Тараулар
«Абай»
романы
«Абай
жолы»
романы
Басты
айырмашылық
аргументтері
(шығармадан үзінді)
«Қайтқан
да»
Абай
ауылына
келген
қонақтар
шығармада
Байкөкше
мен Дулат
есімімен
беріледі.
Кейіпкер
бейнесі еш
өзгеріссіз
беріледі.
Тек
кейіпкер
аты ауысқан
Кейіпкерл
ер атауы
ауысып
беріледі.
Келген
қонақ
есімдері
Байкөкше
мен Барлас
деп
жазылады.
Дулат
атауы –
Барлас
есімімен
ауыстыры
лған
«Абай»
романы
«Абай
жолы»
романы
Ал
балам,
әжеңмен
екеуімізд
і қажай
беруші
едің,
әңгіме
жырдың
дүкені
міне,
жаңа
келді.
Мына
Ал
балам,
әжеңмен
екеуімізд
і қажай
беруші
едің,
әңгіме
жырдың
дүкені
міне,
жаңа
келді.
Мына
159
кісі
Дулат
деген
ақын!-
деді (56-
бет)
кісі
Барлас
деген
ақын!-
деді (52-
бет)
«Қат-
қабатта»
Қыстау
мәселесі
Құнанбайме
н сөз етілген
тұста Байсал
көкейінде
жүрген
негізгі ой
бұл тарауда
көрсетілмей
ді.
Құнанбайд
ың
«қыстау
алып
беремін»
деген
уәдесіне
көзқарас
пен
Байсалдың
өзін – өзі
жұбатуы,
ұзақ
ойланған
ойөрісі
жайлы
біршама
мәтін
жаңаша
түрде осы
нұсқада
қосылып
беріледі.
Байсал
ойы
жайлы
мәтін бұл
кітапта
берілмеге
н
Байсал
Жігітек
жерін
келемен,
жолмен
аламыз
деуші
еді.
Құнанбай
дың
«әперемі
нді»
естігенде
үндемейт
ін.
Байсал
үндемесе
, көнгені.
Соңғы
екі-үш
күн іші
шатасып,
шиеленіс
іп
барады.
Міне,
бүгінгі
күн
үндемей,
ауыз
ашпай
160
Құнанбай
қасында
жүрген
Байсалды
ң іші
осындай
еді (81-
бет)
«Бел-
белесте»
Құнанбай
сапарға
кеткеннен
кейінгі
Қарахан мен
Манастың
айырылмас
достықтары
ның белгісі
ретінде бір-
бірінің
келіншегін
ауыстырып.
үйленулері
жайлы мәтін
берілген.
Өңделген
нұсқада
Манас пен
Қарахан
жайы сөз
етілмей,
алынып
тасталған.
Манас
пен бар
құрбысы
осы
түнде,
Құлынша
қ
ұйықтап
жатқанда
, сол
ауылға
барып,
әдемі
келіншек
ті
киіндіріп
алып,
Қарахан
ауылына
әкеледі.
Қараханн
ың
келіншегі
н,
қарсылығ
ына
қарамай
Манасты
ң алдына
Манас
пен
Қарахан
дауы бұл
нұсқада
жазымай
қалады
161
өңгеріп
береді(22
5-бет)
«Өрде»
Мәкіш есімі
аталмай тек
қана
«Құнанбайд
ың
Күңкеден
туған қызы»
деп нақты
атаусыз
жазылады
Кейіпкер
есімін
нақтылап
береді
«Абай»
романы
«Абай
жолы»
романы
Құнанбай
Күңкеден
туған
алтыжаса
р қызын
Тінібайд
ың
баласына
атастыра
тын
болды(23
2-бет)
Құнанбай
Мәкіш
деген
қызын
Тінібекті
ң
баласына
атастыра
тын
болды
(214-бет)
Бөжей
асына
келген
қонақтарды
күтіп
алатын
кейпкерлерд
і толық
есіммен
көрсетпеген
Кейіпкер
есімін
нақтылап
береді
Ана
екеуі,
алдынан
тосып
алып,
жайлап
қондыруғ
а
міндетті
(273-бет)
Мырзаха
н мен
Ербол
екеуі
көшті
алдынан
тосып
алып,
жайлап
қондыруғ
а
міндетті
(252-бет)
Романның
өн
бойында
көп
кездесетін
негізгі
айырмашылықтардың бірі – кейіпкерлер есімдерінің өңделген
нұсқада нақты аталып көрсетілуі. Негізгі сөздер синонимдермен
ауысып, шығарма реңкін одан әрі дамыта түскен. Алынуы қажет
162
оқиғалардың барлығын алып, жаңадан алған деректерді де
қосып қолданған. Осы салыстыра-талдау жұмысы студенттерді
аса көлемді еңбек ішіне батырып жібермей, ең негізгі
мәселелерді дөп басып табуға, алдарындағы проблемаларды
жеңіл шешуге түрткі жасап отырады. Романдағы басты
айырмашылық тұстары көркем шығармаға сілтеме жасай
отырып, деректермен беріледі.
Студенттердің және оқырмандардың бұл құндылықтағы
басты айырмашылықтарын талдап әрі білуге ынталарының
артуы – шығарманы одан ары зерттеп-зерделеуге мүмкіндік
туғызады. Салыстыра оқыту – креативті ойлау дағдысының ең
негізгі микроэлементі болып табылады. Жаһандану дәуірімен
тұспа-тұс
келген
«Рухани
жаңғыру»
бағдарламасының
тәжірибелік тарапта жүзеге асуында ұлттық кодымызды басым
бағытта ұстап отыру – бірінші орында болу қажет деп
есептеймін. Бұл тұрғыда қазақ ұлтының танымын кеңейткен
аталмыш шығармаларды әртүрлі әдістер мен технологияларды
қолдану арқылы талдау әлі де ұзақ ізденіс пен зерттеу жұмысын
қажет ететіндігі сөзсіз.
Қорыта келгенде,
«Абай жолының» сипаты туралы
академик Қ.И. Сәтбаевтың мынандай құнды сөзі бар: «Қазақ
халқының өткенін зерттегісі келетін ғалымның бірде-бірі бұл
кітапты жанап өте алмайды: ғалым-филолог одан фольклордың
бай материалдарына қанығумен қоса, қазақ әдеби тілі мен
сөздігінің қаз басуы мен қалыптасуын көреді; ғалым-этнограф
қазір көне заманмен қоса көнерген небір тұрмыстық белгілер
мен өмір құбылыстарын біледі. Құс салып, саят құрған, қыз
ұзатып, ас беруді, өлік жөнелтуді суреттейтін тараулар, билер
айтысы мен билік шешкен қазылық картиналарының әрқайсысы
жеке-жеке-ақ ғылыми-этнографиялық толайым еңбектерге
парапар; ғалым-экономистер Қазақстанның XIX ғасырдағы
халық шаруашылығының құрылысынан дәлме-дәл нақты
мәлімет
алады,
ондағы
тап
қайшылығының
өзіндік
ерекшелігімен танысады; ғалым-юристер шариғаттан бастап,
билер кесіміне шейінгі даланың заң-жобаларынан бағалы
мағлұматтар жинайды». Расымен де, ұлт мақтаны болған Әуезов
еңбегіндегі ең негізгі мақсат – Абай даралығын ғана танытып
қою емес, қазақ жұртын тұтасымен алғанда мемлекеттің
163
бейнесін таныту болды. Әрбір ел өз дамуын бірінші кезекте тілі
мен дәстүрінен бастайды. Соған қарай құшырлана талпынады.
Ал тілдің сақталуы – көркем әдебиеттің танылуында. Осындай
үлкен жауапкершілікті оқырман бойына сездіре оқыту, көңіліне
шығармаға деген махаббатты сездіру мен әртүрлі қарім-
қабілеттерді дамытуда әлі де үлкен еңбек қажеттігі сөзсіз.
Инновациялық жаңғырумен қатар оқыту технологиясын бірге
алып жүру – бүгінгі заман талабы. Осы жолда барлық ұстаздар
аянбай еңбек етпек!
Әдебиет:
[1]
Тоқаев Қ.К. Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан //
Egemen Qazaqstan, 2020. – 9 қаңтар.
[2]
Жұртбай Т. Бесігіңді аяла!.. Монография-эссе. –
Астана: Фолиант, 2003. – 504 б.
[3]
Әуезов М. «Абай» романы, 1942 ж.
[4]
Әуезов М. Абай жолы:Роман-эпопея. Бірінші кітап. –
Алматы. «Жазушы» 2013. – 376 б.
© А.М. Картаева, Э. Орманбек, 2022
164
Г.Т. Курмангалиева,
А.М. Картаева,
e-mail:
guka.185@mail.ru,
ВКУ им. С.Аманжолова,
г. Усть-Каменогорск. Казахстан
АБАЙТАНУ ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ТАЛДАУ
Аңдатпа:
мақалада Абай шығармаларының орта мектепте
оқытылу тарихы және әр жылдары Абайтану пәні бойынша
жарық көрген оқыту бағдарламалары жан-жақты сөз етіледі.
Әрбір бағдарлама басылымының хронологиялық мерзімі
көрсетіліп, тәуелсіздікке дейінгі және қазіргі уақытта
республикамыздың жалпы білім беретін ұйымдарында
қолданылатын бағдарламалар тізбегі ұсынылады. ҚР Білім және
ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен
бекітілген "Абайтану" курсының оқу бағдарламасы, 2020 жылы
шыққан негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейінің
мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын
желілік «Абай мектептерінің» 5-9, 10-11 сыныптарына арналған
"Абайтану" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу
бағдарламасы, Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Шығыс
Қазақстан облысы білім басқармасының жалпы білім беретін
ұйымдарының 5-8 сыныптарына арналған «Абайтану» курсы
бойынша аймақтық оқу бағдарламасы өзара салыстырыла
отырып, талданады. Оқыту орыс тілді мектеп оқушыларына
арналған «Абайтану» курсының оқу бағдарламаларын дамыта
түсу керек екендігі қарастырылады. Қазіргі таңда Абайтану
пәнінін оқыту бойынша жарық көрген бағдарламалар тарихы
ЖОО-дағы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығында оқитын
студенттерге аса қажетті ақпарат болып табылады.
Кілт сөздер:
Абай шығармашылығы, абайтану пәні,
бағдарлама, курс, білім мазмұны, мақала, жаңартылған білім.
Халқымыз тәуелсіз ел ретінде еңсесін мықтаған кезде
бүгінгі ұрпаққа керекті асыл қазына Абай мұрасы. Абайдың
ұрпақ қамын ойлаудағы ғибратты ойлары бүгінгі күн үшін
ауадай қажет. Оның сөздері ең алдымен – адамгершілік, рухани
165
тазару және тәрбие міндеттерін көздейді.
Абай шығармашылығы елін, халқын ойлаудан туған
ізгілік ойлар жиынтығы. Ендеше, ұлтының болашағын,
ұрпағының қамын ойлаған кез келген дананың шындықты
айтуы – елін сүйгенін, халқының білімді болуын көксеген жан
сыры деп түсінгеніміз жөн.
Абайды тану, Абай мұрасының қазіргі ұрпаққа терең
түсіністікпен жетуін көздер болсақ, онда алдымен Абайтану
ғылымының орта мектепте оқытылуына тоқталу маңызды. Ол
үшін ең алдымен Абайтану пәнін оқытуға арналған
бағдарламаларға үңілуге тура келеді. Абайды танудың алғашқы
қадамы ретіндегі еңбегі «Абайдың өз заманында қарасөзбен
жазылған “Ғақылия” атты кітабы» – деп ғалым Б.Жұмақаева
«Абай шығармашылығын оқытудың өзекті мәселесі» атты
мақаласында ақпарат береді[1,2б.]. Осы еңбегі арқылы
бастауыш сынып оқушылары оқытылады. Кейін қазақ әдебиеті
пәні қалыптасқан кезден бастап ақын шығармалары мектеп
бағдарламасына еніп, кейбір өлеңдері оқытыла бастағаны
белгілі. Абай өлеңдерінің тұңғыш рет мектеп бағдарламасынан
орын алуы сол кездегі үлкен жетістік болады.
Осы кездер ақын өлеңдерінің ерекшелігіне назар
аударылып бастаған, кейбір жазбаларда Абай өлеңдерінің түрлі
ерекшеліктері жазыла бастаған еді. 1939-1940, 1947, 1951,1959-
1960 жылдары да қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту
бағдарламалары түрлі өзгерістермен басылып шықты.
Кейіннен Абай шығармашылығы мектеп бағдарламасында
жүйеленіп беріле бастады. 1989-1990 оқу жылынан бастап
мектептер он бір жылдық болуына байланысты қазақ тілі мен
әдебиетінің оқу курсы 5 сыныптан бастап оқытылатын болып
бекітілді.
2013 жылға дейін оқу бағдарламалары түрлі кезеңдерден
өтіп, өңделіп бірнеше рет басылды. Тәуелсіздікке дейінгі оқу
бағдарламаларын жасауда кеңестік кезең саясатының салқыны
тиіп отырды, алайда осыдан кейін оқу бағдарламасы жүйеленіп,
Абай мұрасы көптеп қамтыла бастады.
"Абайтану" курсының оқу бағдарламасы ҚР Білім және
ғылым министрінің және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы Ғылыми кеңесінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115
166
бұйрығымен бекітілген[2,2б.]. Қазіргі уақытта республиканың
жалпы білім беретін ұйымдарында осы бағдарлама арқылы
міндетті оқу курсы іске асырылуда. Ол -"Абайтану" курсы.
«Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының, әдебиет
тарихының үлкен бір саласы... XIX ғасырдың аса көрнекті
демократ ақыны Абай Құнанбайұлының шығаpмашылық
мұpалаpын зepттeйтiн ғылым саласы»– деп академик З.Ахметов
«Әдебиеттану терминдер сөздігі» еңбегінде анықтама берген[3,
26б.].
«Жаңартылған мазмұндағы бағдарлама 2015 жылдан
бастап оқу үдерісіне енгізілді. Енді осы жаңарған білім
мазмұнына сәйкес ақын шығармашылығы қалай оқытылып жүр
дегенге тоқталсақ, орта буында Абай тек 6-сыныпта ғана
оқытылады. Бағдарламаның түсінік хатында шиыршық әдісіне
оқытылады делінгенімен, бір ғана сыныпта оқытып отырғанына
қарап, Абай шығармаларын сыныптар бойынша дамыта оқытып
келген кеңестік мектеп тәжірибесінен де айырылып қалғанын
аңғару қиын емес» екенін әдіскер ғалым Б.Жұмақаева атап
көрсетеді[1, 4б]. Абайдай тұлғаның шығармашылығын оқыту
үшін мұндай оқу материалының көлемі жеткіліксіз болғаны
белгілі. Аталмыш бағдарламада 9, 10, 11-сыныптарда
"Абайтану" курсын оқуға 3 сағат бөлінген. Оның ішінде 31 сағат
теориялық материалды зерттеуге, 2 сағат шығармашылық
жұмыстарды орындауға және 1 сағаты оқушылардың пән
бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қорытындылауға
беріледі.
Бағдарламада ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы
мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері,
өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік
мақсаттары,
қазіргі
абайтанудағы
өзекті
мәселелер
топтастырылып берілді. Абай шығармашылығындағы тұлға
болмысы, толық адам танымдарының идеялық-көркемдік
ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға назар
аударылды. Сонымен бірге
Абайдың талантты ақын
шәкірттерінің шығармашылығына көңіл бөлінді. Бағдарлама
Абайдың қазақ әдебиетіндегі орны, өлеңдерінің қайталанбас
ерекшелігі, ақын шығармашылығына орыс, шығыс әдебиетінің
ықпалы, ақынның поэзия мен қарасөз жанрында құнды
167
дүниелер тудырғандығын танытуға бағытталған.
2020 жылы шыққан негізгі орта және жалпы орта білім
беру деңгейінің мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін
тереңдете оқытатын желілік «Абай мектептерінің» 5-9, 10-11
сыныптарына арналған "Абайтану" пәнінен жаңартылған
мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) ҚР
Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115
бұйрығына 113,193 қосымша болып бекітілген[4,1б]. Қазіргі
уақытта «Абай желілік мектептері» осы бағдарлама арқылы
«Абайтану» пәнін оқытуды жүзеге асыруда. Бұл үлгілік
бағдарлама 5-9 және 10-11-сыныптарға жеке жасалған.
"Абайтану" пәнін оқуға 5-7 сыныптарға аптасына 1 сағат, оқу
жылында 34 сағат бөлінсе, 8-9, 10-11 сыныптар аптасына 2
сағаттан
68
сағат
бөлінген.
Бағдарламада
ақынның
шығармашылығы
тақырыптық
жағынан
топтастырылып,
оқушылардың жас ерекшелігіне орай қазіргі абайтанудағы
өзекті мәселелер зерттеуші ғалымдардың ғылыми еңбектері мен
көркем шығармалар арқылы игеруге бағытталған. Мазмұны
бойынша «оқу және түсіну», «талдау және жинақтау», «бағалау
және
шығармашылық»
дағдыларды
қалыптастыратын
бөлімшелерінен құралған. Оқу мақсаттарының жүйесі бөлім
бойынша әр сыныпқа берілген.
«Абайтану» пәнінің өзіндік ерекшелігі, Абайдың тұлғалық
болмысы, сомдаған көркем образдарының эстетикалық-
танымдық тұрғыда берілуі, музыкалық мұрасын рухани-
эстетикалық-танымдық жағынан игерілуіне, ізгілік, имандылық,
мораль қағидалары, тұлғалық-кемелдік туралы ойларының,
идеяларының күнделікті тұрмыста басшылыққа алынуына назар
аударылды. Жоғары сыныптарда Абайдың әлем әдебиетіндегі
орны, өлеңдерінің қайталанбас ерекшелігі, Абай және ислам,
ақынның келер ұрпаққа қалдырған рухани мұрасын тереңдей
зерделеген ғылыми еңбектерді оқыту арқылы дарынды
тұлғаның қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын танытуға
бағытталған.
Сонымен бірге Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Шығыс» өңірлік
орталығының
бастамасымен,
ф.ғ.д,
профессор
А.М.
Картаеваның ғылыми жетекшілігімен жұмыс тобы жалпы білім
168
беретін ұйымдарының 5-8 сыныптарына арналған «Абайтану»
курсы бойынша аймақтық оқу бағдарламасын жасады[5.2б]. Ол
ШҚО Білім басқармасының сараптау кеңесінің 2020 жылғы 5
қаңтардағы №1 хаттамасы негізінде қолдануға бекітілді.
Бағдарламада Абай мұрасын бүгінгі жаңа көзқараспен
талдауға, мазмұнына қарай проблемалық тақырыптарға бөлуге,
ақын шығармашылығындағы күрделі ұғымдар мен ойларды
оқушыға сай етіп, оңтайлы бере білуге негізделген. "Абайтану"
курсын оқуға 5-8 сыныптарға аптасына 1 сағат, оқу жылында 34
сағат бөлінген.
Абайды
зерттеуші
ғалымдар
еңбектерімен
бірге
Абайтануды оқытудың әдістемесін жасаған Қ.Бітібаеваның
еңбектері басшылыққа алынған. Бұл курстың ерекшелігі қазақ
және орыс тілде оқытатын білім беру ұйымдарында қолдануға
арналған. Сабақ тақырыптары ықшамдалып, оқушы түсінігіне
сай жүйелілік негізде жасалған. Абайдың өскен ортасы, Абай
шығармашылығының қайнар бұлақтары, ақын шәкірттері,
ақынның бүгінгі ұрпаққа берер өнегесіне кеңінен тоқталады.
Ақынның әрбір өлеңі тақырыптық жағынан жинақталып, жеке
талданып берілген.
Соңғы тоқталған үш бағдарлама да стандартқа сай жоғары
деңгейде құрылған. Олар Абайдың шығармашылығын, өмір
сүрген ортасын, жас ұрпаққа берер ғибратты тәлімін, қазақ
әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсетуді көздеген. Абай
желілік мектептерінің бағдарламасы 5-9, 10-11 сыныптарға жеке
жасалып, тақырыптық жағынан көлемді беріліп, оқушыларға
ақын шығармашылығын зерттеуші ғалымдар еңбектері арқылы
түсіндіруді мақсат еткен. Ал, 5-8 сыныптарға арналған
аймақтық бағдарламасы тақырып ықшамдылығы мен қазақ және
орыс мектеп оқушыларының түсінуіне ыңғайлы етіліп, ақын
шығармалары талданып, жүйелеленіп берілуімен ерекшеленеді.
Бұл бағдарламалар «Абайтану» курсын орта мектепте оқытудың
теориясын меңгертуде жоғары деңгейде жазылған.
Жоғарыда аталған бағдарламалардың міндеті – Абай
шығармашылығын ғылыми тұрғыдан ашып, жастарды Абайдың
шығармашылық мұрасын, даналық көзқарастарын дұрыс
түсінуге тәрбиелеу. Абай шығармашылығының әдебиетіміздің
өркендеуіне жасаған көркемдік ықпалын жан-жақты саралай
169
отырып, мектеп оқушыларына терең ұғындыру. Алайда,
«Абайтану» пәні курс ретінде мектепте аптасына 1 рет
оқытылып отыруы аздық етеді. Сонымен бірге оқыту қазақ
тілінде жүргізілетін мектептерге арналған бағдарламаларды
орыс тілді мектеп оқушылары меңгере алмайтыны және орыс
мектептерге
арналған
«Абайтану»
курсының
оқу
бағдарламаларын дамыта түсу керек екендігі белгілі. Себебі, ҚР
Білім және ғылым министрлігі және Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылған
2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген нұсқасы
"Абайтану" курсының оқу бағдарламасы болып, жалпы білім
беретін ұйымдарында оқыту іске асырылуда. Алайда, бұл
бағдарлама оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептерге
арналғандықтан мазмұндық, құрылымдық жағынан өте күрделі.
Өйткені,
бағдарламада
Абай
Құнанбайұлының
қазақ
әдебиетіндегі орны, ақындық әлемі, өлең өнеріндегі қайталанбас
өзгешелігі, Абай шығармаларының әдебиетіміздің өркендеуіне
жасаған идеялық-көркемдік ықпалы, қоғам қайраткері Абайдың
гуманист ретінде танылуына бағытталған. Қазіргі таңда оқыту
орыс тілінде жүргізілетін мектептердегі «Абайтану» курстары
да осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып жүргізіледі.
2020 жылы шыққан негізгі орта және жалпы орта білім
беру деңгейінің мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін
тереңдете оқытатын желілік «Абай мектептерінің» 5-9, 10-11
сыныптарына арналған "Абайтану" пәнінен жаңартылған
мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы оқыту қазақ тілінде
жүргізілетін мектептерге арналғандықтан өз тілінде тереңдете
оқитын оқушылар түсіне алатындай етіліп жасалған. Бұнда
Абай шығармаларының идеялық, мазмұндық-құрылымдық
сипатынан
бастап,
стильдік
жанрлық
ерекшеліктерін,
пәлсапалық көзқарастары мен ойларын таразылау арқылы Абай
ілімін терең танытуға тырысады.
Жалпы білім беретін ұйымдарының 5-8 сыныптарына
арналған «Абайтану» курсы бойынша ШҚО аймақтық оқу
бағдарламасы ақын шығармаларын жан-жақты таныту арқылы
елжанды, халқының әдебиетін, мәдениетін, тілін ұлттық
құндылық ретінде бағалай білетін дара тұлға қалыптастыруды
көздейді. Тақырыптық жоспар бойынша мысалы, 7 сыныпта
170
«Абай жолы» роман-эпопеясын оқыту арқылы Абайдың
азаматтық болмысын, замана бейнесін танытуды оқыту орыс
тілінде жүргізілетін мектеп оқушыларына түсіндіру қиындық
келтірері сөзсіз. Ал, 8 сыныпта Абайдың өмірбаяны мен ақын
қалдырған мұраны ғылыми еңбектермен жұмыс жасау арқылы
терең меңгерту күрделі болып келеді. Сонымен бірге осы
бағдарламаның 5 сыныпқа арналған тақырыптық жоспары
Абайдың өмірбаянынан басталып, «Абай жолы» роман-
эпопеясындағы жас Абай бейнесінің талдануы, ары қарай
Абайдың өзге тілдерден жасаған аудармалары мен түсінуге
жеңіл өлеңдерінің бірізділікпен жүйеленіп берілуі оқушының
меңгеруіне өте ыңғайлы.
Барлық қарастырылған бағдарламаларда жас ерекшелігі
көп жағдайда ескерілмесе де Абай шығармаларының мазмұнын
терең меңгерту басшылыққа алынған және осы мақсатқа жете
білген.
Алайда,
орта
мектептегі
«Абайтану»
курсын
оқытубойынша теориялық материалдарды беру жеткілікті
болғанымен, оқушының қабылдауына жеңіл болатындай етіп
жұмыстың практикалық жағын жетілдіру қажет. Бұл
болашақтың еншісінде деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |