ХУНТА
(исп.) – испан тілді елдердегі әскери үкіметтер, мемлекеттік органдар,
комиссиялар, одақтар, бірлестіктер атауы.
“Ц”
ЦЕНЗУРА
(лат.) – БАҚ мен баспасӛзді мемлекеттік жүйе тұрғысынан қадағалау.
ЦИВИЛИЗАЦИЯ
(лат.) – 1) мәдениет синонимы; 2) рухани және материалдық
мәдениеттің, қоғамның даму сатысы деңгейі; 3) тағылықтан кейінгі қоғамның даму
сатысы.
“Ш”
ШОВИНИЗМ
(фр.) – басқа ұлттар мен ұлыстарға ӛшпенділік пен қастықты тарататын
ұлтшылдық саясатының бір түрі.
“Э”
ЭВАКУАЦИЯ
(лат.) – кӛптеген аудандардан апат, соғыс кезіндегі мекемелерден,
кәсіпорындардан әскерлерді, адамдарды ұйымдастырып алып шығу, сонымен қатар
күрделі шаруашылыққа арналған жерлерден алып шығу
ЭВОЛЮЦИЯ
(лат.) – қоғам мен табиғатта болатын формала; белгілі бір жағдайда жаңа
сапаға революция арқылы ақырындап жететін сапалы ӛзгеріс. Эволюция мен революция –
бір-бірімен тіғыз байланыстылығы қозғалыс формасында, табиғаттың дамуы мен қоғамда
байқалады.
ЭКСПРОПРИАЦИЯ
(лат.) – экономикалық немесе қанау жолы арқылы жіктер немесе
қоғамдық таптардың ӛндірістік құралдарынан айыру.
ЭКСПАНСИОНИЗМ
– тәуелділіктен, бағынудан, жалған сенімнен босату; шектеуді
алып тастап, құқықты теңестіру.
ЭКСТРЕМИЗМ
(лат.) – белгілі бір кӛзқарасты ұстанатын жүйе.
ЭЛЕКТОРАТ
(лат.) – сайлауда дауыс беру құқығы бар адамдар тобы.
ЭЛИТА
(фр.) – маңызды саяси шешімдер қабылдайтын, әлеуметтік, саяси, психологиялық
ерекше қасиеттерімен, артықшылықты жағдайымен ерекшеленетін адамдар тобы.
ЭМБАРГО
(исп.) – елге валютаны немесе тауарды шеттен әкелу немесе шетке шығаруға
тиым салу. Бұл бейбітшілік те, әсери кезінде де енгізілуі мүмкін.
ЭМИССАР (
лат.) – қандай да бір саяси немесе мемлекеттік ұйымдардың тапсыруымен,
кӛбінесе құпия тапсырысын жіберген адам.
ЭТАТИЗМ
(фр.) – қоғамдық жоғары дамудың мақсаттары мен нәтижелері ретінде
мемлекетті сипаттау үшін қолданылатын термин.