ТИРАНИЯ – қатыгездік, деспоттық басқару: қорлық, зұлымдық, күштеу.
ТОЛЕНРАНТТЫЛЫҚ (лат.) – шыдамдылық, мейірімділік кӛрсету.
ТРАЙБАЛИЗМ (ағыл.) – ру-тайпалық бӛлінудегі ескіліктің қалдықтары, қоғамдағы
тайпалық немесе этникалық сепаратизм.
ТРИУМВИРАТ (лат.) – үш саяси және әскери қайраткерлердің одағы.
ТРИУМФ (лат.) – кӛрнекті, жарқыраған табыс, жеңіс, мереке.
ТҰЛҒА – белгілі бір әлеуметтік экономикалық формалардың желісі болып табылатын
субъетінің – интеллектуалдық – кӛңіл-күйлік ерік жігерлік индивидуалдық белгілерімен
сапаларына тән адам.
“У” УЗУРПАЦИЯ (лат.) - ӛз қолына билікті заңсыз алған немесе ӛзіне басқаның құқығын, бір
нәрсеге ӛкілеттілігін иеленіп кету.
УЛЬТИМАТУМ (лат.) – 1) халықаралық құқықта – бір мемлекеттің басқа мемлекетке
дипломатиялық қатынастарды үзумен немесе кӛрсетілген мерзімде оны орындамаған
жағдайда қарулы күштерді қолдану қорқытуынан шығатын талабы; 2) қандай да бір
қорқытудан шығатын талап.
УНИТАРЛЫ (фр.+лат.) – федерациядан айырмашылығы мемлекет территориясы
әкімшілік-аймақтық ӛлшем бірліктеріне бӛлінетің, ӛзінің құрамында федеративтік ӛлшем
бірліктері болмайтын мемлекеттік құрылыс формасы.
УНИЯ (лат.) – бір шекара билігіндегі мемлекеттер одағы.
УТОПИЯ (грек.) – бұл терминді Т.Мордың кітабының атауынан алынған. Саяси
бағыттың іске аспайтыны бірқатар себептерге байланысты, олардың ішінде ең негізгісі -
әлеуметтік процесстер мен саяси күштердің арақатынасының дамуына ғылыми талдаудың
болмауы.
“Ұ” ҰЛТШЫЛДЫҚ – нақты этностың егемендігін және оның ӛзін-ӛзі билеу құқын билікке
саяси талап формасында қоятын саяси идеологияның бір түрі.
“Ф” ФАЛЬСИФИКАЦИЯ (лат.) – бір нәрсені қолдан жасау, бұрмалау, дұрыс бір нәрсені
ӛтірік, жалғанға ауыстыру.