Современная наука: новые подходы и актуальные исследования



Pdf көрінісі
бет53/107
Дата21.02.2023
өлшемі4,99 Mb.
#169625
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   107
Байланысты:
тасболатова 249-256 страницы, 2022

» 
[2, с. 105]. 
Шығарма мәтініндегі әуезділік қайталаулар, сөздердің 
ерекше орын тәртібі мен эпитеттердің ерекше орналасуы, 
эллипсис арқылы жүзеге асқан.
 
Үзіндідегі әуезділік терең 
мазмұндық мән жүктеген: оқырманның күнделікті көрінетін 
дүниелердің астарындағы тереңдікті, адам сезімдерінің әлеммен 
жасырын байланысын сезінуге меңзейді. Бұл «таңғажайып, 
мұңды күй» – Шалды еркіндікке, мәңгілікке әкететін, оның 
«жанының сонау шексіздікпен тылсым байланысы».
 
Бұл күй 
оның жанын ғарышпен байланыстырады. 
Повесте Шалдың күрделі тағдыры жазушыны ішкі 
монолог, толғаныс секілді әдеби тәсілдерге еріксіз жүгіндіреді.
 
Монологтың драмалық кернеуі үлкен ойларға мегзейді. 
Авторлық баяндаудан біз болмысты Шалдың өмірге, өнерге, 
махаббатқа көзқарасы, дүниетанымы арқылы танимыз. Шал 
үшін маңыздысы – жүлделер алып, атағыңды шығару емес, 
өзіңнің сүйетін ісімен айналысу, сурет салу. Қожайынның 
шартына сол себепті де амалсыз көнеді. Бірақ өнердің адам 
ақылына сыймас, тылсым, құдіретті күші бар. Дарындылық – 
Құдайдың сыйы. Оны қадірлеп, аялай алмасаң, киесі ұрады. 
Жан-жүрегімен 
салған 
қайталанбас 
таңғажайып 
туындыларының қожайынның қанжығасында кетуі суретшіні 


151 
бейжай қалдыра алмайды. Тағдыр тәлкегіне түскен Шал өз 
еңбегін, таланты мен өнерін қожайынға сатуға мәжбүр болғаны 
үшін ар азабына түсіп, іштей қиналады. Махаббат та, өнер де 
саудаға түскен мына заманда суретшінің де тірлігі үшін 
туындысын біреуге бере салғаны оның жанына қатты батады. 
Әлемде авторы белгісіз таңғажайып өнер туындыларының бар 
екені туралы оймен өзін жұбатпақ болады.
 
Шалдың танымы 
бойынша өмір – аз күндік қызық, ал өнер – мәңгілік. Қорқыт ата 
аңызынан тамыр тартатын «өнер – мәңгілік» философиясы – 
«Сұлу мен суретші» шығармасының да алтын арқауы. 
Шығарма шешімінде шалдың ажалының суреттен келуінің 
сыры бар.
 
Суретшінің қазасы өзі салған «Қуғыншы» суретіндегі 
сойылдың соққысынан болады. Бұл суреттің символдық мәні 
бар. Ол оқиға өрісіне қарай сәл құбылып мәтінде бірнеше рет 
қайталанып беріледі: 
«...
Көз алдына ақ шағи көрпесін қымтана бүркеніп, 
бұйығып жатқан Алтайдың қыземшек жоталары елестеді. 
Үкідей үлпілдеген ұлпа қардың үстінде соңына түскен 
қуғыншыдан құтылмаққа жандәрмен күш салып, бар айла-
тәсілін сарп еткен алтайы қыр сұлуы құйғыта ұшып барады. 
Бірде оңға, бірде солға бір бұлт етіп, одан қалды жалт бұрылып, 
кері қашқанымен де жарау ат мінген қуғыншы қыр соңынан 
қалмай діңкелетіп, өкпесін өшіріп барып тура қара тұмсықтан 
ала темірдей қатты сойылмен сілтеп өткенде түз тағысы екі 
бүктетіліп барып омақаса құлады. Қара тұмсықтан қып-қызыл 
қан дірдектеді... Әппақ қарға қып-қызыл қан тамды...Қып-қызыл 
қан...» [2, с. 117]. 
«Қуғыншы» суретінің шығарманың үш жерінде – 
басында, ортасында және соңында қайталануы сюжеттік 
баяндаумен тығыз байланысты.
 
Бұл суреттің көркемдік қызметі 
маңызды. Ол сюжет түйінінің күрделі және шешуші тұсында 
баяндаудағы ширыққан сәтке эмоциялық ажар береді. Осы ретте 
«қып-қызыл қан» сөзіне айрықша акцент жасалатынын 
байқаймыз. Лейтмотив болған үзіндідегі күшейтпелі сын 
есімдер арқылы жасалған антитеза (қара тұмсық, қып-қызыл 
қан, әппақ қар), бірнеше рет әдейі қайталанған «қып-қызыл қан» 
сөзі символдық, әрі эмоционалдық мән арқалаған. 
Сол арқылы бір-біріне алыстау үш жерде қайталанған 


152 
тұтастай үзінді шығармада ырғақ тудырады.
 
Повестің 
экспозициясында осы суреттің «Ақжаймаға қып-қызыл қан 
тамды» деген сөйлеммен шығарманың шымылдығын ашуы 
болашақ 
жағдайдың 
трагедиялық, 
асқақтық 
табиғатын 
аңғартады. 
«Сұлу мен суретші» повесінде экфрасисті көреміз. Көркем 
шығармада суреттің мазмұнын сөзбен суреттеу экфрасис деп 
аталады. Экфрасис – бейнелеу, кескіндеу өнерінің нысандарын 
әдебиетте сөзбен бейнелі етіп сипаттау, соның нәтижесінде 
образды бір семиотикалық жүйенің (кескін өнері) тілінен 
екіншісіне (әдебиетке) аудару жүзеге асады [3, с. 6]. 
Т. Ахметжан шығармаларына да поэтикалық әуезділік 
байқалады. Ырғақ тақырыпқа байланысты өзгеріп отырады. 
Қаһармандары мен автордың өзінің ой-толғаныстары, сезімдері 
күрделі синтаксистік құрылымдар арқылы беріледі. Ал 
күнделікті өмірдегі тез дамитын тұрмыстық оқиғаларды 
суреттеу үшін дербес жай сөйлемдерді қолданады. «Сұлу мен 
суретші» повесінде шалдың өмір, өнер, махаббат туралы 
толғаныстары басым болғандықтан, шығарма тілі де ырғақты, 
әуезді сипатымен, күрделі сөйлемдермен ерекшеленеді. «Нобель 
сыйлығында», керісінше, оқиға періштенің адамдардың іс-
әрекеттерін сырттай бақылауға, бағалауға құрылғандықтан 
сөйлемдердің қарапайымдығы, құрылымның нақтылығы, 
фразалардың қысқалығы мен нақтылығы оқиғаны даму үстінде 
елестетіп, баяндауға үзік-үзік сипат берген. 
Жазушы тілі бейнелеу құралдарына, эпитеттерге, 
метафораларға бай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет