Глоссарий “А” абсентизм



Pdf көрінісі
бет12/17
Дата21.02.2023
өлшемі199,7 Kb.
#169622
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Глоссарий Толешов Нургиса

ОРТОДОКС
(греч.) – дүниетанымы қандай да бір ілімге, теорияға, бағытқа табандылық 
кӛрсетумен, терең сенімділікпен ерекшеленетін адам. 
ОХЛОКРАТИЯ 
(греч.) – мемлекеттік институттар қатынасынсыз ӛз мүдделерін жүзеге 
асыратын тобырдың билігі, бұқараның тікелей ықпалы.
“Ө” 
ӨЗЕКТІ
(актуальный) – қазіргі уақытқа сай маңызды, мағыналы. 
“П” 
ПАКТ
(лат.) – халықаралық келісім. 
ПАРИТЕТ
(лат.) – теңдік, теңдік қарым-қатынас, бірдей жағдай. 
ПАРЛАМЕНТ 
(англ.+фр.) – заң шығарушы міндеттерін атқаратын ӛкілетті жалпыұлттық 
мекеме, жоғарғы сайланбалы заң шығарушы орган. АҚШ-та және де басқа да елдерде 
парламент конгресс деп, ал Швецияда рикстаг деп аталады. 
ПАУПЕРИЗМ
(лат.) – елдің кейбір бӛлшектерін алып жатқан ӛмір сүру мүмкіндігінен 
айырылған қайыршы адамдардың тобы. 
ПАЦИФИЗМ
(лат.) - әр түрлі елдердегі соғысқа қарсы қозғалыс, оның ӛкілдері мен 
мақсаты мен сипатына қарамастан кез келген соғысқа қарсы. 
ПЕТИЦИЯ
(лат.) – негізінде жоғарғы мемлекеттік билік органдарына хат түрінде 
берілетін ұжымдасқан ӛтініш, арыз. 
ПЛАТФОРМА
(фр.) – қандай да бір мәселе бойынша топтың,таптың, ұйымның, саяси 
партияның қабылдаған саяси әрекетінің толық жоспары, кӛзқарастары, шаралары мен 
талаптарының жиынтығы. 
ПЛУТОКРАТИЯ
(греч.) - ӛзінің байлығының арқасында қоғамда белгілі бір орын алып, 
билікке ықпал ететін бір топ байлар үстемдігі. 


ПЛЮРАЛИЗМ 
(англ.) – қмір сүруші мүдделердің және олардың бәсекелестігінің кӛп 
түрлілігін мойындауға негізделген қоғамды ұйымдастыру принципі. 
ПРЕАМБЛУА
(лат.) – халықаралық келісімнің ену бӛлімі. 
ПРЕВЕНТТІК СОҒЫС
(фр.) – басқа елдің шабуылын алдын ала ескертуге 
қолданылатын басқыншылық. П.С. мақсаты – кенеттен шабуыл жасауға қолдану жағдай. 
ПРЕЗИДЕНТ 
(лат.) – 1) республикалық басқару формасындағы кӛптеген елдерде белгілі 
бі уақытта сайланған елбасы; 2) корпорациялардың, компониялардың және де т.б. 
қоғамдық ұйымдардың немесе мекемелердің жоғарғы лауазымды адамы, жетекшісі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет