МИГРАЦИЯ
(лат.) – халықтың қоныс аударуы, қозғалысы; ел ішінде – халықтың ішкі
кӛші-қоны; бір елден екінші елге қозғалысы – халықтың сыртқы кӛші-қоны.
МИЛИТАРИЗМ
(лат.) – жаппай қарулану, соғысқа әзірлену, ішкі және сыртқы
мәселелерді қарулы күшпен шешуге тырысқан саясат. Билеуші топтардың мемлекеттің
әскери қуатын арттыру үшін қолданатын саяси, экономикалық және идеологиялық
тәсілдер жүйесі; қазіргі М. Жаппай қарулануды, қайсыбір елдің сыртқы ішкі саясатына
әскери-ӛнеркәсіп кешенінің ықпалының күшеюін кӛрсетеді.
МОДЕРНИЗАЦИЯ
(греч.) – мемлекеттің, қоғамның саяси жүйесінің шамалы дамыған
елдерді кӛшбасшы елдер қатарына жақындатуға тырысуы.
МОНАРХИЯ
(греч.) – бүкіл билік бір билеушінің (король, император, князь, монарх және
т.б.) қолына шоғырландырылған мемлекет формасы.
МОРАТОРИЙ
(лат.) – қайсыбір әрекеттерді немесе міндеттемелерді орындауды белгілі
бір немесе белгісіз мерзімге уақытша тоқтату, келіс жасау.
“Н”
НИГИЛИЗМ
(лат.) – жалпы қабылданған ережелерді жоққа шығару, мүлдем сенбестік.
НОНСЕНС
(англ.) – түкке тұрмаушылық, жӛнсіздік.
НОТА
(лат.) – бір үкіметтің екінші үкіметке ресми дипломатиялық жазбаша үндеуі.
“О”
ОБСТРУКЦИЯ
(лат.) – парламенттік мәжілістерге, әр түрлі жиналыстарға, съездерге тән
саяси күрес әдістерінің бір түрі, қарсылық кӛрсету формасы; оларға қатысушылардың бір
тобы (делегеттар, депутаттар және т.б.) әр түрлі тәсілдермен ӛзіне керек емес шешімдерді
қабылдаттырмауға тырысуы, отырыс жүмысын әдейі бүлдіруі.
ОККУПАЦИЯ
(лат.) – бір елдің аумағын екінші мемлекеттің әскер күшімен уақытша
басып алуы. Басып алғанда билікті, әкімшілік басқаруды әдетте оккупациялық әскери
күштердің әкімшілігі іске асырады.
ОППОЗИЦИЯ
(лат.) - 1) қандай да бір саясатқа, саяси әрекетке, қайраткерге қарсылық
ету, кедергі жасау; 2) партияның, не оның бір тобының, бір топ адамдарының, кӛпшіліктің
пікіріне немесе үстемдік етуші пікірге қарсы тұруы.
Достарыңызбен бөлісу: