiршiлiк кҿзi «оза шауып,
кең жайлауды» керек ететiн мал шаруашылығына байлаулы. Яки,
«Ас-адамның арқауы» дегендей, тiршiлiк жабдығы дегенiмiз –
салт-сананың, ҽдет-дағдының, заң мен дiннiң, бҽрiнiң арқауы.
Сондықтан қазақ кҿшпелi болуының да арқауы – сол тiршiлiк
жабдығы, ҿндiрiс қатынастары болмақшы», – деген ғалым
Т.Шонанұлының тұжырымына саяды. Мiне, осы қазақ малына
қажет жер 1771 жылы Едiл мен Жайық арасында қоныстанған
қалмақтың торғауыт руы Е.Пугачевтiң кҿтерiлiсiн қолдағаны үшiн
Ресей озбырлығына ұшырап, Жоңғарға үдере кҿшiп, бұл жер бос
қалды. Аталған қос ҿзен аралығы қалмақтар келгенге дейiн Ноғай
Ордасы құрамындағы қазақтың ҿз ата қонысы болатын. Осы
жерлерге қоныстану үшiн Кiшi жүз қазақтары отаршыл
империямен 30 жылға жуық арпалысып келiп, 1801 жылы ҽрең
дегенде қол жеткiздi. Ҽуелгi кезде тың жатқан жерге келiп
қоныстанған Бҿкей бастатқан Кiшi жүз қазақтары жердiң 70%-ы
құм шағыл болса да, 500 000 жылқы, 100 000 сиыр, 2 млн қой
ҿсiрдi. Отырықшы орыс шарулары мен казак орыстарға пайдасы
жоқ деп, қазаққа берiлген осы жерден мұнша табыс табу халықтың
ата кҽсiбi мен қажырлы еңбегiнiң арқасы болатын. Бiрақ бұл жердi
отаршыл ҿкiмет беруiн берсе де, кейiн iшi қызғанып, қазақтың
қоңдануынан шошынып, шек қойып, жаңа шекара тартты. Сҿйтiп,
князь Юсупов, Безбородко, граф Ковселеевтерге бiрнеше милион
десятина теңiз жағалауы мен шұрайлы ҿлкелер кесiлiп берiлдi.
- 73 -
Алғашында орыс империясының титулды иелерiне жер арендасы
үшiн жылына 970 сом салық тҿлеп тұрған Бҿкей тұқымдары,
кейiннен озбыр ҿкiметке сүйенiп ҿздерi де шүйгiндi жер, кең
алқаптарды алып, оны халыққа арендаға бере бастады. Одан қалған
iске татырлық жер, ҿзен, кҿл жағалары казак орысқа кесiлiп
алынды. Қысқасы, қазақ ҿз жерiн ҿзi жалға алып, күнелттi. Бұл
мҽселенiң бергi жағы. Ҽйтпесе, ҿкiметтiң шекараны iшке қарай
кҿшiру негiзiнде тартып алған жерi, орман саяжайларына деп алған
жерi, орыс казакқа кесiлiп алынған жер, жол салуға, керуен
жолына керек деп алынған жер, қамал, қорған, бекiнiс салуға деп
алынған жер, бұдан бҿлек пiшен шапқаны үшiн салық, мал
суарғаны
үшiн
салық,
мемлекеттiк
салық,
жайылымды
пайдаланғаны үшiн салық, т.б. озбырлықтың шегi болмады.
Қорыта айтқанда, Iшкi Бҿкей ордасындағы казак орыс жерiн
анықтауға Петербордан келген жандарал Маслокобецтiң есебi
бойынша қазақ пен казак орыстың жерiн салыстырғанда былай
болып шыққан: қазақтың барлық iске татырлық жерi 889 893
десятина, казак орысқа берiлген шұрайлы алқаптар 6 млн. 446 мың
400 десятина. Бiр казак орыстың жерi 45 десятина, бiр қазақтың
жерi 4 десятина, оның ҿзi ит байласа тұрғысыз қу медиен дала,
казак орыстың бiр бас малына 5 десятина, қазақтың бiр бас малына
0,95 десятина жер. Сҿйтiп, казак орысқа берiлген, олар пайдаланып
игеруi мүмкiн емес, шалқыған бос жер үшiн қазақтар оларға
жылына 40 мың 472 сом 50 тиын тҿлеп тұрған. Мiне, сондықтан да
Махамбет:
Едiл үшiн егестiк,
Жайық үшiн жандастық,
Қиғаш үшiн қырылдық,
Тептер үшiн тебiстiк.
Теңдiктi малды бермедiк,
Теңдiксiз малға кҿнбедiк, –
деп отыр.
Ендi, Ресей империясының нелiктен қазаққа бүйрегi бұрып,
Ішкi тарапты бердi, соған келейiк. Ҿйткенi, Махамбет
шығармашылығындағы ҽлеуметтiк теңсiздiк тақырыптарындағы
ҿлеңдерiн тарихи тұрғыдан жете талдамаудың кесiрiнен,
жоғарыдағыдай кҿтерiлiстiң мҽнiн жергiлiктi хан, сұлтандарға
- 74 -
қарсы бағытталған деп, отарлық езгiнiң астарлы сипаты назардан
тыс қалған жаңсақ пiкiрлер айтылып келдi. Ал, шындығында
отаршыл империяның Iшкi тарапты (Бҿкей ордасы) Кiшi жүз
қазақтарына беруiнiң астарында сан қатпарлы аяр, ҽккi зымияндық
бұғып жатқан болатын.
Бiрiншiден, қазақ даласы жағалай 1731-1865 жылдар
аралығында жалпы ұзындығы 3689 шақырымға созылған 141
қамал-қала, бекiнiс, редут, форпосттармен қоршау аяқталып, соның
iшiнде осы Исатай-Махамбет кҿтерiлiстерi кезiнде, ҽсiресе, Iшкi
тарап жерi жан-жағынан орыс казак ҽскерлерi бекiнiстерiмен
құрсауланып, мызғымастай қарулы бақылауға алынған болатын.
Сол себептi Ресей отаршылдары бұл жердi келешек отарлау iсiне
сынақ алаңы ретiнде пайдаланды. Махамбеттiң:
Тағыдай таңдап су iшкен,
Тапаңдай тiзесiн бүгiп от жеген.
Тағы сынды ер едiк,
Тағы да келдiк тар жерге,
Таңдансаң тағы болар ма
Тҽңiрiнiң салған бұл iске?!, –
деуiнде осы тар қамаудың сыры ашылған. Яки, туған жер үшiн
жанын шүберекке түйген ерлер амалсыздан «тағы да тар жерге
келiп», астам жаумен арыстанша арпалысуға мҽжбүр.
Екiншiден, Кiшi жүзде 1782-1797 жылдары болған Сырым
Датұлының (азан шақырып қойған есiмi-Шынтемiр) кҿтерiлiсi
отаршылдарға үлкен сабақ болды. Мұның мҽнiсi мынада: 1771
жылы 29 наурызда Үкімет Кеңесi Жайық жағасы туралы патшаға
ұсыныс енгізіп, оны патша Жарлықпен бекіткен. Осы Жарлық
бойынша Жайық бойын мекендеген қазақтар жерiнен қуылып,
қыстаулары қиратылып, ҿзеннiң сол жағалауының ұзындығы 633
шақырым, енi 10 шықырым, аумағы 600.000 десятина шұрайлы
жерi Орал атты орыс казактарына тартып ҽперiлдi. Ал, айналайын
Ақ Жайық Махамбет:
Жайықтың бойы кҿк шалғын –
Күзермiз де жайлармыз, –
- 75 -
дегеніндей, ежелден елдiң жайлап ҿскен құт мекенi болатын. Ол
жайлы мынадай тарихи деректер де бар: 1245-1247 жылдары
француз
монахы
Платоно
Карпини
Рим
папасының
тапсырмасымен Монголияға барған сапарын «История монголов»
деген кiтабында жазған. Сол кiтапта ол: «Қыпшақтардың 4 ҿзенi
бар: Днепр, Дон, Волга, Яик» – деп жазған. «Жайық» сҿзiн
О.М.Ковалевский
«Монголо-русско-французский
словарь»
сҿздiгiнiң 3 томында: «Яй» («Жай» – «мекен-жай») – орын, «Ийк»
– ерекше» – деп түсiндiрсе, «Қазақтың жер-су аттары» кiтабында
Ҽ.Ҽбдiрахманов: «Жайық» – жазық, яки суы жайылып ағатын
жазыққа орналасқан ҿзен», – деген түсініктеме берген. 1775 жылы
Е.Пугачев ҿлтiрiлген соң, «осы тарихтың масқара беттерiн мүлде
ұмыт қалдыру үшiн» II Екатерина патшайымның Жарлығымен
Жайық атауы Орал деп ҿзгертiлген.
Сҿйтiп, Есет, Жанқожа, Сүйінқара кҿтерілістерінен соңғы,
1869-72 жылдардағы патшаның жолсыз Жарлығына қарсы
кҿтерiлiстер
қарулы
орыс
казак
ҽскерлерiнiң
күшiмен
тұншықтылды. 1782, 1795-96, 1800-01 жылдары елде жұт болып,
ҿкiметтiң тиым салуына қарамастан, жұрт Жайықтан Iшкi тарапқа
ҿтуін тоқтатпады. Мұны қылмыс деп есептеген отаршыл империя
қазақтарға қарсы орыс казак ҽскерлерiн жiберiп, онсыз да
күйзелiске ұшырып отырған халықтың мал-мүлкiн талап ала
бастады. Мiне, осы себептi 1782 жылы басталған Сырым кҿтерiлiсi,
1797 жылы Кiшi жүз қазақтарының Iшкi тарапты жайлай
бастауына мүмкiндiк тудырды. Осы кҿтерiлiстер кезiндегi
қазақтың ерлiк күресi – оның бiрлiгi мен шаруашылық қалпы,
дҽлірек айтсақ, кҿшпендiлiк салтының негiзiнде жатқандығын
сезген сырт жау, Кiшi жүз қазақтарын iшке тартып, ыдыратып,
тұрмыс қалпын құртып барып, отарлық езгiге айламен түсiрудi
мақсат еттi. Мұны Махамбеттiң «Аспандағы бозторғай» ҿлеңiндегі:
Пыр-пырлай ұшқан қасқалдақ
Кҿгінде жатып кҿркеймес,
Ҿртенсе кҿлдің қоғасы.
Аруана мая күңіренер,
Бауырынан ҿлсе баласы.
Суда жүзген нҽн балық
Шағала құсқа жем болар,
Үзілсе кҿлдің сағасы.
- 76 -
Атадан қалған сауыттың
Шығыршығын тат басар,
Жыртыла тозса жағасы –
деген сҿздеріне зер салып байыптап қарасақ, анық байқауға
болады. Мiне, бұл отаршылдардың Iшкi тарапты қазаққа бергенде
бүгiп қалған келесi бiр алаяқтығының астары.
Сҿйтiп, Кiшi жүз қазақтарын үйiрiнен бҿлген жылқыдай Iшкi
тарапқа тартып, ынтымақ, бiрлiгiн ҽлсiретiп алған соң, отаршылдар
жаңа ҽдiс-айлаға кҿштi. Ендiгi мақсат – халықтың күш-қуатының
кҿзi кҿшпендi мал шаруашылығын күйзелтiп, тұрмыс қалпын
ҿзгерту болды. «Ҽуезов Үйi» ғылыми-мҽдени орталығындағы
мұрағаттан сол орталықтың қызметкерлерi тауып, «Жұлдыз»
журналының 1998 жылғы 9 санында жариялаған М.Ҽуезовтiң
ертеректе жазған «Қазақтың ҿзгеше мiнездерi» деген мақаласында
ұлтжанды кемеңгердің мынадай пiкiрі бар: «Қазақтың неше түрлi
болып тұрған ауыр халдерінің түпкi негiзгi тамыры қайдан тарап,
бұл күйге ұшырағанын ешкiм қолға алып, матбұғат жүзiнде қозғап
кҿрген жоқ. Сол үшiн бұл терең сауалды жұрттың есiне салып,
жүректердi қоздыруға сҿз бастап отырмыз.
Сол кезде халықты меңгерiп ұстап тұратын азулы, айдынды
хан сықылды бiр күш керек едi, халықтың бақытсыздығына қарай
жақсының сиреген кезiнде күшi кетiп, мынадай соққы жолықты.
Қазақтың ұлттық қалпы ҿзгердi. Тiрлiгi, мақсұты басқа, ниетi
шалғай, суық бауыр жаттың қолына тидi. Кемеңгер билердiң
заманы құрып, адамды мал мен пұлға сатып алатын заманға
килiктi.
Қазақтың тұрмысы ҿзгердi. Киiз үйде қыстап, суыққа
шынығып, қуатты, қайратты, денелi ҿсетiн қазақ, тазалығы жоқ,
аласа жер үйге кiрiп, аурулы нашар болып, мыжғырланып, еңсесi
кҿтерiлмей ҿсетiн қалыпқа түстi. Тҽн қуатты болса, жан қуатты.
Нашар жаннан осал мiнез осылай туды». Мiне, сондықтан
Доспамбет жырау үлгісінде Махамбеттің:
Елбең-елбең жүгiрген,
Ебелек отқа семiрген
Арғымақ туған асылды
Барыстай жал-құйрығын таратып,
Бауырынан жаратып,
- 77 -
Тұяқтан ұшқан тозаңын
Арқадан жауған қардай боратып,
Басын кҿкке қаратып,
Құлағын iстей қадалтып,
Баптап мiнер күн қайда?
Желп-желп еткен ала ту
Жиылып алар күн қайда?
Қорама мылтық тарс ұрып,
Жауға ататын күн қайда?!
Алаштағы жақсыдан
Батасын алып, дҽм татып,
Түлкiдейiн түн қатып,
Бҿрiдейiн жол жортып,
Жауырынына мұз қатып,
Жау тоқтатар күн қайда?! –
деп ат құлағында ойнаған дала ерлерiнiң елдiк жолындағы ерлiкке
толы тарихын үлгi етуi, сол ерлердiң ұлы арманын ұлттың ұлттық
ҿмiр нақышы бесiгiне бҿлеп суреттеуi тегiн емес. Сондықтан да
отаршылдар елдiң осындай жауынгер рухын, туған жерге деген
шексiз махаббат сезiмiн тұрмыс тауқыметiмен тұншықтыру үшiн,
түрлi зымиян ҽрекеттерге барған. Соның бiр айғағы – Сiбiр
ҽскерiнiң бастығы генерал-майор Веймарнның 1762 жылы 21
наурызда Сыртқы iстер алқасына жазған баяндамасындағы
ұсынысы. Онда Веймарн былай дейдi: «Қазақты тыныштандырып,
жуасыту үшiн, бiлдiртпей бiрте-бiрте қазақтың байлығының қоры –
малы мен жылқысын кемiту керек. Қазақ жарлы болса, бiзге
қауiпсiз болады. Қазақ амалсыз тынышталады. Қазақтың күшi –
мал, кҿшпендi еркiн тұрмыс. Қазақ малға шұрайлы жер iздейдi,
сондықтан қазақты малдан, кҿшпелi тұрмыстан айыру керек.
Малдан айырылса – қазақ қайыршыланады, ал қайыршы жұрт
ҿкiметке қарсыласа алмайды. Ол үшiн қазақты отырықшы
тұрмысқа қызықтыру керек. Қазақ малы пiшенге үйренбеген,
отырықшы ел малын пiшенмен асырайды. Оған үйренбеген мал
жұтайды. Онымен қоса қазақ пiшендi жеткiлiктi дайындай
алмайды, оған күшi де, техникасы да, бейiмi де жоқ. Пiшен
жетпесе, қазақ жұтайды, жұтаса жарлы болып, ҿкiметтiң айтқанына
кҿнбеске амалы жоқ». Отаршыл ҿкiметтiң Құлсары, Уҽли, Нұрым,
Жҽңгiр, Бҿкей, Тайғара, Қарауылқожа, Баймағамбет, т.б. үй салып,
- 78 -
ақша берiп, егiн егуге жер берiп, қамқорсуы – осының айғағы.
Тiптi, Абылайға, Құлсарыға үй салуға қанша ақша керек деп смета
жасауға бұйрық Веймарнның осы ойы бекiтiлген қаулымен бiрге
шыққан. Бiз бұл саясаттың мҽнiн түсiнбей, қазақта Жҽңгiр сынды
iрi жер иеленушi феодалдар болды, солар жҽне орыс қалалары
арқылы қазаққа отырықшы тұрмыстың iлгерiлi мҽдениетi келдi деп
жаздық. Осы дұрыс па? Сонда мҽдениет деген не? Мҽдениет
отырықшы тұрмыс пен қала бар жерде ғана болатын нҽрсе ме? Бұл
жайлы халқымыздың кемеңгер ойшылы Мұхтар Ҽуезов былай
дейдi: «Мҽдениет деп адамның дүние жүзiне алғаш келгеннен осы
күнге шейiн тапқан һҽм сол бiлiмге сүйенiп iстеп отырған ҿнерiн
айтамыз. Мҽдениетке негiз салушы адамның ақылы һҽм жүрегiнiң
кҿрген нҽрседен ҽсер алғыш сезiмдiлiгi. Ақыл мен сезiмнiң ҿсуi
екiншi бiр себепке тiреледi. Ол себеп: тұрмыс ыңғайы, ҿмiр
ауыртпалығы, жеңiлдiгi һҽм ауыр ҿмiрдiң тiзесiнен қысылып
тапақан ҿмiр тҽжiрибелерi. Мҽдениеттiң себепшiсi – тұрмыс
ыңғайы». Ал, бiз кҿшпелi халықтың мҽдениетi жоқ, ол
отырықшылықпен бiрге келген дегендей сыңайдағы нигилистiк
пiкiрге күнi бүгiнге дейiн бас шұлғудан арыла алмай келемiз.
Қашан, қай заманда отаршыл ел қазақ жұртын мҽдениеттi болсын
деп қала салып, мҽдени ошақтар ашып едi? Отаршыл ел қала
салған жоқ, қамал, бекiнiс салып, ҽскер ұстап, озбыр ел
билеушiлерi мен ҽкiмдер арқылы адамдыққа жат отарлық саясат
жүргiздi. Ол қамалдар уақыт ҿте келе қалаға айланып, мҽдениет
орындары пайда болса, бұл отаршыл елдiң игi ниетiнiң арқасы
емес, ҿмiрдiң тезiнен барып болған жай. Кенесары бабамыздың:
Ойда-Қоқан, қырда-орыс,
Қамал болды қаласы.
Кiмнен таяқ жегендей,
Бiздiң қазақ баласы!
Алдырып жүрген дұшпанға –
Аузындағы аласы, –
деуi де осы жайды айғақтайды. Сондықтан да Махамбеттiң:
Аспандағы бозторғай –
Бозаңда болар ұясы.
Бозаңның түбiн су алса,
- 79 -
Қайғыда болар анасы.
Қара лашын, ақ тұйғын –
Қайыңда болар ұясы.
Қайыңның басын жел соқса,
Қайғыда болар анасы.
Айланбастың Алатау –
Бауырында болар саясы.
Тоқсан тарау су ақса,
Дария болар сағасы.
Сан шерулi қол болса,
Батырлар болар ағасы.
Аз сҿйлер де кҿп тыңдар,
Хас асылдың баласы , –
деген толғауын халықтың тұрмыс қалпын туған табиғатпен
астастыра бейнелеген ақынның мҽдени ой-ҿрiсiнiң тҽрбиелiк
мҽнiн танытар гуманистiк поэзия, сондай-ақ ұлт пен оның мҽдени
дҽстүрін сақтау жолындағы күрескер ерлер бейнесін астарлы түрде
суреттеген шығарма деп танимыз.
Сонымен, Ішкi тараптағы Исатай-Махамбет бастатқан ұлт
азаттық кҿтерiлiсiнiң екi жақты сипаты болды.
Бiрiншiсi, отаршыл империяның жердi отарлауы мен халықтың
тұрмыс қалпын бұзуға бағытталған саясатына қарсы күрес.
Екiншiсi,
“шендi
шекпен”
мен
ҿз
құлқыны
үшiн
отаршылдардың қолшоқпарына айналған ел билеушiлерiне қарсы
күрес.
Исатай мен Махамбет бастаған ұлт азаттық кҿтерiлiсiнiң туу
негiзi осындай отарлық саясаттан туындаған. Мұндай озбырлық
отаршылдар тарапынан Ішкi тарапқа қоныстану басталған алғашқы
жылдардан-ақ жүргiзiлген. Сол себептi Iшкi тарапқа ҿткен қазақ
ауылдары Жайықтың сыртына қайта орала басталды. Ал, бұл
ҿкiметке тиiмсiз болатын. Ҿйткенi, негiзiнен құмды шҿл мен
шҿлейт жерлерге ығыстырылып, қоныстандырылған халық
отаршылдардың су тегiн дерлiк пайда кҿзiне айналды. Бұл жайлы
1833 жылы шыққан Сенат қаулысында: «отырықшылыққа бiр
тиын пайдасы жоқ жерден қазақ қана ыңғайлы кҽсiп қылып тұрып,
пайда шығарады. Сол қазақтар отырықшы елге айырбас арқылы
арзан байлықтың кҿзi» – деп жазған. 1832 жылы 29 тамызда Нарын
- 80 -
құмы жанындағы Жасқұста жҽрмеңке ашуға Министрлер
комитетiнiң арнайы жарлық шығарудағы мақсаты – қазақ
халқының кҿш-керуен, сауда-саттық, жҽрмеңке-базар, ду да ду, у
да шу жыңылып жатуы үшiн емес, ел байлығын орыс сауда
капиталына тонату үшiн iстелген iс екенi анық. Майлы жiлiктен
айырылғысы келмеген отаршылдар қазақ ауылдарының Iшкi
тараптан керi қайтуына қарулы күшпен, түрлi амал, тҽсiлдермен
тосқауыл қойып отырған. Бұл орайдағы қатiгездiк пен зорлық-
зомбылықтың құжатты деректерi жетiп артылады.
Сонымен, ақынның жеке басының ғана емес, бүкiл ҽулетiнiң
Iшкi тарапқа ҿткен жұртпен бiрге отарлық қанауға түсуi,
Махамбеттiң ұлт азаттық күресiнiң жалынды жыршысына
айналуына ҽсер еттi.
Махамбет 1803 жылы Нарынның шығысындағы Бекетай
құмында дүниеге келген. Бұл жердiң табиғаты аң-құсқа, ҿсiмдiк
дүниесiне бай, сулы да нулы ҿңiр. Ақын туған жерiнiң осындай
кҿркем келбетiн былай суреттеген:
Қырлығында оба бар,
Кҿлдеуiнде қоға бар,
Жыңғылы мен талы бар.
Қонса қонақ жегендей
Жаясы мен жалы бар.
Айтып-айтпай немене –
Ҽдiрҽ қалған Нарында
Бас пайданың бҽрi бар.
Махамбеттiң ҽкесi Ҿтемiс тҿрт ағайынды: Шыбынтай, Ҿтемiс,
Қобылабай жҽне Айтай. Бұлар 1808 жылы Тойсойған құмы
жағынан Iшкi тарапқа Жайықтан ҿтiп, Шолан тауы маңына
қоныстанады. Iштерiндегi жасынан қайратты, ҿжет, сҿзге де, iске
де алғыр Ҿтемiстi ауылдастары старшина етiп тағайындағын.
Ҿтемiс сияқты жұрттың ҿз iшiнен сайланған старшиналардан
бҿлек, патша ҿкiметi 1824 жылдан бастап, Кiшi жүздi тҿрт бҿлiкке
бҿлiп, ҽр бҿлiктегi рулар мен ауылдарды мидай араластырып,
олардың басшылығына тағайындаған старшиналары да болған.
Оларды бҿлiктердiң басшы сұлтандарының ұсынуымен Орынбор
Шекара комиссиясы бекiткен, содан соң ғана, мҿр, куҽлiк берiлетiн
болған. Тағайындалған старшиналарға отаршылдар тарапынан
- 81 -
түрлi жеңiлдiктер мен қонысқа қолайлы жер берiлген. Сҿйтiп ел
iшiнде қалыптасқан сайлау дҽстүрiн бұзып, пара беру, рушылдық,
жағайымпаздық сияқты кесапаттарды отарлық жүйе осылай
тудырған. Оларға бұдан түсер пайда шаш-етектен болды.
Ал, ауылдастары сайлап старшина қойған Ҿтемiстiң қандай
адам болғанын Махамбеттiң мына ҿлең шумақтарынан бiлуге
болады:
Менiң атым – Махамбет,
Жасқұстағы Жҽңгiр хан
Iсiнен болдым құса-дерт.
Атасы ҿткен Айшуақ –
Соның кҿзi кҿрдi ғой:
Менiң атам Ҿтемiс
Елдiң қамын жедi ғой.
Ҿтемiстiң он ұлы, бiр қызы болған. Бұл жайлы архив
деректерiнде, Мақсұт Неталиевтiң Махамбет тегi жайлы
шежiресiнде, сондай-ақ Қ.Жұмалиев, Б.Аманшин, Ҽ.Сарай,
И.Кенжалиевтің зерттеу еңбектерiнде келтiрiлген түрлi мҽлiметтер
де мол. Ақынның «Баймағамбет сұлтанға айтқан сҿзіндегі»:
Бiз бiр енеден бiр едiк,
Бiр енеден екi едiк –
Екеуiмiз жүргенде,
Бiр-бiрiмiзге ес едiк.
Бiр енеден үш едiк –
Үшеуiмiз жүргенде,
Толып жатқан күш едiк.
Бiр енеден бес едiк –
Бесеуiмiз жүргенде,
Алашқа болман деушi едiк
Ҿтемістен туған он едік –
Онымыз атқа мінгенде,
Жер қайысқан қол едік!-
деп келетiн жыр жолдары мұны растайды.
Атадан туған аруақты ер
- 82 -
Жауды кҿрсе, жапырар
Үдей соққан дауылдай.
Жамандарға қарасаң,
Малын кҿрер жанындай.
Жүйрiк аттың белгiсi
Тұрады құйрық-жалында-ай,-
деп Махамбет айтқандай, Ҿтемiстен тараған арыстардың бҽрi де
ҽкеге тартып туған ер азаматтар болды. Олар: Тоқтамыс,
Бекмағамбет, Махамбет, Қожахмет, Сымайыл, Сүлеймен, Ибраһим,
Ҽйіп, Қасен, Досмайыл. Осылардың iшiнде Тоқтамыс пен Ҽйiп
қана азаттықтың ақ туын халқымен бiрге кҿтерiсе алмады.
Ҿйткенi, 1817 жылы отаршылдардың «темiр кҿздi сарайында»
құрбан болған ҽкесiнiң орнына, 1819 жылы старшина болып
тағайындалған Тоқтамыс 1822 жылы қайтыс болған. Ал Ҽйiп
жастай бұ дүниеден қайтқан. Махамбеттiң жоғарыдағы ҿлеңiнде:
Ҿтемiстен туған он едiк –
Онымыз атқа мiнгенде,
Жер қайысқан қол едiк! –
деуі осы жайдан хабар береді.
ХІХ ғасырдағы қазақ ҽдебиетi пҽнiне арналған оқулықтардың
бҽрiнде дерлiк Махамбеттiң ағасы Бекмағамбет жайлы: «Жҽңгiр
ханның 12 биiнiң бiрi, ханның сенiмдi серiгi, кҿтерiлiске қарсы
күрескен адам» деген сҿз орын алып келдi. Алайда, кҿптеген
мұрағат құжаттары мен ғалымдардың зерттеу еңбектері мұны
теріске шығарады.
Біріншіден, Жасқұстағы хан сарайында билер кеңесі емес, 1827
жылы 18 кҿкекте Орынбор Шекара комиссиясының тҿрағасы
полковник Г.Ф.Генс Ішкі Орда старшындарын жиып, Жҽңгірмен
бірге ҿткізген съезде ҽр ру старшындарынан хан кеңесін құрған.
Оған Мүсіреп Айдаболұлы, Шомбал Ниязұлы, Шора Кедейұлы,
Балқы
Құдайбергенұлы,
Құнажан
Сапақұлы,
Алтай
Досмұхамедұлы, Кҿшетер Мойнақұлы, Жантҿре Ақтанұлы, Байтақ
Түменұлы, Татан Сейсенбайұлы, Құдайшүкір Бозайұлы, Кендірбай
Ырысбайұлы, Бос Боздақұлы сайланған.
Екiншiден, билердi ҽр ауылда, ҽр руда халық ҿзi сайлағанмен,
оны патша ҿкiметi бекiтетiн болған. Осы жолмен Бекмағамбет
- 83 -
Тоқтамыс қайтыс болған соң, орнына би болып тағайындалған. Бұл
жайлы
Қазақстан
Республикасы
Орталық
Мемлекеттiк
мұрағатында Сығай сұлтанның Орынбор шекара комиссиясына
Бекмағамбет
Ҿтемiсұлын
ҿмiрден
қайтқан
Тоқтамыс
Ҿтемiсұлының орнына би етiп тағайындауын ҿтiнген ұсыныс қағаз
сақталған. Осындай би, яғни, отаршыл ҿкiмет жүйесiндегі
«старшина» деп аталған билiк тұтқасын хандық ел басқару iсiмен
араластырудан барып, Бекмағамбет жайлы жаңағыдай жаңсақ пiкiр
қалыптасқан. Ал «Архив материалдары Бекмағаметтi кҿтерiлiс
басшыларының қатарына қосады. Iшкi тарапты бақылау
тапсырылған Орал казак-орыс ҽскерiнiң Наказной атаманы
генерал-майор Покатилов хан мен сұлтандардың, офицерлер мен
билердiң мҽлiметiне сүйенiп Орынбор соғыс губернаторына 1837
жылғы
25
қазанда
жазған
хатында
Исатайдың
басты
сыбайластарының қатарына бiрiншi етiп Бекмағамбеттi кҿрсеткен.
Хан, сұлтандар ҿздерiне жақпаған адамды старшина етіп
сайлатпаған, ал сайлана қалса бекiтiлмеген. Мысалы, 1822 жылы
Бекмағамбет Ҿтемiсұлы ҿз ауылына старшина болып сайланған.
Сығай оны бұл жұмысқа бекiтiп, старшина атағын берудi
Орынбордан сұраған. Бiрақ, 1823 жылы Жҽңгiр хан болғасын,
Бекмағамбеттi бекiтпеу туралы Орынбор Шекара комиссиясына
хат жазған».
Менiң ҽкем Ҿтемiс,
Жауырыны жалпақ, мойны ұзын,
Атарына қолы ұзын
Қабағын қара биiк бҿрiк басқан,
Жауырынына күшiген жүндi
Қу жебе оқ шанышқан
Оң келгенiн оң атқан,
Сол келгенiн сол атқан.
Солақай тартып бек атқан
Құланды қақтан айырған
Егескен күнде хандардың
Талайын тақтан тайдырған, –
деп Махамбет бейнелеген ҽкесі Ҿтемiс отарлық езгiге қарсы
күресте отаршылдардың қолынан қаза тапқан. Қонысқа талас
салдарынан туған барымтада патша ҿкiметiне арқа сүйеген
- 84 -
Сүйiнiшқали Жаналиев сұлтан бастатқан қарулы қол 1816 жылы
тамызда Ҿтемiстiң ауылын шауып, малдарын айдап кеткен. Бұл
барымтаға Исатай да қатысқан. «Ай, заман-ай, заман-ай», «Бес
ғасыр жырлайды» жинақтарында: «Болашақ ақынның ҽкесi Ішкi
ордадағы ауқатты, ханға жақын, ықпалды адамдардың бiрi
болған»,- деп жазылған. Бұл пiкiрдiң айтылуына 1815 жылы Бҿкей
хан ҿлген соң, орнына уақытша хан болған Сығай Нұралиев пен
Сүйiнiшқали сұлтан арасындағы жер дауы, бақталастық себеп
болды. Ҿйткенi, «арқада жер от болса, арқар ауып несi бар»
демекшi, патша ҿкiметi Жайық бойын тартып алған соң, жерден
қысылған қазақ рулары оңтүстiкке ауды да, ру басы сұлтандар
арасында жерге, жайылым, шабындық, қыстауға талас туды.
Осының кесiрiнен 1812 жылы Жабал Бегҽлiұлының орнына би
(старшина) сайланған Исатай Сүйiнiшқали сұлтанмен бiрге
Ҿтемiстiң ауылын шабуға қатысуға мҽжбүр болған. Ҿйткенi 1815
жылы Сығай сұлтанның қолдауымен Исатай ауылын хорунжий
Бармақ Мұратов, Балқы Құдайбергеновтер шауып, малын айдап
кетедi. Бұл зорлыққа ашынған Исатай отаршыл ҿкiметке
шағымданады, оны тексеру жүктелген Орал казак ҽскерiнiң
атаманы
генерал
Д.Бородин
арызды
қасақана
осы
шапқыншылықты ұйымдастырып отырған Сығай сұлтанның
қарауына берген. Сҿйтiп, озбыр ҿкiметтен ҽдiлет таппаған Исатай
Сүйiнiшқали сұлтанға iлесiп, ҿз малын қайтарып алу үшiн қарсы
жақтың ауылдарын шабуға амалсыз барған. Мiне осы қарымта
кезiнде талауға түскен табан ет, маңдай терiмен ҿсiрген малын
жоқтап, Ҿтемiс Құманиязұлы 1817 жылы жазда Орынборға барып,
Шекара комиссиясына арызданады. Мұны ести сала Ҿтемiстiң
соңынан Орынборға қуа келген Сүйiнiшқали сұлтан оның үстiнен
губернаторға жалған жалалы арыз жазып, Ҿтемiстi түрмеге
қаматқан. Жасы келген, ҽдiлетсiз билеушiлерден қорлық пен жапа
шеккен Ҿтемiс 1817 жылы күзде Орынбор абақтысында қайтыс
болды. Кейiн балалары Тоқтамыс пен Бекмағамбет Шекара
комиссиясына арызданып жүрiп, таланған дүниелерiн ҿндiрiп алуға
қаулы шығартқан. Сол негiзде 1818 жылы Исатай қамауға алынып,
ҿкiмет Ҿтемiстiң малын Исатайдан ҿндiрген. Қысқасы, елдi
құлдыққа түсiрiп, жерiн алып, ҿзiн тонаған, халықтың бас құныкерi
отаршылдар ҿз табақтастары “шендi шекпендiлердiң” озбыр
қылықтарын, трайболизмдi барынша қолдай отырып, оны отарлау
саясатының бiр құралы ретiнде шебер пайдалана бiлдi. Сондықтан
- 85 -
да ел iшiнде айтыс-тартыс, барымта мен қарымтаның дем
берушiлерi Сығай, Сүйiнiшқали сияқтылар ҿкiмет тарапынан
ақталып, Ҿтемiс, Исатай сынды азаматтар кҿр қапаста азап шеккен.
Жоғарыдағы Ҿтемiс пен Исатай арасында болған жай осының
дҽлелi.
Оқ тиiп он үшiмде, ой түсiрiп,
Бiтпеген жүрегiмде бар бiр жарам, –
деп А. Байтұрсынұлы айтқандай, Махамбеттiң де жүрегiне 14
жасында отаршыл ҿкiмет дҽл осындай бiтпес жара салды.
Сҿйтiп, ҽдiлеттi аяққа таптаған ҿкiмет Махамбеттi 14 жасында
ҽкеден айырса, 30 жасында ата қонысынан айырды. Осының бҽрiн
де патша ҽкiмшiлiгi жергiлiктi ел билеушiлерiнiң қолымен атқарды.
Мұны ұққан Махамбет:
Қорлықта жүрген халқыма,
Босатандық алып берем деп, –
ақ жолға бет бұрды. Сол себептен де ол хан қасынан кетерiнде:
Он екi тҿбет, шұнақ хан,
Шабатының ел екен,
Күндейтiнiң мал екен.
Хан ұлына қас болу,
Қара ұлына бас болу,
Мендей ерге жҿн екен, –
деген қорытындыға келген.
Себепсіз салдар жоқ. Махамбеттің хан ордасынан кетуінің
себебі де отаршыл империя жүргізген басқыншылық саясатпен
астарласып жатыр. Ҿйткені, бұл уақытта отаршыл ҿкіметтің
тҽжірибе алаңы болған Ішкі тараптағы қуыршақ хандық басқару
жүйесі Махамбет:
Хан емессің – қасқырсың,
Қас албасты басқырсың.
Достарың келіп табалап,
Дұшпаның сені басқа ұрсын!
Хан емессің – ылаңсың,
Қара шұбар жылансың.
- 86 -
Хан емессің – аярсың,
Айыр құйрық шаянсың! –
деп бейнелеп айтқанындай, қолында толыққанды ел тізгіні жоқ,
жағымпаз, жҽдігҿй хандыққа айналған болатын. Бұл жайлы осы
ҿлеңге қатысты ҿз толғаныстарында академик З.Қабдолов мынадай
пікір айтқан: «Бұл сҿзді Махамбет Жҽңгірдің санасы жоқ саяздығы
үшін емес, айласы кҿп аярлығы үшін айтқан. Жҽңгір екі жүзді
сатқын, орыс патшасының жҽдігҿйі болған. Қазақтың ханы қазаққа
емес, казакқа арқа сүйеген. Қазақтың ҽрі қасиеті, ҽрі қасіреті
секілді Атыраудан Алтайға дейін кҿсілген сыйымсыз да қиырсыз
кең даласының батыс шалғайын бас жоқ, кҿз жоқ туырлықтай
тілгілеп хан тҿңірегіндегі озбыр һҽм обыр қазақтарға, патша
пҽрменіндегі бассыз һҽм басқыншы казактарға бҿліп бере берген».
Сҿйтіп, 1824-1845 жылдар аралығында Ішкі тарапта патша
ҿкіметінің қолтығының астындағы қуыршақ хандықтың иегері
болған Жҽңгір хан мен оның қолдаушысы отаршыл империяға
қарсы Исатай-Махамбет бастаған ұлт азаттық күресінің басты
себебі де осы – ел мен жер тағдыры болды. От алауы шоқтан
басталады. Сол шоқтың бірі – қызы Салиханы Жҽңгірге ұзатып,
Назарбай қажының қолдауымен қожа атанған саудагер Қарауыл
Бабажановтың 1829 жылы Исатай, Махамбет ауылдары жайлаған
Қиғаш, Күйген, Тептер ҿзендері бойындағы жерлерді Астрахань
ҽкімшілігінен жалға сатып алып, 1834 жылы бұларды Мыңтҿбе
тауындағы жаңа қонысқа ығыстыруы болды. Исатайдың Жҽңгірге
наразы болып кетуі, Махамбетті ханның: «Киргизец Мухамед
Утемисов, ближайший и первый его (Исатая) сообщник и первый
пособник этого мятежа, пишет хан, – нехорошего был поведения:
он находился в Оренбурге при малолетнем сыне моем
Зюлькарнайне, но я прогнал его как негодяя» – деп,
Зұлқарнайынның қасынан шақыртып алуы, Махамбеттің Жҽңгірге:
Алдияр, тақсыр ханымыз!
Исатай батыр кеткелі
Кеміді біздің сҽніміз.
Тілімді алсаң, тақсыр-ай,
Шайтанның мойнын жұлдырып,
Ордаңа қайтып алыңыз.
Арыстан еді-ау Исатай!
- 87 -
Нетесің, тақсыр, табалап?
Құрттайымнан ҿсіп ем,
Бауырына паналап.
Алдымда асқар тау еді,
Соңынан ерсем ағалап.
Ҽй, тақсыр-ау, ҽй, тақсыр!
Табаны жалпақ тарланбоз
Шабарында есінер.
Бір мінезі келгенде
Жібектей жұмсақ есілер.
Жауда қалса жолдасы,
Мақтанады несіне ер?!
Тастай қатты тағдырың
Исатаймен шешілер.
Айтып-айтпай немене –
Қор болды-ау, қайран, есіл ер! –
деуі осы жайдың салдары еді. Жоғарыда айтылған Шығыс
руханияты мен жыраулар поэзиясының бір арнаға тоғысып, ақын
танымының тереңінен толқып шыққан осы жыр жолдарын –
кҿтерілістің басты себебін айқындайтын құжаттық мұра десек те
болады. Енді осы айтылған тұжырымға тарихи танымдық талдау
жасайық.
Орыс империясының қамқорлығын сұрап, бодандығына түскен
Кіші жүз ханы Ҽбілхайырдың Нұралы, Бҿкейден соңғы ұрпағы
Жҽңгір Бҿкеев 1824-1845 жылдары Бҿкей ордасына (Ішкі тарапқа)
хан болған кезеңде отаршыл империя отарлау саясатындағы ҿз
мүддесін хан мен оның тҿңірегіндегілердің мүдделерімен
ұштастыра отырып, солардың қолымен ҽскери қарулы кҿмек беру
арқылы жүзеге асырды. Бүгінгі жаңа кҿзқарас, жаңаша бажайлау
дегеніміз – ҿткенді талғаусыз ақтап, бұрысты дұрыс етіп кҿрсетіп,
«жаңалық» ашу емес. Оған қоса ғылыми саралауға атақ, абырой,
бедел жүрмейді. Сондықтан орыс-қазақ мектебін ашты, кітапхана,
клуб, мұражай салдырды, хан ордасын ҿркениетті отырықшы
қалаға айналдырды, керуен жүргізіп, сауда-саттықты дамытты деп
Жҽңгірді ҽспеттесек, саналы, алымды да ақылды Махамбет, Исатай
сынды ел алды болған азаматтар мұндай «ғұлама» ханға қарсы неге
күрескен? Жҽңгір ҽкелген жаңа жол қазаққа не себепті тастай
батып, судай сіңбей, озбыр елдің жуан тоқпағының күшімен
- 88 -
енгізілді. Қысқа қайырып айтсақ, осы істердің бҽрі отаршылдар
мүддесіне сай болғандықтан жүзеге асырылды. Мҽселен, орыс-
қазақ мектебінің түп мақсаты – қазақты туған ел руханиятынан
аздырып, орысқа айналдыру. Оның зардабы ҽлі де жалғасуда. Бұл
жайлы
профессор
М.Мырзахметұлының
«Қазақ
қалай
орыстандырылды?» деген еңбегінде жазылған. Сондай-ақ Жҽңгір
ханның мектеп аштыруға мүдделі болған тағы бір себебін М.
Неталиев «Ханның қателігі – халықты қанағаны» атты еңбегінде
былайша дҽлелдеп жазған: «Тарихшы А.Рязановтың «Исатай
Тайманов кҿтерілісі» деп аталатын (Орынбор, шілде, 1976) кітабын
аудару үстінде талай қызықты жайларға тап болдым. Соның бірі –
сауаттылық мҽселесі. Жҽңгір хан ҿзінің қол астында, яғни Ордада
орысша білетін адамның жоқтығынан құжаттар, бұйрықтар
даярлауда үлкен қиыншылықтарға кездескен. Рязановтың ҿзіне сҿз
берейік: «Во второй части своей докладной записи (10 шілдеде
1837 жылы жазылған – М.Н.) Жангер хан жалуется на отсутствие в
Орде грамотных людей, что в высшей степени тормозит дело
управления
Ордой.
Поэтому
хан
просил
губернатора
командировать в Орду несколько грамотных башкир или
мещеряков для занятия должностей письмоводителей при султанах
и старшинах» (48-бетте)».
Ал отаршылдар қолдап, хан жүргізген отырықшылық ҿмір
салтын енгізудің діттеген кҿмбесі – қазақтың кҿшпелі мал
шаруашылығын
күйзелтіп,
тұрмыс
қалпын
бұзып,
қайыршыландырып, құлдықтың лағнет қамытын кидіру. Бұл
жайлы М.Ҽуезовтің «Қазақтың ҿзгеше мінездері» атты мақаласын
оқысақ та жеткілікті. Кҿш-керуен, сауда-саттық, жҽрмеңке-базар,
ду да ду, у да шу, жыңылып жатқан Бҿкей ордасындағы дамыған
сауда-саттықтан борсықтай семірген қазақ емес, орыс пен саудагер
сарт, шенді-шекпенділер, ҽсіресе отаршыл империяның сауда
капиталы. Жалпы орыс саудагерлерінің қазақ жерінен тонаған
байлығына сҿзіміз дҽлелді болу үшін «Ел тағдыры – жер тағдыры»
атты Т. Шонанұлының зерттеуінен мынадай дерек келтірейік:
«Саудашыл капиталдың аты тек сауда делінгені болмаса, ісі –
тонау, талау, қарақшылық. Соның үшін алғашқы Еуропа
саудагерлері «конкистадор» атағын алған. Елді талау үшін олар
ҽскер жиып, қанды соғыстар да ашқан. Петр I заманынан
тұрмысының бірқатары еуропаша ҿзгере бастаған Ресейге колония
керек болды. Ол колонияны Ресей Азиядан іздеді. Ҽсіресе, қазақ
- 89 -
даласының алтынына жерік болды. Ҽбілқайырға берілген 19
ақпандағы грамотада орыс үкіметінің «Орыс керуенін қорғайсың»
деген сҿзі – саудашыл капитал қазақ жерін шыға кҿшіп, кіре
жайласын деген сҿзі еді. Орынбордың бастапқы ҽкімі Кирилловқа
берген нұсқауының 11, 12, 15 – тармақтарында қатын патша Анна:
«Қазақ жерінен алтын, күміс табуға тырысу керек. Соның үшін
ҽуелі керуендерден қалдырмай инженерлер жіберілсін. Табылған
алтынды законға сыйғызып аламын деп ҽуреленбей, саудагер
ретімен пайдаланыңдар», – дейді. Мұның мҽнісі – қазақ даласының
асты-үстіндегі байлықтың рахатын, қызығын орыстың саудашыл
капиталы кҿрсін деген сҿз». Ендеше, қазақтың рухын, тұрмыс
қалпын, ұлттық болмысы мен нақышын бұзуға күш салған орыс
отаршылдарының қолшоқпары Жҽңгірді қазақтың қол жҽне ой
батырлары неге қолдауы керек?! Міне, сондықтан да М.Ҽуезов:
«Бұрынғы хан елдің ҿзгеден бҿлек бір тіршілігінің белгісі сияқты
болса, бері келген уақытта орыс үкіметінің кҿз, құлағы сияқты,
болымсыз ғана тҿрешігі болып қалды. Соңғы уақыттың хандары
қазақтың қасы, патша үкіметінің тыңшысы болды. Шенге,
шекпенге сатылған сатымсақ ханның маңайынан ҿлекседен тараған
сасық иістей, толып жатқан ұсақ тҿре, ұсақ би, ру жуандары
шықты. Мұның бҽрі патша үкіметінің жорға құлы болды. Ел
тіршілігінің ҿзгеріп, азуға айналғанының бір белгісі осы еді. Бірақ
осылардың тұсында қалың ел жалғыз хан зорлығы емес, сонымен
бірге күннен күнге суық қолын сұғып, обырдай обып бара жатқан
үкімет сұмдықтарын кҿрген соң, кҿңіліндегі барлық наразылығын
жаңағы хандарына қарай бекітті, елдің ҿз ішінен шыққан «арам ет»
сияқты ала кҿңіл «жақсыларды», ең алдыңғы жауы деп есептеді», –
деп дҽл айтқан.
Сҿйтіп, отаршыл империяға арқа сүйеген ханның қандас
Исатайды қор, саудагер сарт Қарауылды зор санап, оған Ішкі
тараптағы күллі сауда ісінің билігін беруі – сатқындықтың белгісі
ретінде Махамбеттің наразылығын туғызды. Ханның қайын атасы
Қарауыл – құрайыш тайпасынан шыққан Орта Азиялық арабтардан
тарайтын қожа (сейд) тұқымына үш қайнаса сорпасы
қосылмайтын, Бартольдтің «Сарты заняли самые выгодные
должности: в частности в руках купцов находились финансовое
управление, а также должности сборщиков податей», – деп
жазғанындай салық жиып, сауда жүргізіп, ханның оң қолы болған
Иран
нҽсілдес
саудагер
сарт.
Сондықтан
Махамбеттің
- 90 -
отаршылдардың кҿшпенділерді қанаудағы бір құралы сауда
капиталының хан тҿңірегіндегі жүргізушісі Қарауылды «шайтан»
деп, Исатайды соған қарсы кҿшпенділер руханиятындағы тҽңірілік
дүниетанымдағы тұлпарға теңеуінің терең мҽні бар. Бұны
зерттеуші ғалым Мақсат Тҽж-Мұрат «Дулығасыз Махамбет» атты
еңбегінде саралап жазған. Жҽңгір ханның М.Ҽуезов айтқандай
«қазақтың қасы, патша ҿкіметінің тыңшысы болып», соған арқа
сүйеп, ҿз елін жаудай талау арқылы байығаны жайлы зерттеуші,
журналист, аудармашы, ақын М.Неталиев те жоғарыда айтылған
мақаласында: «Хан дүние салғаннан кейін (1845) патша үкіметінің
арнайы тапсырмасымен ханның артында қалған мал-мүлік, басқа
да қазынасының есебін алу қажет болды да, Ерофеев, Бакмаев
секілді ірі лауазымды шенеуніктер басқарған комиссия (құрамында
ханның қайын атасы Қарауыл Бабажанов, немере ағасы Шоқа
Нұралиев, би Алтай Досмұхамедов бар) іске кірісті. Сондағы
есепке алынған мал-мүліктің кейбір түрлерін ғана келтіреміз,
дүние мүліктен: кілем мен текемет – 953 дана, асыл тастар
(күміспен алғанда) – 3576 сом, кіші ханшаның киімдері – 70 мың
сом, үй-жайы, жеміс бақтары – 41 165 сом, жиһаз – 3 641 сом,
күйме, пҽуеске, арба – 5 665 сом, мотор қайық – 2 дана; малдан:
қой-ешкі – 17 097 бас, ірі қара – 719 бас, түйе – 232 бас, жылқы – 4
274 бас, ал сандықта сақталған ақша 13 404 сом болған. Фатима
ханшаның еншісі ҿз алдына бҿлек есептелінгенде бас киімдерінің
ҿзі-ақ 13 мың сомға шыққан. Екі бриллиант түйреуіші, 5 бриллиант
сырғасы, 3 бриллиант жүзігі, 7 алтын білезігі, 8 бешпет, 72 кҿйлегі,
5 тоны бар екен.
Міне, бұлар Жҽңгірдің хандық құрған жиырма жылы ішінде
тапқан байлығы. Осы арада еске сала кетелік, Жҽңгірдің ҽкесі
Бҿкей Жайықтан Нарын бетке ҿткенінде інісі Сығай екеуінде бар
болғаны 5 түйе, 30 қой, 17 бас жылқысы ғана болған. Кҿрдіңіз бе,
халықты қанаудың қаншалықты дҽрежеде жүргізілгенін. Ал,
осыларды кҿре отырып, Жҽңгірді «прогрессивті» болды деуге
қайтіп аузымыз барады?!» – деп жазған. Осындай, хан қолдаған
«шенді-шекпендінің» бірі хорунжий Қарауыл қожа Бабажанов 1834
жылы Исатай, Махамбет мекендерін тартып алып, келешекте осы
ісі үшін олардың ҿзінен ҿш алу мүмкіндігін ойлағандықтан, ханды
батырларға қарсы айдап сала отырып, олардың хан салығын
тҿлеуден бас тартқанын негіз етіп, ханның: «Исатай Тайманұлы,
Үсе Тҿлегенұлы, Махамбет Ҿтемісұлы, Тінғали Тайсойғанұлы мен
- 91 -
Құба Үсеұлын халықтың кҿмегімен қолға түсіріп, дереу хан
ордасына ҽкел» – деген бұйрығына қол жеткізеді. Махамбеттердi
тұтқындап,
итжеккенге
жаламен
айдатып
жiберу
үшiн
Қарауылқожа оларды ұстауға ел iшiне аттанды. Ол 800 адамнан
тұратын ҽскер алып, 1836 жылы 24 наурызда Манаш
қыстауындағы Исатай ауылына келедi. Оған қарсы 200-ге тарта
Исатай мен Махамбеттi қолдаушы топ жиылады. Екi жақ адамдары
Қиялы бейiтiнiң түбiнде бетпе-бет жолыққан. Кҿтерiлiсшiлермен
ашық белдесуге батылы жетпеген хан жасағы бiр аптадан аса
уақыт ҿткен соң, Ордаға керi оралған. Мiне, осы «екi жақ болып
тұрғанда, егескен жерден шарт кетер» халық ҿкiлдерiнiң
батылдығы арқасында қол жеткен табыс – елдiң еңсесiн кҿтерiп,
жiгерiн оятқан рухани жеңiс болды. Махамбет шығармаларындағы
оптимистiк романтизмнiң, жауынгер отты жырлардың таудан аққан
селдей тҿгiле құйылуының осы кезеңде ерекше ҿрiстеуi теген емес.
Фольклор мен жыраулар поэзиясының ҿршiл рухының үлгiсiмен
қанаттанған ақын:
Күнқақты ердiң астында
Кҿп жүгiретін күлiк бар.
Кҿн садақтың iшiнде
Кҿбе бұзар жебе бар.
Қарайғанның, жiгiттер,
Бҽрiн кiсi демеңiз –
Күпе-күндiз тайраңдап,
Түзге шықпас ерлер бар.
Тауда болар тарғыл тас,
Тарықса шығар кҿзден жас.
Ордалыға кҿз салсаң,
Оғы қалса жоғалмас.
Топтан озған тарлан боз,
Тұрасынан айрылса,
Тасты басып тұра алмас.
Асылдан болат ұл туса,
Екi жақ болып тұрғанда,
Егескен жерде шарт кетер,
Жаурынынан ҿтiн алса да
Жамандарға жалынбас! –
- 92 -
деп поэзия құдiретiн отарлық езгiге қарсы күресте қаһарлы қару
ретiнде
орынды
қолданды.
Сондықтан
ҽдеби
дҽстүр
сабақтастығының ықпалымен жыраулар толғауларындағы кейбiр:
Арғымаққа оқ тидi
Ауыз омыртқаның түбiнен.
Ер жiгiтке оқ тидi
Қыл мықынның түбiнен ,-
немесе:
Арғымақтың баласы
Аз оттар да кҿп жусар –
Талаудан татқан дҽмi бар.
Азамат ердiң баласы
Аз ұйықтар да кҿп жортар –
Дұшпанға кеткен кегi мен
Барымтаға түскен малы бар.
Я болмаса:
Елбең-елбең жүгiрген,
Ебелек отқа семiрген
Арғымақ туған асылды
Барыстай жал-құйрығын таратып,
Бауырынан жаратып,
Тұяқтан ұшқан тозаңын
Арқадан жауған қардай боратып,
Басын кҿкке қаратып,
Құлағын iстей қадалтып,
Баптап мiнер күн қайда? –
деген тармақтардың Махамбетте қайталануы ақынның ҽлсiздiгiн
емес, қайта аталар рухын ту еткен ҽдеби қорының молдығын
танытады. Ҽдеби мұраны М.Ҽуезов:
«Атадан кескектi туған аюмын
Кескiлеспей басылман.
Кiлегей қара бұлтпын
- 93 -
Кенет жаумай ашылман.
Түтедей сүйегiм қалғанша,
Дұспаным саған бас ұрман.
Балуан сұлтан, батыр хан
Қыларың болса, қылып қал.
Күндердiң күнi болғанда
Бас кесермiн жасырман…
Ҽуелi туысынан бастап сҿйлейтiн тҽкаппар, нағыз қазақ бұл
сҿзiнен кҿрiнедi. Қазақ батырының батырлығының жайынан
айтатын сҿз. Бҽрi де – ҿзге батырлығынан бұрын ҽуелi рухын
батырлыққа айналдырған салқын қанды, дене қайратынан да жан
қайратын артық бағалаған батырлар. Сҿзiнен туатын мағынасы,
iшiндегi қайратты рухы, сыртындағы кестесi мен келiсiмi ҿзiн
ерiксiз елiткендей болады. Бiз ескi ҽдебиетiмiздi сүйемiз, сүюіміз
дҽлелсiз емес. Құрметтеймiз, құрметiмiз орынсыз емес»,- деп
айтқандай, Махамбеттiң ескі ҽдебиет үлгілерін озбырлыққа қарсы
кҿтерiлген халық рухына сай ҿз туындыларында қиюластыра
толғауы содан.
Сҿйтiп, жеңiске жiгерленген Исатай бастатқан 17 адам 1836
жылы 14 шiлдеде Қандыағаштағы хан жайлауына шағым беруге
аттанады. В.Шахматовтың «Ішкі Орда жҽне Исатай Тайманов
кҿтерілісі» деген еңбегiнде жазылғандай, патша ҿкiметi мен ханға
жазылған хаттардың бҽрi Махамбет пен Исатайдың ұлы Жақияның
қолдарынан шыққан. Осындай талап арыздың бiрi 30 маусымда
жазылған – осы хат. Мұны естiген ханның жұмсауымен Толыбай
деген жерде сұлтан Балпан Жаналин оларға қарсы жолығып,
арызды ханға ҿзi жеткiзетiнiн, Исатайлардың ауылға қайтып,
ханнан 12 күн мерзiмде болатын жауапты тосу керектiгiн айтып
уҽде бередi. Ханның сҿзiнде тұрмайтынын, халыққа қайырымы
жоқтығын, патша ҿкiметiнiң ҽдiлетсiз ел басқару жүйесiн жақсы
бiлген Махамбет, олардың халық алдында беделiн түсiрiп, жұрттың
кҿзiн ашып, намысын қайрау үшiн, бұл хатты ҽдейi жазып, елге
жария ете отырып, хан нҿкерiнiң қолына тапсырған. Мұны
шекаралық комиссия құжаттарындағы мына жолдар да растайды:
«Бұл тобыр жолда келе жатқан кезде жҽне ол жҿнiнде хан бiле
салысымен сол заматта ҽмiр берiп, бастықтарын мазаламай, ҿзiнiң
дарынсыздық ҽдiстерiмен ҽлгiнi жойып жiбердi. Хан бұл жолы
Таймановтың ҽрекетi тоқтады деп ойлағанымен, ол ҿзiнiң
- 94 -
сыбайласы Махамбет Ҿтемiсов екеуi бiр рет қарулы жиын
ұйымдастырудың соншалықты ҽдепсiздiк үлгiсiн кҿрсетiп, халық
арасында мүмкiн бұдан да гҿрi тынышсыздық тудыратын жҽне
болашақ уақытта ниетi жаман ой-пiкiрлерiн таратуларын қоймайды
деп есептейдi». 12 күн мерзiм ҿтiп, ханнан жауап болмаған соң,
Исатай, Махамбет, Үсе, Тiнғали, Ҿтеміс Қошқарұлы, Иманбай,
Досқан, Есмұхамбет, Ҽлжан сияқты елдiң бас кҿтерер азаматтары
халықтың ауыр жағдайын, ел билеу жүйесiнiң ҽдiлетсiздiгiн айтып,
Шекаралық Орал казак ҽскерiнiң бастығы Г.Т.Сумкинге шағым
арыз жазады. Осы арыздағы бодан елдiң ҿкiмет озбырлығына
қатысты жазған жайларын тексерудің орнына, отаршылдар
ҿздерінің қуыршақ қолдаушысы Жҽңгiрге «ҿкiметке қарсы тҽртiп
бұзушы» Исатайды жедел тұтқындауды тапсырады. Астрахань
губернаторының осындай «түкке тұрғысыз» iстi патша ағзамның
құзырына мҽлiмдеп, оның мазасын алғанына ҿзiнше арланған
Орынбор
губернаторы
Исатайдың
тергеушілерге
берген
жауабындағы: «Үстіміздегі 1836 жылдың мамыр айында біздер
орыс офицері Донсковқа оның іздеген адамдарын ұстап беруге
қолғабыс еткенбіз. Сол үшін Ішкі Орданың старшындары мен
билерінің қаһарына іліктік, ханның ҿзі де бізді жаратпай қалды.
Содан бері осы уақытқа дейін қазақ халқының тыныштығы
бұзылып, жайсыздыққа ұшырадық. Мал-мүлікке билік етуден
қалдық. Осы кҿрген жҽбірімізді айтып, Мҽртебелі хан тақсырға екі
рет шағым етсек те, ол құлағына да ілмеді, істің мҽнісін тексермеді.
Бұл арада негізгі дау-дамай Күшік Жапаров дегеннің ҿлтірілуінен
шықты. Ол жерде тек біздер ғана емес, біздерге дейін атты
казактар да болды, жанжалды алдымен солар бастады. Ал тҿбелес
кезінде кімді-кімнің ұрып жатқанын айыру қиын еді. Махамбет
арашалауға қатысты. Оны кінҽлі деуге болмайды», – деген
мҽлімдемесіне қарамастан, Күшiк Жапаров ҿлiмiне кiнҽлi етiп
соттауды қолға алған. Тергеу 1836 жылдың 24 тамызынан 25
желтоқсанына дейiн жүргiзiлiп, отаршылдар қолшоқпарларының
iсi ҽшкерелетiндiктен аяқсыз қалды. Бұл кезде кҿтерiлiсшiлер
Қамыс, Самар, Қарасамар кҿлдерi маңы мен Орал ҽскерлерi мен
казак орыстарға тартып ҽперiлген Каспий теңiзi жағалауындағы
жерлерге қоныстанып, бiрлiк пен ерлiк арқасында хан қолдаушысы
сұлтан Медет Шҿкиннiң жазғанындай: «кҿтерiлген халық ешкiмге
бағынбайтын, ҿз алдына бiр республика», – дҽрежесiне жетедi.
Нҽтижесiнде, Исатай атынан айтылатын:
- 95 -
Ақ жүрегін тербетіп,
Ер кҿңілін желдетіп,
Ақсүйектің баласын
Қара ұлына теңгеріп,
Қоңыраулы найза ҿңгердім.
Жетiмдерге жем бердім,
Жесiрлерге жер бердім, –
деген ҿлеңдегідей батырлар бастатқан халық тҽуелсiздiк жолында
белдi бекем буып, ашық күреске шықты. «XIX ғасырдағы қазақ
ақындары» атты кiтапта: «1837 жылдың 17 ақпанынан қазанға
дейiнгi аралықта Жҽңгiр тағайындаған ҽкiмдердi шауып, кейбiр
рулардың бҿлiмдерiне ҿз адамдарын қойған кҿтерiлiсшiлер, хан
ордасына бет түзедi», – деп жазылғанындай, 1837 жылдың күзiнде
азаттық қозғалысы ҿзiнiң шарықтау шегiне жеттi. Сҿйтiп, 3500-ден
аса адамды қамтыған кҿтерiлiсшiлер қосыны 1837 жылы 27
қазанда Жасқұстағы хан ордасын жан-жағынан толық қоршауға
алып, Iшкi тарапта Махамбет:
Атадан туған аруақты ер
Жауды кҿрсе, жапырар
Үдей соққан дауылдай.
Жамандарға қарасаң,
Малын кҿрер жанындай.
Жүйрiк аттың белгiсi
Тұрады құйрық-жалында-ай.
Айтып-айтпай немене,
Халық қозғалса,
Тұра алмайды хан тағында-ай! –
деп сипаттаған кезең туды. Осындай басына бұлт үйiрiлiп, тағының
тағдыры шешiлер шақта Жҽңгiр хан Шыңғали тҿренiң ақылымен
Еспембет бидi Жасқұстан 7 шақырым жердегi Исатай қосынына ел
тiлегiн қабылдап, оны орындауға 10 күн мерзiмге мұрсат берудi
ҿтiнiп, елшi етiп жiбередi. Осыған орай кҿтерiлiсшiлер тарапынан
300 адам қол қойған талап арызды Жақия жазып, оны елшi арқылы
ханға бередi. Арызда кҿтерiлiсшiлер отаршылдар тартып алған жер
мен ұлттық дҽстүр негiзiнде ел басқаруды қалпына келтiру жҽне
- 96 -
жұрттың ҿз жерiнде еркiн ҿмiр сүруi үшiн патша ҿкiметi
казактарды қоныстандырып, жазалаушы ҽскер ұстауға арналған
бекiнiстер мен қамалдарды жоюды, ел ішіндегі іске орыс сотын
емес, мұсылмандық діни ережені қолдану, т.б. талап еткен. Бұл
талаптар негiзiне дҽлел ретiнде түрлi зерттеу еңбектердегi тарихи
деректерді келтiре кетейiк.
Мҽселен, Т.Шонанұлының «Жер тағдыры-ел тағдыры» атты
кiтабында: «Бҿкейлiк жерiнiң 70% қолайсыз, шағыл құм. Қашаннан
Бҿкейлiк қонысқа тарықпаған, басқаға телмiрмеген күнi жоқ. Бҿкей
заманынан берi қарай Iшкi Орданың қай бҿлiмi болса да, ақша
тҿлеп, арендаға жер алып қана күн кҿрмегенi жоқ. Мҽселен, атам
заманан бастап II округтiң 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9 – болыстары, I
округтiң 1, 3, 11, 12, 13, 14, 15, 16 – болыстары жҽне Бҿкейлiктiң
басқа бҿлiмдерi де Аштарқан уезiндегi «Манақ» сопылардан,
Краснояр уезiндегi атты казактардан, граф Игнатьев, Безбородка,
княжня Юсуповадан жҽне басқалардан арендаға жер алып қана күн
кҿрiп жүрген. Жерге зҽру қазаққа «рентнер» болмаған, қанамаған,
сормаған елдiң иҽ сойдың жоқтығы айқын. Бҿкейлiкке осы
айтылған түрлi татарлар, түрлi атты казактар, түрлi титул иелерi,
орыстың сопылары 1918 жылға шейiн рентнер қожа болып келдi.
Осылардың бҽрiнiң малын бағушы қазақ, пiшенiн шабушы қазақ,
құдығын қазушы қазақ, күлiн шығарушы қазақ, отын жағушы
қазақ, жерiн жыртушы қазақ жҽне осы еңбегiнiң орнына аренда
тҿлеушi де қазақ болып келдi. Жерсiз деген, мiне, осы. Бiр елге бiл
ел социальный құлдықта болу деген, мiне, осы.
1836-1838 жылдары Исатай, Жоламан, Тайман балаларының
зор кҿтерiлiсi болды. Осылар – жер үшiн болған кҿтерiлiстер.
Бұларды атты казак шығарып, қазақты қырып шаққа басты» – деп
кҿтерiлiстiң тууына себеп болған жер мҽселесi екенi айтылса,
«Қазақстан тарихы (очерктер)» атты ұжымдық зерттеу еңбегiнде:
«Кҿтерiлiсшiлер Жҽңгiр ханның ҿз тҿңiрегiнен Балқы мен
Қарауылқожа билердi кетiруiн, ал билiктi ру атамандарының
қолдарына беруiн, сондай-ақ ҿздерiне қарсы басталған барлық
iстердi тоқтатуын жҽне оларды билер сотына салуын талап еттi»,-
дегенiнен жұрттың ұлттық ел басқару дҽстүрiн қалпына келтiрудi
мақсат тұтқанын кҿремiз. Ал Iшкi тараптағы халықты қанаудан
байып, дҽнденген отаршылдардың шектен шыққандығы соншалық
И.Кенжалиевтiң «Исатай-Махамбет» зерттеуiнде: «Қазақтардың
Жайықтан ҽрлi-берлi ҿтiп, кҿшiп-қонып жүруi Оралдың ҽскери
- 97 -
кеңсесi мен патша ҽкiмшiлiгiне ұнамады. Олар Iшкi тараптан Кiшi
жүзге кҿшуге тиым салды жҽне ҽрлi-берлi ҿтем деушiлерге, ҿз
ауылдарынан шет жерге барушыларға билет сатып алуды
мiндеттедi. Бұл билеттен тек 1836 жылы 50 000 сом жиналып,
Орынбордағы Неплюев ҽскери офицерлiк училищесiн ұстады.
Сҿйтiп, олар рұқсатсыз ешқайда бара алмайтын болды. Iшкi
тарапта отарлық езгi күшейе түстi», – деп жазғанындай,
империяның таяққа сүйенген отарлық саясатын қарудың күшiмен
iске асырушы ҽскербасыларды даярлаудың ҿзi, сол езгiге түскен
халық еңбегiнен жүргiзiлген.
Сүлiктей сорып, майлы жiлiктей уысында ұстап отырған тегiн
еңбек күшi мен байлықтың кҿзi бодан елдiң тҽуелсiздiкке
ұмтылуынан шошынған дҿрекi империя, сүйекке сiңген ежелгi
машығы – дойыр күшке жүгiнедi. Олары: қамалдардағы тұрақты
ҽскерлер, казак жасақтары, орыс переселендерi мен жергiлiктi хан
нҿкерлерi. Осылардан жедел түрде кҿтерiлiсшiлерге қарсы 1837
жылы қазан айында құрамында 6 есауыл, 12 урядник, 5 жүзбасы
бар Покатилов басқарған екiншi, үшiншi, тҿртiншi Орал казак
полктерi, ротмистр Акутин басқарған 600 тұрақты ҽскер
солдаттары мен Астраханьнан шыққан зеңбiректi 300 ҽскер,
Меркулов басқарған 400 адамдық Жайық линиясының казак
ҽскерлерi жҽне хан нҿкерлерiнен Жасқұста құралған 400 адамнан
тұратын бiрiккен қарулы күш жасақталды. Оны басқару
подполковник Геккеге жүктелген. Осыншама қарулы күштiң ел
iшiне шыққанынан хабардар Махамбеттiң жiгiттердi жiгерлендiре
айтқан:
Жапанға біткен бҽйтерек –
Жапырағын байқасаң,
Жайқалмағы желден-ді,
Түбіндегі балаусасы белден-ді.
Хан - тҿренің кешігіп,
Кідірмегі елден-ді.
Кешіп ҿтпек сайдан-ды,
Шығынды болмақ байдан-ды.
Ақ киіктің орғытып,
Жүгірмегі майдан-ды,
Батыр болмақ сойдан-ды.
Айғайласып жауға ти,
- 98 -
Тҽңірім білер, жігіттер,
Ажалымыз қайдан-ды!, –
деген ҿлең тармақтары осы кезең жайынан хабар бередi.
Кҿпке дейiн таптық тұрғыдағы кҿзқарас негiзiнде кҿтерiлiстiң
жеңiлуiнiң басты себебi – жеке меншiгi бар қауымның меншiктiк
психологиясы деген үстiрт байлам айтылып келдi. Ондағы ой
азаттық үшiн күресте тек «шынжырдан басқа жоғалтары жоқ»
пролетарлар ғана жеңiске жетедi деген пiкiрдi санаға сiңiру
болатын. Ал, шындығында Исатай-Махамбет бастатқан ұлт
азаттық қозғалысының сҽтiздiкке ұшырау себебi басқада болды.
Жасқұсты қоршаған кҿтерiлiсшiлердiң ҿлiспей берiспейтiнiне кҿзi
жеткен Жайық казактарының атаманы К.Геккенiң ақылымен
Меркулов бастатқан 365 казак Жаманқұм мен Теректiдегi
кҿтерiлiсшiлер ауылын шауып, бала-шаға, кемпiр-шал, ҽйелдердi
тұтқындаған. Махамбеттiң:
Атаңа нҽлет хан ұлы-ай!
Тiлегiн сұрап алғасын,
Ойлағаны болғасын
Патшаға хабар салдырып,
Патшадан солдат алдырып,
Құрсағымнан шалдырып,
Ақырынды еш болды-ау
Ел үшiн еткен еңбегiм! –
дегенiндей ҿздерiмен ашық шайқасқа шықпай, «құрсағынан
шалған» жаудан шаңырақтарын азат ету үшiн Исатай бастатқан
300 азаматтан тұратын қол 5-iншi қарашада Жаманқұмға аттанып,
дұшпаннан бала-шағаларын құтқарып алады. Ел iшiне жазалаушы
ҽскер шығып, қамал-бекiнiстерге жан бiтiп, патша ҽскерiнiң бейбiт
ауылдарды тонап, кҿтерiлiсшiлер отбасын тұтқындап, айдап ҽкете
бастауы, жиылған қолдың ыдырауына себеп болды. Осыны
пайдаланған подполковник Гекке хан ордасында бiрiгiп, саны
2000-ға жеткен қарулы ҽскерiн алып, ҽр жерге топ-топ болып тарап
кеткен кҿтерiлiсшiлердi жеке-жеке жою үшiн ел iшiне аттанды.
Бекетай құмындағы Тастҿбе деген жерде 500-ге жуық
кҿтерiлiсшiлер мен 2000-нан аса адамы, зеңбiректерi бар
жазалаушы отряд 15-iншi қазанда таң ата бiр-бiрiне қарсы
- 99 -
жолыққан. Бұл сҽт Махамбеттiң бiр толғауында былайша
суреттеледi:
Патшаның жыртқыш жаулары,
Ҿкшелеп бiзден қалмады.
Соңымыздан қуып қол жеттi,
Аз жетпедi мол жеттi.
Бекетай құмының қасында,
Түнiменен жиылдық.
Таң атқанша түйiндiк.
Таң ағарып атқанда,
Жауға қарай құйылдық.
Құйылғанмен болар ма?
Қаруы күштi залым жау,
Бiз жақта басты құрал жоқ,
Сол жерде болды-ау қиындық.
Қарауылқожа салдырған
Ағаш үйдiң қасында,
Таңменен тұрып қарасақ,
Жақындаппыз қамалға.
Талаптанып ұмтылдық,
Қамалды бұзып аларға,
Қастасқан ата дұшпанға,
Ойранды бiз де саларға.
Толғай да толғай оқ атқан
Он екi тұтам жай тартқан
2000 солдат келген соң,
Исатай қолын оятқан.
Қарулы күштi сондай жау
Аз ғана қолға болар ма?
Шайқас басталар алдында азаматтар шаңырақтарын жау
қолына түсiрмеу үшiн, ел iшiне тарап, жаумен жекелей майданға
түсiп жүрген болатын. Махамбеттiң:
Хан сҿзiне сенгенiм,
Он күн мұрсат бергенiм,
Ҽскерiмдi таратып
Он бiр күнге қаратып
- 100 -
Бекетай құмға келгенiм.
Сҿйткенде қайран халқым-ай,
Қасыма қайта бiр келмедiң, –
деуi осындай бытыраңқылық жайдан хабар бередi. Осы
шайқастағы бостандық үшiн күрескен боздақтардың бақайшағына
дейiн қаруланған отаршылдарға қарсы жанқиярлық ерлегiн, патша
ҽскербасы Геккенiң ҿзi де мойындауға мҽжбүр болған. Ол
губернатор Перовскийге 17 қазанда жолдаған рапортында:
«Кҿтерiлiсшiлер аттарына мiнiп, кҿлденең ойнақтатып, күреске
ҽзiр тұрды. Атқа жақсы отыратын жҽне найзаны шебер ұстайтын
қазақтар солдаттар қатарын қаусата бердi. Солдаттардың ҽ дегенше
пысы басалып, қарқыны қайтып, саны сейiле бастады. Қысқасы, бiз
күйреу алдында тұрдық».
Күшi, қаруы кем, бытыраңқы жағдайдағы кҿтерiлiсшiлер
шешушi шайқаста жеңiлiске ұшырағанмен, азаттық күресiн бiр сҽт
те тоқтатпады. Сол себептi, Iшкi траптағы азаттық күресiнiң
жалыны Жайықтан ҽрi асып, Кенесары кҿтерiлiсiмен ұштаса
отырып, бүкiл Орта Азиядағы бодан жұрттардың азаттық
қозғалысына ұласуынан қауiптенген отаршылдар кҿтерiлiсшiлердi
Жайықтан ҿткiзбеуге бар күшi мен амал-айласын салып бақты Осы
мақсатта «ақша дегенде ашқарақ киргиздар сыйлық алуға
ұмтылар» деп, ҿзiнiң iшкi қара ниетiн халыққа телiмек болған
губернатор Перовскийдiң Исатай басына тiккен 500 сом сыйынан
да ешқандай қайыр болмады. Бұл зымиянды ҽрекет нҽтиже
бермеген соң отаршыл ҿкiмет 300 казак орыстан жҽне 600 хан
жасағынан құралған Меркулов ҽскерiн, есаул Истомин бастаған 79
казак солдаты мен 125 хан жасағы бар отрядты, есаул
Трофимовтың 75 казак орыс пен 100 хан жасағынан тұратын
қарулы күштi, есаул Тамбовцевтiң отрядын, подполковник
Алеевтiң 300 кiсiлiк зеңбiректi ҽскерiн, атаман Покатиловтың
ҽскерiн ел iшiне аттандырып, Кiшi жүздiң батыс бҿлiгiнiң сұлтан-
правителi Баймағамбет Айшуақова Махамбеттердi Жайықтан
ҿткiзбеудi тапсырып, Жайық линиясын қосымша ҽскермен,
күшейтiлген күзетпен толықтырып, Кiшi жүзге ҿтпек болған
кҿтерiлiсшiлердi Жайық бойында тұтқындап отырған. Осындай
берiк құрылған қарулы құрсаудың торына түскен, азаттық жолында
шейіт болған Исатай арыстары жайлы деректер патша ҿкіметінің
жазалаушы
ҽскер
бастықтары
мен
хан
жақтастарының
- 101 -
жазбаларында, мұрағат деректерінде, ҽдеби-ғылыми зерттеу
еңбектерде, сондай-ақ басқа да кітаптарда мол жазылған.
Сонымен, 1837 жылдың ең бiр қысылтаяң сҽттерi 15-26 қараша
аралығындағы қарулы қақтығыстарда жау қақпанынан аман
құтылған жiгiттер Қаныш моласында кеңес ҿткiзiп, онда Нарын
құмында кҿтерiлiсшiлердiң қалың қолын жинауға сҿз байласқан.
Махамбеттің:
Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығарға
Қас үлектен туған қатепті
Қара нар керек біздің бұл іске.
Қабырғасын қаусатып,
Бір-біріндеп сҿксе де
Қабағын шытпас ер керек
Біздің бүйткен бұл іске, –
деген ҿлең жолдары осы кезеңдегi кҿтерiлiсшілерді рухтандырып
айтқан ҿлеңі деуге келеді.
Алайда ойлаған ойды жүзеге асыруға алқалаған дұшпанның
қарулы ҽскерлерi мүмкiндiк бермегендiктен, Исатайлар 13
желтоқсанда Құрақ Маябасов деген батырдың досының кҿмегiмен
Жаманқала бекiнiсiнен 6 шақырым жоғары Сарытоғай деген жерде
Жайықтан ҿтiп, Кiшi жүздiң қазiргi Атырау, Орал, Ақтҿбе
облыстарының жерiне барған. «Ерулі атқа ер салмай», «Қақақулап
шақырмай», «Тарланым», «Мінкен ер», «Баймағамбет сұлтанға
айтқан сҿз» сынды қазақ сҿз ҿнеріндегі ерлік пен ерлер бейнесінің
ҿшпес образын сомдаған Ер Махамбет поэзиясының асыл
жауһарының бірі – «Ерулі атқа ер салмай» толғауы осы мезгілде
туған. Бұл жайлы 1925 жылғы кітапта: «1837 жылы жедді
жұлдызының 12-сінен 13-не қараған түні Исатай мен Махамбет
Жайықты жарып ҿткен соң, қасындағы қырық жолдасымен
далаға қонады. Күн суық, боран екен. Ертемен тұрса, батырлар қар
астында тоңып қалған екен. Сол заманда Бҿкейлік қазақтар едҽуір
тҽрбиелі екен. Жұрттың кҿбі қыстыгүні ағаштан не тастан салған
жылы үйге, күнде ішетін шайға үйреніп қалған екен. Етіктің
орнына елдің бірқатары кебіс-мҽсі киеді екен.
- 102 -
Далада қонып тоңып тұрған жігіттердің кҿбі жылы үйді,
жұмсақ тҿсекті, қызыл шайды жоқтайды.
Сонда Исатай айтыпты дейді: «Ай, жігіттер! Қазақ жұртына
сҽлем айтыңыз! Ел болам десе: құс тҿсек тҿсенбесін, шай ішпесін,
қималы етік кимесін», – деп. Қималы етік деп кебіс-мҽсіні айтқан.
Сол уақытта Махамбет батыр мына ҿлеңді айтып жолдастарын
жұбатқан:» – деп, ҿлеңді келтірген. Біз Ғұмар Қараштың Мұрат
Мҿңкеұлынан жазып алған:
Ерулі атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын тҿске алмай,
Қыбланы дҿрткіл оңға алмай,
Тебінгіні терге шірітпей,
Терлікті сүттей ірітпей,
Ҿлеңді тҿсеп, ет жемей,
Ұлы түске ұрынбай,
Жанға салған малтаның
Ҽр түйірі ас болмай,
Атыңды байлап келгенде,
Қатын, бала жат болмай,
Түн қатып жүріп түс қашпай,
Темір қазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?! –
деген нұсқасын Махамбет заманындағы сҿз қолданысы мен ақын
стиліне жақын деп есептейміз. Осы уақиғаның тарихи ақиқатын
ақынның мына ҿлеңі де айғақтайды:
Мiнкен де мiнкен, мiнкен ер,
Бұл сықылды неткен ер ?!
Құралайдың күнiнде
Еркек қойдай бҿлiнiп,
Кҿлденең жатқан Жайықтан
Қырқарланып ҿткен ер.
Күншығыстың астында,
Күнбатыстың тұсында
- 103 -
Қарындасым бар-ды деп,
Қабырғасын сҿксе де,
Қанын судай тҿксе де,
Қайыспас қара нар-ды деп,
Маңдайынан күн ҿтiп,
Жаурынынан жел ҿтiп,
Күн астымен жеткен ер!
Осы орайда айта кетер бiр жай, ақынның кей ҿлеңдерiндегi
жекелеген сҿздер, тармақтар мен шумақтардағы ой ағысы оның
Жайықтан ҿтiп, ата-баба жұртына бет қоюының мҽнiн ашар «аса
жұртқа» (ҿз елi, ата жұрты) деген iңкҽр сезiмiнен сыр шертедi.
Мҽселен:
Уа, Иса-еке , Иса-еке!
Кел, кетелiк, кетелiк,
Кетiп бiр Жайық ҿтелiк.
Атаның жұрты хазiрет –
Басына зиярат етелiк.
Жауырыны қақпақтай,
Қара айдары тоқпақтай
Оның да иесiн үмiт етелiк.
Бiлiңiз де бiлiңiз,
Белдi байлап жүрiңiз.
Ат маңдайын тура қойсақ,
Бермес пе тҽңiрiм тiлектi! –
деп келетiн «Кел, кетелiк» толғауындағы «атаның жұрты хазiрет –
басына зиярат етелiк» деген жолдар мен «Ерулi атқа ер салмай»
толғауларындағы «темiр қазық жастанбай, қу толағай бастанбай»
деген тармақтар – халықтың кҿне тҽңiрiлiк дүниетанымынан
фольклордың алтын арқауы арқылы Махамбет шығармашылығына
келiп жеткен белгi. Яғни, «қу толағай» деген сҿз тiркесi «кҿне
бабалар бейiтiне түнеу» немесе «басын кҿне молаларға қарата
жатып, ата-баба аруағынан күш-медет тiлеу» дегендi бiлдiрсе,
«Кел, кетелiк» толғауы мұны айқын танытып тұр. Баймағамбет
сұлтан Исатайлардың Жайықтан ҿткенiн ести сала, Сарайшық
бекiнесiнен қасына 80 казак орысты жҽне жүзбасылар Попов пен
Пономарев бастатқан жүздiктердi ертiп кҿтерiсшiлердiң соңынан
- 104 -
25 күн бойы ҿкшелей қуады. Осы қуғында жҽне одан соңғы
аласапыран кезеңде Шектi руының ауылдарына жасырын
қалдырып кеткен адамдарды, сол рудың Шүрен тайпасының биi
Шонты Жамантаев сияқтылар жазалаушы ҽскерлерге ұстап берген.
Олардың iшiнде Исатайдың ҽйелi Несiбелi, балалары Жақия,
Дiнбаян, Махамбеттiң iнiсi Сүлеймен, Исатайдың немере iнiлерi
Баймен, Жармұхамбет, Байболсын Есенгелдiұлы, Айтымбет
Ҿтегенұлы сияқты кҿтерiлiстiң бел ортасында жүрген азаматтар
бар болатын. Бұл жайдан хабар беретiн Махамбеттiң ҿлеңi де бар.
Ол мынау:
Мен Нарыннан кеткенмiн,
Нарынды талақ еткенмiн.
Қуатымның барында
Ағыны қатты Жайықты
Тiземмен бұзып ҿткенмiн.
Жаныма айла болар деп,
Назарды тастап, Шүренге
Күнiм үшiн жеткенмiн.
Жақияны жауға ұстап бергендей,
Шүрен, саған не еткенмiн?
Сҿйткен, Жақия жалғыз Исатайдың ғана емес, бүкiл халықтың
үмiт еткен алғыр да батыр, бiлiмдi де қайсар азаматы едi.
Баласы Исатайдың Жақия-ды,
Жақия жауды кҿрсе ақияды.
Түлейде түнде жортқан жолбарыстай
Алдырдым жолдасымды қапияда-ай!
Исатай шыққан бас болып,
Хан ұлымен қас болып.
Арыстанымның баласы
Адағанда ел таппай,
Адасқанда жҿн таппай,
Арманда қалды жас болып, –
деген ақын сҿздерi осының айғағы.
Мiне алмаған алаға-ай,
Шыға алмаған далаға-ай
Мұсылманның баласын
- 105 -
Атаңа нҽлет Жҽңгiр хан
Кҿзiнен тiзiп жiбердi-ау
Орынбор деген қалаға-ай! –
деп Махамбет айтқандай отаршылдардың қолына түскен
күрескерлер аяусыз жазаланып, итжеккенге айдалған. Мҽселен,
Жақияны патша ҿкiметiнiң ҽскери соты 250 солдатқа үш дүркiн
дүре соққызып, оның артынан Финляндияға үш жылға жер
аударған. Ол мерзiм бiткен соң Иркутск губерниясына каторгаға
айдалуға үкiм шығарған. Басқа күрескерлер де осындай
озбырлықтың отына күйдi.
Осының бҽрi, дұшпанға деген ашу-кектерiн кемерiнен асырған
батырларды Кiшi жүзде азаттық айқасын жалынды жiгермен одан
ҽрi ҿрiстетуге жетеледi. Бұл үшiн Исатай мен Махамбет Iшкi
тараптан Кiшi жүзге ҿткен кҿтерiлiсшiлердiң басын бiрiктiрiп, Кiшi
жүздiң ҿз iшiнен халықты ұйымдастырып, отаршылдарға қарсы
күреске жұмылдыруға кiрiсті.
Ат туады байталдан,
Айт десең, лебiз қайтарман.
Тҿрт-бес жылдай алысып,
Мына тұрған Иса-екем
Ханның бiр тауын қайтарған.
Ат туар ма шұбардай,
Ер туар ма бұлардай?
Дулығалы бас кесiп,
Дұшпанының қанына
Ақ алмасын суармай?!
Ақын қалың қауымға Исатайды осылайша үлгi ете отырып,
елдi бiрлiкке, азаттық жолындағы қанды арпалысқа шақырады.
Осы мақсатта 1838 жылы мамырда Сам даласында Кiшi жүз
руларының ел басы ақсақалдары мен би-шешендерi бас қосып,
Ҽлiмұлы мен Адай руы арасындағы жер тартысына орай туған
алауыздықты тоқтатып, ортақ жауға қарсы күресте күш бiрiктiруге
қол жеткiздi. Ал бұл барымта үкiметтiң қазақтың шұрайлы жерiн
тартып алып, оған бекiнiстер салып, казакка берiп, одан қалды
мұжықтар мен мемлекет пайдасына деп түрлi сылтаулармен астыға
басып, руларды ата қонысынан тарылтып, бiрiнiң жерiн екiншiсiне
аударып алып беруiнен, қысқасы Т.Шонанұлы жазғандай: «Жердi
жеке-жеке меншiктеп мынау сенiкi, мынау менiкi деу жоқ. Жер
- 106 -
бүтiн қазақтiкi. Бүтiн Кiшi жүздiкi, иҽ Орта жүздiкi, бүтiн рудiкi.
Ҽр ру ҿзiнiң дағдыланған бетiмен кҿшiп-қонып жүрген» –
дағдысын бұзып, қасақана араластырып, бiр-бiрiне айдап салуынан
туған болатын. Отаршылдар қоздырған осындай жер таласын
тоқтатудың арқасында, Махамбеттер халық бiрлiгiне қол жеткiзген.
Алқалаған жер болса,
Азамат басы құралса,
Мҽшурҽт кеңес сұралса,
Мҽшурҽт берер ер едік, –
деп кҿтеріліс жеңіліске ұшыраған соң 1837 жылы Нарында
бірлескен
Мҽшрутият
(Конституция)
негізіндегі
кеңестік
республика кұрған кҿтерілісшілер, 1938 жылы Сам даласында
Табын руының Асау батыры, Назар руының Жүсіп батыры, Кете
руының Құдайберген батыры, Алтыбас алаша руының Есет
батыры, Хиуа қазақтарының басшысы Қайыпқали Есенұлы, Науша
батыр, Жоламан, Жүсіп Құданұлы сынды қол бастаған қазақ
қаһармандары мен ел басы ақсақалдары, би-шешендері
Үшбҿкенбайда бас қосып, азаттық үшін майдан алаңына ел болып
қайта кірді. Сондықтан осы кезеңдердегі Махамбет поэзиясына зер
салсақ, «Айғайлап жауға тигенде, Ағатай-Беріш ұраным» деген
рулық атой сиреп, есесіне:
Сан шерулі қол болса,
Батырлар болар ағасы.
Аз сҿйлер де кҿп тыңдар,
Хас асылдың баласы, –
немесе:
Қанды кҿбе киініп,
Бір Аллаға сиынып,
Кезенген жауға кез келдік
Жалаң найза, бір атпен! –
я болмаса:
Ат – жігіттің майданы,
Қылыш – жаның дҽрмені,
Ҿлім – хақтың пҽрмені.
- 107 -
Атақты ермен бірге ҿлсе,
Жігіттің болмас арманы.
Ҿте шыққан қызыл гүл –
Бұл дүниенің жалғаны, –
сынды ұлттық, исламдық бірлікті ту еткен жыр жолдары молайды.
Ҿз тыңшылары арқылы Кiшi жүздегi кҿтерiлiс толқынынан
хабардар болып отырған Орынбор ҿлкесiнiң генерал-губернаторы
В.А.Перовский Петербургтегi соғыс министрлiгiне бұл қозғалыс
жайлы: «бiрте-бiрте ұлғайып, бекiнiс желiлерiне айтарлықтай
жақындай бастады жҽне ақырында соңғы мҽлiметтер бойынша екi
қоналқадан аспайтын жерге де келiп қалды. Адам саны екi мыңнан
үш мыңға дейiн жететiн олар кенеттен шабуыл жасаған жағдайда
бекiнiс желiсiнiң кез келген жерiнен жарып ҿтiп, үлкен тҽртiпсiздiк
тудыруы мүмкiн», – деп жазды. Бұл жай ұлт азаттық кҿтерiлiсiне
халықтың күллi ҽлеуметтiк таптарының бiрдей қатысуын, отарлық
езгiнiң тек шаруаларға ғана қарсы емес, бүткiл қазақ елiне қарсы
жүргiзiлгендiгiн айғақтайды.
Сонымен, ұлтжанды ғалымымыз Телжан Шонанұлының:
«Ресейдiң iшкi саясатында полицейский мақсаттардың дҽурен
сүрмеген кезiн тарих бiлмейдi»,- деп жазғанындай, халықтың кез-
келген ҽдiлеттi талабына тек қана қару ала жүгiретін таяққа
табынған империя, бұл жолы да ежелгi дағдысына адалдық
танытты. Патша ҿкiметi кҿтерiлiсшiлерге қарсы Ойыл бойына
полковниктер Гекке, Подуров, Мансуров бастатқан зеңбiректi
полктер мен Горск бекiнiсiнен Орал полкiн ерткен итаршы сұлтан-
правитель
Б.Айшуақов
бастатқан
отрядты
аттандырады.
Жазалаушы отряд басшылары бұл жолы да Жасқұстағыдай
тыңшылық арандату айласын қолданады. “Гекке мен Баймағамбет
қулық ойлап, Исатай тобына Балта деген Ысық руының адамын
жансыз етiп жiбередi. Сенiмге кiру үшiн Балта Ысық руының
Қадiрғұл атасының билерi атынан қағаз жазып, онда: «бiз Ойылдан
кҿшiп, Тҿсағашта сiздерге қосылу үшiн күтiп отырмыз» делiнген.
Бұл қағаз ертеңiне Исатайдың қалтасынан табылды. Балта
Исатайларға Баймағамбет басқа ауылдарға салық жинауға
командамен
кеттi
деп,
терiс
мҽлiмет
бередi
де,
ҿзi
кҿтерiлiсшiлердiң екi топқа жарылып, бiр тобы (кҿпшiлiгi) бiр
күндiк қашықтыққа оңға кеткенiн, Исатай шағын қолмен Ақбалай
ҿзенiне қарай келе жатқанын айтып келедi.
- 108 -
Кҿтерiлiс басшыларының бұл кезде қандай жоспары болғаны
туралы нақтылы дерек кездестiрмедiк. Дегенмен екi тобы да ел
аралап кҿтерiлiсшiлер санын кҿбейтпек болған деген пiкiр бар.
Ҿйткенi, «Қайыпқали 2000 адаммен Ойыл ҿзенiндегi Қиылдың
сағасындағы Терiстамға кетедi де, Исатай 500 кiсiмен Ақбұлаққа
қарай аттанады», – деп мұрағат деректерi негiзiнде тарихшы ғалым
Исатай Кенжалиев жазғандай, Исатайды қапылыста аз адаммен
қалың қарулы қолдың қоршауына түсiрген. Мұнан соңғы соғыс
барысын ғалым мұрағат деректері, ҽдеби-тарихи зерттеу еңбектер
жҽне ел ішіндегі аңыз, естелік сҿздерді пайдалана отырып,
былайша суреттеп жазған: «Ақбұлақ деген шағын ҿзен солтүстiк
батыста Жосалы жотасынан басталып, Қиылмен қатарласа
шығысқа бұрылып, Қарағанды ҿзенiне құяды. Ал соңғысы 5-10
шақырымнан кейiн Қора, Дербiсҽлi тауларының арасынан Қиыл
ҿзенiне құяды. Қиылдың бұл тұсының арнасы терең, аңғары кең,
жары биiк келедi. Қиылдың оң бетi тегiстеу болғанымен алыстан
биiктей бередi. Соның бiрi Қарағанды ҿзенiнiң оң жағындағы
Шҽһитсайы, Исатай қаза болды деп жүрген жер осы. Сонымен ел
ауызындағы аңыз, архив деректерi Исатайдың соңғы соғысы осы
ҿңiрде болғанын дҽлелдейдi.
Полковник Гекке мен Баймағамбет сұлтан отрядтары
Ақбұлақты жағалап отырып, Қарағанды жағасында түнеген.
Кешiкпей Қиыл ҿзенiнiң қарама-қарсы жағындағы биiк қырға 500
кiсiмен Исатай келедi, олар тҿмен жаққа түсiп, жар қабаққа
жақындайды. Гекке мен Баймағамбет тобы кҿтерiлiсшiлерге
зеңбiректен оқ ата бастайды, кҿтерiлiсшiлердiң 2 адамын ҿлтiредi,
бiрнеше кiсiнi жарақаттайды. Бiрақ кҿтерiлiсшiлер абдырамайды.
Баймағамбет ҿз командасымен ҿзеннен ҿтiп, зеңбiрек атып, қарсы
жүредi. Кҿтерiлiсшiлер еппен керi шегiнедi. Баймағамбет адамдары
шабуылдай түсiп, кҿтерiлiсшiлер шегiнiп, сытылып кететiн болған
соң, сұлтан қулыққа кҿшiп, бiраз iлгерi ұмтылады да,
кҿтерiлiсшiлер қарсылық бiлдiрген кезде керi қашады. Бұлардың
адамдарының аз екенiн кҿрiп жҽне Баймағамбет тобының ҽдейi
керi шегiнген қулық тҽсiлiн түсiнбеген кҿтерiлiсшiлер бұлардың
соңына түседi. Бұл уақытта полковник Гекке 2 отрядын сай,
жылғамен жасырынып барып кҿтерiлiсшiлердiң екi қанатынан
соғуға жiбередi де, зеңбiректердi жақындатады. Сҿйтiп, Исатай
адамдарына үш жақтан бiрдей шабуыл жасап жҽне жақыннан
зеңбiректермен атады. Зеңбiректiң бiрнеше оғы Исатай
- 109 -
адамдарының қалың шоғырына түседi. 50-60 кҿтерiлiсшiлер ҿледi.
Амалсыз шегiнуге тура келедi. Казак орыстар мен Баймағамбет
кҿтерiлiсшiлердi жан-жақтан қамап 15 шақырым қуады. Исатай ҿз
адамдарының ең артында, кейiн қалғандарын қызғыштай қорып,
садақпен атып, найзамен қағып келе жатады. Ақырында
Баймағамбет адамдары мен Балта опасыздың кҿрсетуімен жирен
атты Исатайды танып, оған оқ жаудырады. Бiрақ сауыт киiп алған
батырға мылтық оғы дарымайды. Ал атпен қуып жете алмайды.
Бұған ыза болған хорунжий Петров атынан түсе, жерге жата қалып,
Исатайдың жирен атына оқ атып, жаралайды. Аты жаралы болған
батырға кҿмекке Махамбет пен Үбi келiп, аттарын кезек ұсынады.
Бiрақ Исатай кҿнбей, «ат артына мiнгесiп елге күлкi болғанымнан
ҿлгенiм артық, одан да, «баламды сақтандар», ҿздерiң қашып
құтылыңдар», – деп оларды iлгерi жiбередi. Азғана кҿтерiлiсшiлер
Исатай тҿңiрегiнде бiраз соғысады, бiрақ жаудың басым күшi
бұларды киiп кетiп, ығыстырып, Исатайды оңашалайды. Махамбет,
Үбi, Есенгелдi, т.б. Исатайды үш рет қоршаудан шығарады.
Қамаған дұшпандарын бiрталай ығыстырады. Бiрақ, жаралы жирен
ат жүруден қалады. Сҿйткенше, тағы кҿп жау келiп батырды
қоршаған кҿтерiлiсшiлер шебiмен соғысады. Махамбет батырдың
баласын қорғаймын деп қашықтап кетедi. Ал, кҿп кешiкпей
Баймағамбеттiң нҿкерiнен 3 адам Исатайды қуып жетiп, бiреуi
найзамен қағып, оны атынан құлатады. Жерге түскесiн жаяулай
қолындағы қылышымен батыр 3 кiсiнi жолатпайды. Бұларға казак
орыстар келедi. Исатай олармен де алысып, бiреуiн жаралайды.
Кҿпен Сүбулин деген артынан келiп батырдың қылышын қолынан
қағып түсiредi де, Табын руынан Сҽтбай Игитов, Жаппар Елекбаев
үшеуi жабылып, оның қолын артына қайырып ұстап тұрады.
(Жоғарыдығы хорунжий Петров пен осы үшеуi Исатайды ҿлтiруде
сiңiрген «ерлiктерi» үшiн 125 сомнан сыйлық алған). Сол уақытта
казак орыстар да келiп, Исатай басы үшiн жарияланған 500 сом
ақшадан айырылғанға iшi күйедi де, бiреуi аттан түсе сала
тұтқындаулы батырдың кеудесiне мылтығын тiреп тұрып атады.
Онымен қоймай Иван Богатырев деген урядник қылышпен ҿлген
кiсiнiң басын шауып түсiредi. Сҿйтiп, есiл ер қанiшерлердiң
қолынан ұлы күресте қаһармандықпен қаза табады. Орынбор
губернаторына осының бҽрiн баяндап жазған Гекке, рапортының
аяғында «Исатай ақырында ҿз ерлiгiнiң құрбаны болды»,- деп
оның ерлiгiн мойындайды.
- 110 -
Басшысы ҿлген кҿтерiлiсшiлер Ойыл ҿзенi бойындағы қалған
тобына барады. Бiрақ Кiшi жүзге жан-жақтан патша ҽскерi қаптап,
олардың бiрiгiп қимыл кҿрсетуiне мүмкiндiк бермейдi».
Айтса-дағы айныман
Кҿлденеңнiң сҿзiне.
Ҽшкере болған iсiм бар
Жайылған жұрттың кҿбiне.
Кеткенiм жоқ олжа үшiн,
Кетiп едiм елiмнен
Атаңа нҽлет Жҽңгiрдiң
Бір ауыз айтқан сҿзі үшiн.
Баданамды баса бҿктерiп,
Қасыма жаттан жолдас ертiп,
Күн-түн қатып жүргенiм –
Ана Нарында жатқан
Жас баланың қамы үшiн, –
деп ақынның ҿзi айтқандай, Махамбет ендiгi жерде азаттық күресiн
жаңа жағдайларға сай түрiк халықтары бiрлiгi туы астында
жүргiзуге белсене кiрiстi. Ҽдеби зерттеу еңбектерде кҿбiнекей
Махамбеттiң 1838-40 жылдардағы отаршылдардың басқыншылық
жорықтарына қарсы күресте Хиуа хандығымен байланыс орнатуы
не үстiрт айтылған, не панисламистiк, пантюркистiк бағыттағы
ғазауат соғысын уағыздаған Хиуа хандығына арқа сүйегендiктен,
кҿтерiлiс ҿзiнiң бастапқы халықшыл, прогрессивтiк сипатынан
айрылды, сол себептi жеңiлiске ұшырады деген мҽндегi түсiнiк
береді. Ал тарихи ақиқат ауылы басқа қоныста. Орыс империясы
1834 жылдан бастап VIII ғасырда арабтар «Түркiстан» деп, 1864
жылдан орыс империясы «Орта Азия» деп атаған Тұран елiндегi
билiктi қолға алу үшiн жҽне Англияның Шығыстағы ықпалын
жойып, бүкiл Азияны жеке-дара билеу мақсатында, отарлаудың
кезеңдiк баспалдақтарының бiрi ретiнде Хиуаға жақын жерлерде
Александровск, Қарақамыс, Ембi, Шошқакҿл, Ақбұлақ бекiнiстерiн
салып, ҽскер шоғырландыруды қолға алды. 1839 жылы кҿктемде
осындай қамалдарда топтастырылған қарулы жасақтар саны 5000
адамға жеткен. Мiне осы жағдайға орай баспасҿзде жаңадан басып
алынған оңтүстiк қазақ жерлерi, халқы, қазақ-хиуа қатынасы, орыс
ҽскерлерiнiң жорығы, орыс-ағылшын бҽсекелестiгiнiң тарихы мол
- 111 -
ҽңгiмеленедi. Сондай-ақ осы кезең оқиғалары ҽскербасы
И.Баламбергтiң «Воспоминание», М.Н.Венюков зерттеулерiнде,
«Русский Туркестан» жинағында, А.Г.Серебрянниковтiң «Сборник
материалов для историй завоевания Туркестана» атты жинақта,
А.В.Перовскийдiң жазбаларында, т.б. материалдарда ҿз кҿрiнiсiн
берген. Мысалы, «Русский Туркестан» жинағында: «Орынборға
А.В.Перовский ҽскери губернатор болып келiсiмен Хиуа
хандығына қарсы жорыққа ҽзiрлiк шұғыл басталды. Ол үшiн
Астраханьда кептiрiлген қаңылтақ дайындалды. Кiшi жүз
қазақтарынан жүн, киiз, қайыс, түйе жиналды. Ҽскерлерге
жабағыдан жаңа қыстық киiм тiгiлдi. Кiшi жүзден жорыққа 11 000
түйе мен жетекшiлер жиналды», – деп жазылған. Халықтың күн
кҿрiс кҿзi малын отаршылдар осылайша түрiк халықтарына қарсы
жүргiзiлген жаугершiлiк жорықтары жолында ҽкелерiнен қалған
мұрадай тонап жҽне мұны мақтанышпен жазған. Бiрақ,
империяның басқыншылық жорығы Хиуа хандығы мен Кiшi жүз
қазақтарының батыл қарсы ҽрекеттерi нҽтижесiнде 1840 жылы
отаршылдардың мыңнан аса адамынан айырылып, жеңiлiске
ұшырауымен тынды. Осы жаймен байланысты Махамбеттiң 1839
жылы 19 қаңтарда Хиуа хандығынан елдегi достарына жолдаған
хатындағы: «Ушан халықларның iшiнде Һҽрнешiк Хиуадан ҽскер
болмайдүр деп ойламаңыз. Ҽгҽр орыс казактан қысаңлық болса,
берi қарап кҿшiңiз. Бiр малыңызға назар халқы ғайри уҽлият тия
қылмас. һҽрнешiк орыс турҽгҽ хор болмаңыз. Һҽм бүгiнде Ғайбала
ханның қолында бiраз ҽскер бар», – деген сҿздерi ХIХ ғасырдағы
Тұран жұртының отарлық езгiге қарсы ұлт азаттық қозғалысқа
бiрiгуiн нақты дҽлелдейтiн құжат. Сондықтан, Махамбеттiң осы
жылдардағы iс-ҽрекетiн тарихи жағдайға сҽйкес, күрес жолын
дұрыс таңдай бiлгендiгi деп бағалау орынды. Ал, жоғарыда
айтылған панисламизм мен пантюркизм мҽселелерiне келер
болсақ, олардың тууына себеп болған жағдай – отарлық
басқыншылыққа қарсы мұсылман жҽне түрiк халықтарының бiрiгу
идеясы болғандығы ҿз-ҿзiнен айқын. Негiзiн Египет муфтиi
Мұхаммед Ҽбдi (1849-1905) мен ауған ғалымы Жҽмҽл-ҽд-Дин ҽл-
Ауғани
(1839-1897)
салған
панисламизм,
кейiн
түрiк
халықтарының азаттық санаткерлік ойы ретiнде дүниеге келген
пантюркизмге (Исмайлбек Қаспаралы iргесiн қалаған) ұласып, ХХ
ғасырда жадидизмнiң рухани тiрегiне айналған аталмыш
қозғалыстар тарихын зерттеу ҿз алдына бҿлек ауқымды мҽселе.
- 112 -
Сҿйтiп, 1838-40 жылдар аралығында Махамбет түрiк
халықтарының отарлық жаугершiлiкке қарсы күресiне белсене
араласа отырып, бiрнеше рет Iшкi тарапқа ҿтiп, халықты ортақ
жауға қарсы күреске үндеген. Оның «Ҽрҽйнҽ», «Мұңайма»,
«Нарында», «Жайықтың бойы кҿк шалғын», «Күн қайда?» сияқты
ҿлеңдерi мен «Алтын жақса жарасар» жырындағы:
Он екi ата Байұлы
Жиылып келсе бұл iске,
Алты сан алаш ат бҿлiп,
Тiзгiнiн берсе қолыма,
Зулар едiм бiр кҿшке! –
деген жолдар осының дҽлелi.
Хиуа жорығының сҽтсiздiкке ұшырап, отарлық озбырлықтан
ең кҿп жапа шеккен қазақ жұртының Тұран халықтарының азаттық
қозғалысына түбегейлi белсене араласуынан қауiптенген империя
1840 жылы ұлт азаттық күресiне қатысқан ерлерге амнистия
жариялаған. Амнистия Махамбет сынды ел iшiнде атағы алысқа
кеткен күрескерлердi соттау арқылы халықтың наразылығын
тудырмау, Ресей империясын «бек қайырымды манифест»
шығарған үкiмет етiп кҿрсету, елдiң жауынгер рухын бҽсеңдету
үшiн қажет болды. Сондықтан да үкiметтiң 1841 жылы наурызда
қапылыста қолға түскен батырды 26 мамырда тұтқыннан босатуы,
оның «қайырымдылығынан» емес, қайта аяр, ҽккi саясатынан
туындаған ҽрекет деп қабылдау керек.
Сҿйтіп, Махамбет Абай: «Орысша оқу керек, хикмет те, мал
да, ҿнер де, ғылым да – бҽрi орыста тұр. Зарарынан қашық болуға,
пайдасына ортақ болуға тiлiн, оқуын, ғылымын бiлмек керек.
Ҽрбiреудiң тiлiн, ҿнерiн бiлген кiсi оныменен бiрдейлiк
дағуасына кiредi, аса арсыздана жалынбайды»- дегенiндей, ендiгi
жерде азаттық соқпағы оқу, бiлiмге байлаулы болғандықтан, 1845
жылы екiншi ұлы Нұрсұлтанды Орынбордағы орыс оқуына
апарады. Бiрақ, «Мектепке ата-тегi үкiметке қызмет еткен жҽне
ерекше берiлген адамның балалары ғана алынатындықтан»,
Махамбет Орынбордан үмiтi желге ұшып, нҽтижесiз оралады.
Кҿтерiлiс толқыны тыншып, елде отарлық ел билеу жүйесi
берiк орнаған, қазақ халқының мемлекеттiк билiгi ҿз қолына
толықтай ҿткен осы кезеңдi шебер пайдалана бiлген империялық
- 113 -
ҽкiмшiлiк халықтың жалынды рухани ұйытқысы, қайсар күрескер
ақыны
Махамбеттiң
кҿзiн
жоюды
ұйымдастырды.
Бұл
қастандықты жүзеге асыру мақсатында Орынбор соғыс
губернаторы генерал Обручев Махамбеттiң үстiнен ел басқарушы
«шендi шекпендiлерге» ақынды елден аластатуды ҿтiнген рапорт
түсiртiп, оны Орынбор Шекара комиссиясында қарау үшiн
Баймағамбет пен оның орынбасары М.Таукинге Махамбеттi
тұтқындап, Орынборға жiберудi тапсырады. Сҿйтiп, Қараой деген
жерде күз айында жалғыз үй отырған Махамбет шаңырағына
келген Баймағамбет адамдары ҿкiмет ҿкiлдерiне қарсылық жасады
дегендi желеу етiп, қапылыста ақынды ту сыртынан қылышпен
шауып ҿлтiрген. Бұл жайлы Абдрахман Асылбектің Махамбет
ұрпақтары аузынан жазып алған «Батырдың қайғылы қазасы» атты
«Кҿзқарас KZ» газетінің 2003 жылғы 6 маусымда жарияланған
мақаласында жан – жақты баяндалған .
Патша ҿкiметi Махамбеттi ҿлтiргендердi анықтамақ пиғыл
танытқан болып, бiрнеше жыл тергеу жүргiзген. Алайда, қанды
қылмысқа қатысы бар бiр де бiрi жауапқа тартылмаған. Ақыры
ащы шектей созылған нҽтижесiз iс аяқсыз қалған, ал бір деректерде
1853 жылы Бекмағамбет Ҿтемiсовтің сұрауымен тоқтатылған.
Махамбет қазасы үшін қандыкҿйлек достары Сегіз сері,
Қабыланбай, Асау Тұрланұлы, Асау Барақұлы, Жамантай,
Нҽдірқұл, Сҽлилер Баймағамбетті Санк-Петербургтен генерал
шенін алып, Орынбор арқылы елге қайтқан жолда, 1847 жылы
кҿкекте Елек ҿзеніне батырып жіберген. Бұл жайлы Р.
Дүйсенғалиевтің «Қастерлесең, Махамбетті қастерле!», Р.
Отарбаевтың «Махамбет пен Баймағамбет ҿлімі», т.б. тарихи
материалдар бар.
Республикалық «Махамбет» қоры қазақ халқының ұлт
азаттық кҿтерілісі мен сол кҿтеріліс басшылары Исатай
Тайманұлы, Махамбет Ҿтемісұлы жайлы жазылған барлық тарихи-
ҽдеби
мұраларды
жинақтап,
2004
жылы
«Махамбет
энциклопедиясымен» түйіндеген 20 кітаптан тұратын жинақ
шығарды. Осы жинақтың соңғы «Махамбет энциклопедиясы» атты
XX томындағы Исатай, Махамбет жайлы жазылған еңбектердің
библиографиялық тізімінің ҿзі 37 бет. Сондықтан, аталған жинаққа
енген жҽне 2004 жылдан соңғы жарияланған Махамбет
шығармашылығын ел тарихымен, азаттық күресімен байланыста
алып қарастырған зерттеу еңбектердің кейбірін ғана атап ҿтейік.
- 114 -
Олар: Х.Досмұхамедұлының «Исатай-Махамбет», М.Ҽуезовтің
«Махамбеттің ҿмірі: Махамбеттің ақындығы», М.Тынышбаевтың
«Материалы к истории киргиз-казахского народа», С.Мұқановтың
«Махамбет Ҿтемісұлы», Б.Аманшиннің «Махамбеттің тағдыры»,
Қ.Жұмалиевтің «Егеулі найза», А.С.Рязановтың «Исатай Тайманов
кҿтерілісі», Н.Савичевтің «Исатай Тайманов», В.Ф. Шахматовтың
«Внутренняя
Орда
и
восстания
Исатая
Тайманова»,
И.Кенжалиевтің
«Исатай-Махамбет»,
Қ.Сыдиқовтың
«Дала
дауылпазы», М.Бекбосыновтың «Елдік пен еркіндіктің алдаспаны»,
т.б.
Қорыта айтқанда, қазақ даласын отарлаудың Кiшi жүзден
басталған тарихи ақиқат жайы қазақ поэзиясында ерлiктiң ҿр үлгiсi
болған Махамбет шығармашылығында ҿзiнiң кҿркемдiк кестесiн
тапты.
Достарыңызбен бөлісу: |