Современная наука: новые подходы и актуальные исследования


Список использованных источников и литературы



Pdf көрінісі
бет51/107
Дата21.02.2023
өлшемі4,99 Mb.
#169625
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   107
Байланысты:
тасболатова 249-256 страницы, 2022

Список использованных источников и литературы: 
[1] Алексеев П.В., Панин А.В. Философия. Учебник. – М.: 
Проспект, 2020. – 592 с. 
[2] Кузнецов В.Н. Французский материализм XVIII века. – 
Мысль, 1981. – 312 с. 
[3] Матяш Т.П., Жаров Л.В., Несмеянов Е.Е. Основы 
философии. Учебное пособие. – М.: Феникс, 2020. – 314 с. 
© Д.А. Булгаков, А.В. Бологов, В.А. Тупицын, 2022 


147 
ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ 
 
А.К. Ибрайханова, 
филология магистрі, 
аға оқытушысы, 
e-mail: 
akmaral_rollan@mail.ru,
 
«Тұран-Астана» университетінің,
Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы 
 
ТАЛАПТАН АХМЕТЖАННЫҢ «СҰЛУ МЕН СУРЕТШІ» 
ПОВЕСІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
Аннотация: 
мақалада қазіргі қазақ прозашыларының 
ішінен махаббат тақырыбында шығармаларымен қалың 
көпшілікке танымал Талаптан Ахметжанның «Сұлу мен 
суретші» повесінің көркемдік ерекшеліктері талданған.
Түйінді сөздер: 
жазушы қолтаңбасы, рухани құндылық, 
достық пен махаббат, таза сезім, күрделі тағдыр, өнер мен 
сұлулық. 
 
Жазушы Талаптан Ахметжан – қазақ әдебиетінде өз 
қолтаңбасын 
қалдырған 
қаламгерлердің 
бірі. 
Жазушы 
қаламынан «Нобель сыйлығы», «Сынық қанат көбелек», «Сұлу 
мен суретші», «Айсәуле», «Тозақ оты», «Қылбұрау» сынды 
повестер, «Мұң», «О дүниенің қонағы», «Күнәһар», «Айқасқа», 
«Тұма», «Шәрбат», «Қара күз», «Қала мен қария», «Махаббат 
әуені» сынды әңгімелер мен пьесалар туды

Суреткер өз 
шығармашылығына бүгінгі дәуір шындығын, қоғамның ең 
келелі, өзекті мәселелерін арқау етеді. Бүгінгі зерттеуіміздің 
нысанына жазушының «Сұлу мен суретші» повестерін алып 
отырмыз. Мақалада аталған туындылардың көркемдік, тілдік, 
стильдік ерекшеліктері сөз болады. Жазушы қаламына тән сөз 
қолданыстарына талдаулар жүргізіліп, олардың образ жасаудағы 
мүмкіндіктері қарастырылады [1, с. 89]. 
Т. Ахметжан – қазақ прозасында өзіндік қолтаңбасымен, 
ой тұғырымен ерекшеленетін жазушы. Оның шығармаларында 
рухани құндылықтарды жоқтаған мұң, трагизм жатыр. Бүгінгі 
қоғамның рухани жұтаңдығын терең сезіне білген жазушы 


148 
шығармалары осы олқылықтың орнын толтыруды мақсат еткен 
өзекті ойларымен құнды. Жаһандану дәуірінде қоғамда бел ала 
бастаған еуроцентристік көзқарас аясында адамдардың 
дінсізденіп, 
иманнан 
айырылуы, 
рухани 
идеалдарды, 
құндылықтарды аяқ асты етуі жазушыны толғандырады.
 
«Сұлу 
мен суретші» шығармасында адам тағдырының рухани драмасы 
жан-жақты талданады. Повестің негізінде драмалық ширығыс 
пен адамгершілік проблематика жатыр. Шығармада шым-
шытырық оқиғалар тізбегінен гөрі жеке адамның санасындағы 
өзгеріс, рухани қопарылыс, ішкі сезімдік құбылыстар 
талданады.
 
Қожайынның үйінде болып жатқан нақтылы 
оқиғамен қатар қарт суретшінің өткен өмірінен сыр шертуі 
композициялық шегіністер арқылы суреттеледі. Мұнда ішкі 
монологтың бір элементі болып табылатын – еске алу, өткенге 
ой жіберу, шегініс молынан пайдаланылады. 
Шығарма 
композициясы 
қосәлемемділік 
принципі 
бойынша құрылған.
 
Повестің композициялық бітімінде уақыт 
ішіндегі уақытты бейнелеу арқылы қаламгер Шалдың бүгінгі 
пұшайман халі мен бұрынғы бақытты өмір тынысын жинақы 
қалыпта жарыстыра баяндайды. Шалдың өмірін күрт өзгерткен 
белгілі бір оқиғаның ойына оралуы санасының түкпірінде 
тығылып жатқан сан түрлі әсерлердің, ұғым-түсініктердің 
тууына түрткі болады. Ол жас кезіндегі қызықты, бақытты 
шақтарын еске ала отырып, тұңғиық ойға беріледі. Шығармада 
өткен мен қазіргі уақыт жымдасып, өткен күндер елесі кейіпкер 
жадында қайта жаңғырады. 
Шығармада өмірдің өзінде өркен жайған мәңгілік 
трагедиялық қайшылықтарды бейнелеу тәсілі болған контраст 
поэтикасы үлкен көркемдік қызмет атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет